Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту баланы оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол баланы жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков). Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков). Психологтар оқу процесіне баланың іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы балаға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды. Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр. "Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді. Өзекті даму аймағы баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сол себепті бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның педагогдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады. "Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен балаларға есеп шығартады. Е.Ильин балаларға педагогтың өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды. Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Педагог мұнда балаға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Педагогтың жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр баланың педагогтың көмегін алуға әзір тұруы. Дамыта оқытуда педагог жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол балаға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр баланың өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
•теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• баланың ізденуі. Педагогтың өзінің түсіндіруі дамудың қауіпті жауы;
•оқу процесін балалардың сезуі. Бала өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық балаларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу, қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде балалардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды. Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді. Занков жүйесінің басты міндеті баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сол себепті дамыта оқытуды қолданған педагог баладан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді. Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Балаларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп. Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Педагогтың жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Педагогтың сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, баланы өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді. Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ балалардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде педагог сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Балалар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, педагог сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастыруылады. Бала бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім "озат", кім "үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, педагог мен балалар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар сыншыл. [3]
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков балаларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
Қазіргі таңдаРеспубликаның білім беру жүйесінің ең басты мәселесі қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, дамыта оқыту. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрмен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселесі.
Дамыта оқыту күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр баланың өзін өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, педагогтың рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, баланың білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру және огдағы коммуникациялар түрлерінде және т.б.
Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.В.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген жоғары оқу орындарына оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені ұсынылған әдістеме мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, Сол себепті кез келген мектепте әр түрлі ерекше қабілеті бар балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.[4]
Сонымен қосабала тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп педагогдері және көптеген ғалымдар бала тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Бала тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сол себепті, мектептің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін бала тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту білім беру мекемісінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған бала тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Бала тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) оң өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз материалдық және идеялық объективтілердің қамтамасыз, нақты бағытталығын, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында екіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін – өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асу мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп баласы педагогтың баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әртүрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әртүрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу-танымдық әрекет ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі таңдаМәскеуде «Дамыта оқыту» халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың Прзиденті – академик В.П.Занченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқу жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зерханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі профессор Эльконин Борис Данилович болып табылады.
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не баламалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру. [5]
В.С.Лазарев бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет. Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкндік бар. А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген педагог тұлғасы да жай мектеп педагогдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі таңда дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танысал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, педагог берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үрдісі балалардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сол себепті, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемесінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе қайсысынан қандай эелементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.
Бала тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарында негізделген, сыныптық-сабақтық ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Ж.Б.Қоянбаев еңбектерінде «Бала тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан» делінген:
1. Оқыту үдерісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне баланың қызығушылығын тудыру.
Педагог білім бері мазмұнын өңдеп жоспаралағанда оқыту үдерісін бала есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі баланың өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі, жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.[6]
Баланың тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
Жұмысты тексеруде баға баланың жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
«Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс- әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.
Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, бала білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арасында жетуі керек.
Дамыта оқыту идеясы бойынша балаға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Педагог сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағытаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр балаға өз ойын білдіріп пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйретеді. Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірі мен тығыз байланысты: қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.[7]
Достарыңызбен бөлісу: |