15. Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру



бет1/4
Дата19.05.2023
өлшемі124,38 Kb.
#95086
  1   2   3   4
Байланысты:
пед сессия 15-28


15. Оқу-тәрбие процесіндегі оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру.
Оқушылардың жас ерекшеліктерінің оқу-тәрбие процесіндегі орны. Дамудың белгілі кезеңдерге бөлінуін, белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас және жеке ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психологияда балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің қоршаған ортамен қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері жетіліп, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал қалыптасу дегеніміз – адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи заңына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Жас ерекшеліктері деп белгілі бір өмір кезеңіне сəйкес анатомиялықфизиологиялық жəне психикалық сапаларды айтамыз. Жас ерекшеліктерінің мəні адамның физикалық дамуы мысалында айқын көрінеді. Бойдың, салмақтың өсуі, тістердің пайда болуы, жыныстық жетілу, т.б. биологиялық процестер сəл ауытқушылықпен белгілі жас кезеңдерінде жүзеге асады. Сол сияқты əлеуметтік жетілу (биологиялық тəрізді қатаң тəртіпте болмаса да), тұлғаның рухани дамуының жастық динамикасы жүреді. Бұл адам дамуының кезеңдерін бөлуге негіз болады.
Қазіргі ғылымда оқушылардың жас ерекшеліктерін кезеңдеудің төмендегі түрі қолданылады (И.П. Подласый):

Оқушылардың дара ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы əсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше əсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тəрбиелік дəрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Адамдағы ерекшелікті дара ерекшелік (индивидуальды), дара ерекшеліктері анық көрінетін тұлғаны – даралық (индивидуальность) деп атайды. Тəрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады. Даралық дара ерекшеліктерден көрінеді. Дара ерекшеліктерге сезінудің, қабылдаудың, ойлаудың, естің, сананың өзіндік ерекшеліктері, қызығушылықтардың, қабілеттердің, темпераменттің, мінез-құлықтың ерекшеліктері жатады. Дара ерекшеліктер тұлға дамуына əсер етеді.

16. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.


Бастауыш сынып оқушысын дамыту мен тәрбиелеудің ерекшелігі. Мұндай жастағы балалардың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезеңімен дамудың келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды. Мектептегі тәрбие оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, бала өмірінің іс-әрекетінің жаңа түрі – оқып-үйрену басталады. Оқу міндетті жұмыс болғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері арта түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге құштар болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы сұрақтары кӛбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті – оқу болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек. Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту үдерісі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді. Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде жеткізуге үйретеді. Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкес болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жиіркену сезімінің пайда болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу және т.б. Осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет