Альбуминдер – астық дақылдарының суда еритін ақуыздары.
Амин қышқылдары – ақуыз құрамына енетін және бос күйінде де көп кездесетін, амин және карбоксил топтары бар азоттық органикалық қосылыстар.
Аминоацил-тРНҚ – активтенген амин қышқылы мен тРНҚ-ның эфирі.
Аминоацил-тРНҚ-синтетаза – амин қышқылының активтенуін катализдейтін фермент.
Аминоацил учаскесі (рибосоманың А-учаскесі) – полипептид биосинтезінде рибосоманың жаңа аминоацил-тРНҚ қосып алатын бөлігі.
Антикодон – ақуыз биосинтезінде матрицалық (ақпараттық) РНҚ-дағы кодонды “тауып алатын” тРНҚ молекуласының бөлігі (триплеті).
Апопласт – судың және ондағы еріген қоректік заттардың сақталуын және өсімдік бойымен тасымалдануын жүзеге асыратын, барлық клетка қабықшаларындағы талшық аралық және клетка аралық қуыстардың тұтасып байланысқан жүйесі (бос кеңістік).