50.Оқытудың кіріктірілген (интегративтік) технологиясы. Уақыт жылжыған сайын, қоғам өзгеріп, дамиды. Даму қарқынымен бірге ақпараттар ағымы толассыз жүріп жатады. Осындай даму үрдісін өткеріп жатқан қоғамдағы білім беру жүйесіне де жаңару талабы қойылуы – заңды құбылыс. Жан-жақты ақпараттар ағымымен сусындап жатқан өскелең ұрпаққа оның санасындағы ұғымнан қызығырақ, маңыздырақ ақпарат беру қазіргі таңдағы ұрпақ тәрбиесіне жауапты тұлғалар үшін басты міндет болып отыр. Оқушы танымын кеңейтіп, нақты бір ғылым саласына баулып, дамытатын факторлардың бірі – сабақты тиімді технологиямен өткізу. Осы орайда интегративті оқыту технологиясының маңызы зор. «Интеграция» ұғымы «interer» біртұтас, бүтін деген мағынаны білдіреді. Оқытудағы пәнаралық, ғылым-аралық интеграция оқушылардың жас ерекшелігі мен қабылдайтын ұғымдарының көлеміне қарай артып отырады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесінде көптеген шешімін таппаған мәселелер бар. Солардың бірі -интеграция мәселесі. Оған бағдарламаны құрастырудағы ұқсас және ортақ ұғымдарды кіріктіру, оқытудың әдістерін, түрлерін, формаларын тиімді ұйымдастыру жатады. Интегративті оқыту технологиясы деп – тұтас білім беруде бұрыннан белгілі біртекті және әралуан компоненттердің басын біріктіруге негізделген оқыту үрдісі. Интергативті әдістердің басты функциялары: Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.