68.Бастауыш мектептегі оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары
Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптас тыруды көздейді. Осыған орай, оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап, баяндай білуге үйретемін. Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Жұлдызды сәт», «Сақина салмақ» ойын түрлерін қолданамын. 69.Ойын арқылы оқыту. Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралыСабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Достарыңызбен бөлісу: |