4-дәріс: Тақырыбы: Психологтың кәсіби және тұлғалық қасиеті, кәсібилік этикасы
Дәріс тезистері: Кез келген салада қызмет ететін психолог психологиялық көмек көрсету барысында этикалық принциптерді қолда-нады. Психологиялық көмек көрсету бары-сындағы «психодиагностика» бағыты елеулі орынға ие. Өйткені, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу барысында этикалық принциптерге арқау артпаса, онда психолог психодиагностикалық жұмысы-ның адекваттылығына ешқандай кепілдік бере алмаймыз.
Сондықтан да психологиялық диаг-ностиканың этикалық-құқықтық аспек-тілері психологтың назарын талап ететін өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Жалпы алғанда, психодиагностика - жеке адамның даралық-психологиялық, даралық-психофизиологиялық ерекшелік-терін тану және бағалаудың жолдары мен тәсілдерін зерттейтін психологияның бір саласы болмақ және психологиялық диаг-ноз қоюдың ғылымы мен практикасы бо-лып табылады.
«Диагноз» термині организімнің қа-лыпты қызмет етудің ретінде немесе даму-дың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Диагностикалық жұмыстың мақсаттарына байланысты пси-хологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиет-тері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттелініп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді.
Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдар-ламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет.
Психологиялық қызметтегі диагнос-тиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.
Психодиагностика көмегімен прак-тик психолог мына негізгі міндеттерді ше-шеді (Немов Р.С., 1995):
- Адамда психологиялық қасиет-тердің немесе мінез-құлық ерекше-ліктерінің болуын анықтау;
- Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау (сандық және сапалық);
- Адамда диагносталған психоло-гиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін бейнелеу;
- Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру;
Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды