Бастауыш мектеп оқу пәндерін дидактикалық материал дайындау әдістемесі



бет17/32
Дата26.09.2022
өлшемі0,56 Mb.
#40338
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
5-дәріс:
Тақырыбы: Педагог-психолог тұлғасына қойылатын талаптар
Дәріс тезистері:
Психологтың кәсіби іс-әрекеті этика-лық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психологиялық зерттеу әдістерін және әдісте-мелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.
Білім саласындағы психологтың міндеттері және құқықтары мынадай:
- Баланың қызығушылықтарын бел-сене қорғау;
- Өзінің құзыреттілігі негізінде кәсіби шешімді өзбеттілік қабылдау;
- Егер балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері баланың қызығушы-лықтарына сәйкес келмесе әрі зиян келтіретін болса, онда араласуға міндетті;
- Егер әртүрлі медико-психолого-педагогикалық және басқа комиссиялардың бала тағдырын шешуіне байланысты мә-селе туындаса, онда психолог дауыс беруге және әрекет етуге құқығы бар. Егер комис-сияның шешімімен келіспеген жағдайда (екінші жылға қалдыру, басқа мектепке ауыстыру және т.б.) психолог өзінің пікірін жоғары инстанцияларға жеткізуге құқығы бар;
- Балаларға дефектологиялық, меди-цина-психологиялық, соттық – психоло-гиялық сараптаманы жүргізуде және оларды зерттеуде өзі қатысуы міндетті;
- Білім мекемесіндегі әкімшілікке және педагогтар ұжымына негізгі мәсе-лелерді шешуде, оқушылардың психика-лық дамуына және олардың индивиду-алдық мәселелеріне байланысты мәселе-лерді шешуде көмек көрсету.
Қазіргі кезде психодиагностиканың негізгі тәсілі психологиялық тестілеу болып табылады.
«Тест» термині ағылшын тілінен аударғанда «сынау», «тексеру» дегенді білдіреді. Психологиядағы тест бұл зерт- телген қасиеттінің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін психодиагностиканың стандартталған әдістемелері.
Психолог жұмысында зерттеу нә-тижесінің сапалығын арттыру үшін психодиагностикалық әдістемелерге мы-нандай талаптар қойылады:
- Психодиагностикалық және психо-коррекциялық әдістерді таңдауда, нәтиже-лерін қорытындылауда абай болып және баланың құқығын бұзбауы керек;
- Психологиялық білімі және кәсіби дайындығы жоқ адамдар психология мәсе-лелері бойынша психодиагностикалық, психокоррекциялық және басқа жұмыс-тардың жүргізулеріне жол бермеу қажет;
- Кәсіби тәуелсіздік принципін сақтау;
- Ғылыми талаптарға (сенімділік, валидтілік, нақтылық) сәйкес келуі қажет.
Әрбір психодиагностикалық әдістеме ғылыми талаптарға сәйкес келгенде ғана алынған нәтиженің адекватылығына еш күмән болмайды. Алайда кез келген психодиагностикалық әдістемелерді қолда-нушыларға төмендегі ережелерді жадыда сақтаса артық болмас деп ойлаймыз:
- Адамды өзінің келісуінсіз, еркінен тыс немесе алдау жолымен психологиялық зерттеуге мәжбүрлей алмаймыз, тек соттық және медициналық тәжірибе жағдайла-рында ғана мәжбүрлей алады;
- Кез келген адам өзінің зерттеу нәтижелерін білуге құқылы;
- Кәмелетке толмаған балаларды тестілеуде олардың ата аналары тестілеудің нәтижелерін білуге құқылы;
- Зерттеушілерге психологиялық тес-тілеудің қорытындысы ұғынықты әрі жеткілікті деңгейде түсіндірілуі керек;
- Егер тестілеу адамның ақыл ой деңгейін анықтау (конкурстық таңдау немесе жұмысқа орналастыру) мақсатында жүргізілсе, онда зерттелінуші тестілеудің мақсаттарын және нәтижелерге қойылатын талаптарды білуге құқылы;
- Психолог диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерді таратуға және барлығына жария етуге болмайды (егер мәлімет оқушыға және айналасын-дағы-ларға зиян келтірсе, егер зерттелушіге кұ-пиялықты сақтаймын деп кепілдік берсе) құпиялықты сақтауы қажет;
- Психолог психодиагностикалық жұ-мыстың қорытындысының адекватты-лығына жауапты және кәсіби психо-диагностиканың барлық талаптарына сәй-кес келуі керек.
Психологтың ұстанатын этикалық принциптері баланың мүддесін қорғаумен бірге, оның жан дүниесіне зиян келтіруге мүмкіндік бермейді.
Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:
- Ұстамдылық және Шыдамдылық.
- Жоғары мәдениеттілік деңгей.
- Жағдайды талдау біліктілігі.
- Коммуникативтік біліктілігі.
- Мінез-құлықтың икемділігі.
- Кәсіби әдептілік.
- Конфликтология негіздерін білу.
- Өзін ұстау біліктілігі.
- Ұйымдастырушылық біліктілігі.
Әрине жоғарыда аталған кәсіби және тұлғалық қасиеттердің барлығы педагог психологтың жұмыс тәжірибесінде, оның кәсіби іс-әрекетінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Бірақ психологтың кәсі-би іс-әрекетінде диагностикалық, ұйымдас-тырушылық, коммуникативтік, білімділік-тәрбиелік, профилактикалық функция-ларды орындау да жан-жақты білімді, біліктілікті қажет етеді (КЕСТЕ 1).

Кесте 1
Сонымен бірге білім саласында қыз-мет істейтін психолог Қазақстан Республи-касының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әле-уметтік және медициналық педагогты қол-дау туралы», «Бала құқығы туралы»» заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық психология, жалпы психо-логия, жас ерекшелік физиология теория-сын, әлеуметтік психология мен даму психологиясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулық-тарды, психология және педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктерін білуге міндетті.
Әрбір психолог адамның жан жарасын емдеушісі ретінде психодиаг-ностикалық жұмысты жүзеге асыру үшін өзіне, бірінші кезекте белгілі дәрежеде өзінің жеке тұлғасына талаптар қоя білуі керек.
Өйткені, психологтың жұмысы білім ордасындағы баланы жан жақты дамуына ықпал етеді және адам тағдырында маңызды да жауапты орын алады. Тек өзінің кәсіби іс әрекетін дамыта алатын, кәсіби – қажетті деңгейде көмек көрсете білуге дағдыланған маман ғана еңбек нарығы мен қоғам сұранысына ие және білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» деп көрсетілген.
Демек, заман талабына сай болу үшін білім саласындағы қызмет ететін әрбір маман еліміздегі білім саласын оздыра дамытуға ерекше үлес қосу керек деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет