11-12 жастан бастап екінші саты басталады – Secondary school, орта мектеп. Ол жалпы білім беретін, гимназия, іріктемелі мектеп немесе шіркеу мектебі болуы мүмкін. Шіркеулік –приходтарда құрылған мектептер, іріктемелі мектептерде, мектепке түсер алдында жақсы тапсырған тестке, яғни негізгі пәндер бойынша жоғары бағаға көбірек көңіл бөлінеді, гимназиялар математикаға басымдылық береді.
Бұл сатыда көптеген оқушылар мемлекеттік мектептерден жеке мектептерге ауысады, Ұлыбританияда жеке бастауыш мектептер, әрине бар. Британ жеке мектептері – монархия, театр өнері және рок-музыка тәрізді елдің визит карточкасы. Бүгінгі күні Ұлыбританияда төрт мыңдай жеке мектеп бар, ал олардың алғашқылары бұл жерде монастырлар кезінде көптеген ғасырлар бұрын пайда болған. Шындығында, қазір олардың монастырьға тікелей қатынасы жоқ. Тәуелсіз мектеп – мемлекеттік қаржыландырудан және мемлекеттік білім беру бағдарламасына тәуелсіз екендіктерін білдіріп, оларды осылай да атайды. Алайда жүйелердің оқыту базасы бірдей.
Жоғары мектеп: жоғары оқу орнына дайындау
A-Level сертификат немесе оның халықаралық IB (International Baccalaureate) аналогі – бұл әлі орта мектеп, бірақ университетке түсуге тікелей дайындық. Ол тағы да екі жылға созылады. Осы сатыда оқушылар тағы да өздеріне пән таңдайды, ол оқушыларға жоғары оқу орнына түсетін кезде қажет болады.
Мария Рябова, Hurtwood house жеке мектебінің оқушысы: Әр сыныпта сен түрлі адамдармен оқитының, үйреншікті емес – әрқайсысы әр түрлі пәнді таңдайды, сондықтан біздегі осы «сынып» деген түсінік, мектеп ішінде ары-бері көшіп жүретін өзіңнің кішігірім тобың Англияда жоқ. Сен өзіңмен өзіңсің, сен жалғыз өмір сүресің, нақ оқуға қатысты сен өзіңді өзің қадағалайсың. Сонымен бірге, Ресейге қарағанда бұл жерде оқытушылар мен оқушылар арасындағы қарым-қатынаста барынша татулық бар, сен ешкімге еш нәрсе қарыз емессің, тек өзіңе ғана.
Мектепте мансабыңды (careers department) анықтауға көмектесетін бөлім бар. Әрбір оқушыға жеке тәлімгер тағайындайды, тәлімгермен өзіңнің болашағың туралы сөз ете аласың, ол саған жоғары оқу орнын таңдауға көмектеседі.
Пәндерді еркін таңдау және мектептердің өз оқушыларының жетістігіне мүдделі болуы сабақтан қалуды болдырмайды – бұл тіптен еш керегі жоқ нәрсе, өйткені саған нені оқу керегін сен өзің шештің. Сабақтар үнемі пікірталастар, талқылаулар мен жауап іздеу түрінде өтеді.