60.Бағдарламалап, компьютерлік және қашықтан оқыту Заманға сай озық білім алу үшін әлем ғалымдары компьютерлік бағдарламаларды жетілдіруді және оларды сапалы етуді зерттеп, оқыту компьютерлік бағдарламасына баса назар аударуда. Компьютерлік бағдарламалардың айқындалған қызмет көрсету түрлеріне қарай : оқыту, жүйе, аспаптық, қолдану, арнаулы болып бөлуге болады, бұл аталған компьютерлік бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері бар. Білім беру жүйесінде оқыту,арнаулы және қолдану компьютерлік бағдарламаларын қолдана аламыз. Мәселен қазіргі таңда сабақты түснікті әрі көрнеклік ретінде қолданып жүрген Microsoft Office бүкіл пакеті ( яғни Microsoft Office Excell, Microsoft Office PowerPoint, Microsoft Office Word, Microsoft Office Outlook) бұлардың барлығы қолдану компьютерлік бағдарламасына кіреді. Білімді салыстыра бағалайтын, технологиялар дамып тұрған заманда компьютерлік бағдарламардыңда жұмыс жасау технологиясы күрделеніп оқытушы мен оқушының сауаттылықтығын талап етуде. Интернет қол жетімді және жыламдығын жақсы дамытқан мемлекеттер компьютерлік технологияларды ұтымды пайдалануға көшкен. Кез- келген компьютерлік бағдарламаларды ғаламтор арқылы оны сапалы түрге аустыруға және мүмкіндіктерін кеңейтуге болады. Google компаниясы бізге керемет, қол жетімді бағдарламаларды ұсынады, бұл қосымшалар білім алуды жетілдіруге өз үлесін қосады. Мәселен Google Презентация бізге қол жетімді бағдарламаларға қарағанда сапалы қызмет атқарады, мұнда сабақта оқушыларға қызықты болу үшін тақырыптық слайд ішіне видео немесе аудио қосымшалары арқылы виртуальды сынып құрып бағытқа алған біліміңізді білім алушыға толыққанды жеткізуге мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар алған білімді сараптап бағалау, білім алушының білім деңгейін тексеру мақсатында тест құрастыруға болады, бұлда Google ұсынған компьютерлік бағдарлама арқылы жүзеге асады. Шет елде дуалды оқуға арналған түрлі компьютерлік бағдарламалар бар, барлығы білімді жеткізуге бағытталған. Оқушының деңгейін анықтайтын немесе аралық бақылауды қашықтықтан алуға болады, ол Plickers компьютерлік бағдарламасы арқылы жүзеге асады . Оқушылрға арнайы карталар жіберіліп, өздеріне тиесілі сұрақтарды алады. Бұл бағдарлама оқушылардың қаншалықты білім алғанын және қандай тақырыптардан көп қате жібергенін жүйелі түрде есептеп экран бетіне шығара алады, ал оқушылар бақылауды тапсырғаннан кейін ұзақ уақыт күтпей, өз жұмысының нәтижесін оңай біледі, өзінің қандай тақырыптарға көбірек дайындалу қажеттігін түсінеді. Сонымен компьютерлік бағдарламалардың маңызы ол білім алуды сапалы және оқытушы мен оқушының жұмысын жылдам әрі нақты ету болып табылады. Қашықтықтан оқытуда білімнің қайнар көзін берудің негізі осы компьютерлік бағдарламада болып табылады. Дәстүрлі оқытуда көп мұғалімдер компьютерлік бағдарламаларды оқытумен жиі қолданысқа алмайтын және бұл жағынан сауаттылқты да қадағаламайтын еді, осының нәтижесінде қашықтықтан оқытуда берілетін ақпараттар түсніксіз, әрі білім алушыға жеткен ақпарат өз сапасын жоғалтуда. Мұғалім кез-келген компьютерлік бағдарламаларды сабақ беру бағдарламасына енгізе алады, бастысы оқушының сапалы білім алғаны және оған түснікті болғаны. Компьютерлік бағдарламалардың негізгі рөлі - белгілі бір анықталған міндеттермен, функцияларды іске асыру немесе автоматтандырумен айналысады және пайдаланушының қызметін жеңілдетуі мүмкін.