74.Оқытудың белсенді әдістері аманауи білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық коммуникативтік технологиямен қамтамасыз етілуін, білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Осы уақытқа дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, ал қазір заман ағымына сай оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгеріп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты - оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.