Бастауыш мектеп


Мария Рябова, Hurtwood house жеке мектебінің оқушысы



бет3/4
Дата16.03.2023
өлшемі27,92 Kb.
#75014
1   2   3   4
Байланысты:
джт

Мария Рябова, Hurtwood house жеке мектебінің оқушысы:
Әдебиет бізде әрқашан да poem of the day-дан басталатын – менің мұғалімімде түрлі поэмалары бар кітап бар болатын, ол бізге әр күні әр түрлісін жаңасын оқып беретін, сосын біз оны бүкіл сынып болып бес минуттай талқылайтынбыз. Бұл, әрине, ешқандай бағдарламада жазылмаған, жай ғана осындай кішігірім кірістіру, оқытушының еркіндігі. Содан кейін біз, тәртіп бойынша, бағдарламадағы нәрселерді талдайтынбыз, кейде дауыстап рөлге бөліп оқитынбыз, кейде біреуіміз ғана оқитынбыз. Ешқашан ешнәрсені жасауға мәжбүрлемейтін, алайда жеке сұрақтар, әрине, қойылатын. Жалпы, бүкіл сынып жағымды достық пікірталасқа құрылатын, бұл оқушылардың ерікті түрде қатысуына жағдай туғызатын.
3-4 пән, өте сирек жағдайда 5 пән таңдауға болады, оқу аяқталатын кезде олар бойынша емтихан тапсырады, ал университетке түскен кезде баға айрықша өлшеммен қойылады. Әрбір жоғары оқу орнының өз талаптары бар, ол талаптармен алдын-ала танысып алған дұрыс, ондай кезде тағы да careers department көмектеседі.
Ұлыбританияда бағалау жүйесі 100 баллдық:
A бағасы — 100-70 балл
В бағасы — 60-69 балл
С бағасы — 50-59 балл
D бағасы — 40-49 балл
E бағасы — 39 баллжәне одан да төмен
Бағалардың өте нақты өлшемдері бар, сондықтан финалдық баға алу үшін емтиханда қанша балл алу қажет екендігін алдын-ала санап алуға болады: ол барлық емтихандық баллдардан құралады, сонымен бірге әрбір пәннен жылына ең аз дегенде бір емтихан тапсырасың. Оқу кезінде емтихандарды, тек ең соңғысынан басқасын, әрқашан да қайта тапсыруға болады. Барлық оқу орындары дерлік A-level және IB бағаларын қабылдайды және әңгімелесу жүргізеді – бұл сертификаттармен жекелеген оқуға түсу емтихандарын тапсыру қажет емес.
Сингапурдағы білім жүйесі
Білім жүйесінің негізі — ағылшын тілі. Жəне Сингапурдағы білім барлық шетелдіктер үшін қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет