Бастауыш мектепте филология пәндерін оқытудың теориясы мен



бет4/12
Дата11.05.2023
өлшемі402,5 Kb.
#91771
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Áàñòàóûø ìåêòåïòå ôèëîëîãèÿ ï?íäåð³í î?ûòóäû? òåîðèÿñû ìåí

17
W. .
меңгерудің психологиялық кезеңдері
Тілдің грамматикалық жүйесін оқыту оқушылардың ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты болғандықтан, сабақ барысында таным процесінің белгілі әдістерін (даралау жинақтау, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бару, салыстыру) міндетті түрде есте сақтау қажет. Әсіресе, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеруі, көбінесе, төмендегідей тізбектен өтетіні анықталған нәрсе:

Грамматика-лык ү-ғымдар-дың жеке белгілерін
байқау
Ол белгі -лердің көп сөздерге ортақ екенін аңғарып, жинақтау
Грамматик -алық ұғым туралы мағлүматты қабылдау
Бұл мағлүмат
ты жеке
белгілерді ажыратқанда пайдалану


Яғни балалардың таным процесі ең алдымен жеке фактілерді жинақтауға, содан соң жинақталған мағүлматта пайдаланып тілдік фактілерді даралауға қарай бағытталады екен. Бүдан шығатын қорытынды: жаңа грамматикалық ұғым туралы түсінік берген кезде мұғалім балалар танымының жалқыдан жалпыға қарай бару қызметіне сүйеніп, тілдік фактілерді байқату және бір-бірімен салықтыру арықлы эліг белігелерді жинақтауға үмтылады. Ал грамматикалық ұғымды тиісті дәрежеде түсініп болған соң, олардың ой қабілетінің жалпыдан жалқыға қарай бару қызметіне сүйеніп, қабілданған мағлүматты тілдің, сөздердің жеке белгілерін ажырату мақсатында пайдалана білуге үйрету қажет. Бастауыш класс оқушыларының ойлау қызметінің осындай психо=физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты бұл кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту барысы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.


Бірінші кезең - түсіндірілетін грамматикалық ұғымның айқын белгілерін балаларға байқату үшін тілдік материалды талдау. Ол кезеңде оқушылар нақтылы сөздердің лексикалық мағыналарын түсінумен қатар, олардың тілдегі ортақ қызметтерін қүолданудағы үқсас белгелірін дерексіз түрде тануды үйретеді. Яғни талдау мен дерексіздендіру (абстракциялау) сияқты ойлау операцияларын меңегреді. Мысалы, бастауыш класс оқушылары қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен II кластағы «Сөз» тарауынна бастап таныса бастайды. Ең алғашқы тақырып - «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер». Бұл тақырыпты меңгеру үшін оқушылар сөздердің лексикалық мағыналарын
18

түсінумен бірге, олардың нені бейнелейтінін дерексіз түрде тануы қажет. Міне, осы дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім сабақта нақтылы заттар туралы әңгіме (сұрақ-жауап) әдісімен бастайды.

  • Балалар мынау не?

  • Өшіргіш.

Тақтаға өшіргіш сөзін жазып қояды, немесе алдын ала дайындап әкелген жазуды көрсетеді.
- Ал, мынау не?
Балалар бу_л сұраққа тағы да «өшіргіш» немесе «өшіргіштің жазуы» деп жауап беруі мүмкін. Мұғалім олардың жауаптырың түзетеді:

  • Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.

  • Мынау не?

  • Кітап.

  • Ал, мынау не?

  • Кітаптын атын білдіретін сөз.

  • Бү_л сөзге қандай сұрақ қоямыз?

  • He? деген сұрақ қоямыз.

Осылайша мұғалім кім? не? деген сұраққа дауап беретін сөздер тобы болатынын балаларға байқатып, олардың ортақ белгілерін дерексіз түрде тануға үйретеді.
Екінші кезең - анықталған белгілерді жинақтау, грамматикалық ұғымның осы белгілерінің арсындағы өз ара байланысты аңғару, түсіндірілген ұғымның грамматикалық анықтамасымен танысу. Оқушылар бұл кезеңде ойлау процесінің салыстыру және жинақтау сияқты операцйяларын меңгереді. Мысалы. 2- кластағы «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында оқушыларға бірте - бірте адамға қатыста атауларға кім? не? деген сұрақ, жансыз заттар мен құбылыстардың, жан-жануар мен аңдардың атауларына не? деген сұрақ қойылатыны ұғындылады. Содан кейін бү атауларды көпше түрінде кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылатыны түсіндіріледі. Ары қарай кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерге жалғаулар (жіктік, септік, тэуелдік) жалғауы ретінде танылады, т.б.
Бү_л түста аталған тақырыпты меңгертудің мынадай ерекшелігі ескерілуге тиіс: 2-класта оқушылар «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді» 10 сағат оқиды. Берілуге тиіс мағлүматтар мен дағдылардың көлемі де біршама. Сондықтан мұғалім мағлүматтар мен дағдыларды жүйелеп, грамматикалық ұғымның әр бір жаңа белгісі үйретілгеннен қейін оны алдынғы оқылған- материалмен байланыстыра жинақтап отыруы қажет.
Үшінші кезең - грамматикалық ұғымның анықтамасын түсіндіру, ортақ белгілердің мәні мен олардың арасындағы байланысты нақтылай түсу. «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер»
19
тақырыбын оқыту барысында «адамға қатысты сөздерге кім? не? сұрақтары қойылады.» деген анықтаманы толық түсіне бермейді. Олар көбінесе бұл сұрақ кісі аттарына қойылады деп түсінеді. Сондықтан оларға адамға қатысты сөздер деген ұғымды кеңейтіп түсіндіру қажет: кісі аты жөнінде, мамандықты немесе кәсіпті білдіретін сөздерге, туыстықты білдіретін сөздерге, адамға қатысты басқа да атауларға арнайы уақыт бөліп, тоқталған жөн. Бұл оқушылардың таным мен сөздік қорын дамытады, әрі түсіндіріліп жақтан грамматикалық ұғымды жақсы меңгеруге эсер тигізеді.
Төртінші кезең - түсіндірілген грамматикалық ұғымды жаңа тілдік материалдар негізінде пысықтау, берілген білімді жаттығуларорындау арқылы іс жүзінде қолдану; осы тақырып пен басқа да грамматикалық ұғымдар арасындағы байланысты меңгерту.
Бұл кезеңнің мақсаттары түсіндірілген грамматикалық ұғымды пысықтау жаттығулары арқылы, жинақтау мен қайталау сабақтары барысында, кейінгі тақырыптарды өту кезінде орындалады. Мысалға, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты тақырыбын оқыту барысында түсіндірілген грамматикалық ұғымдар әр түрлі жаттығулар орындату арқылы пысықталады. Оқушылар сөздерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтарды қойып үйренеді. Ал жинақтау мен қайталау сабақтары барысында берілген сөздерді қай сұраққа жауап беретініне байланысты топтап, немесе берілген сұрақтарға сай сөз ойлап жаттығады. Жалғауларды дұрыс, қатесіз қосып жазуға дағдыланады. Сөйлем ішінен атауды білдіретінсөздерді табады. Кейін «He істеді? неғылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» немесе «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқушылар атау сөздер мен қимылды білдіретін сөздерді тіркестіріп, сөйлемді дұрыс қүрауды, сөйтіп, өз ойларын дұрыс айтуды салалы түрде меңгере бастайды. \
Белгілі бір грамматикалық ұғымды оқытудың өз кезеңдері әр класта қайталанып отырады. Себебі бастауыш класта оқытылатын грамматикалық ұғымдар кластан класқа өткен сайын бірте - бірте күрделендіріліп, сабақтастыра берілген.
Тілдің ойлау және қарым - қатынас құралы ретіндегі қолданылуы оның морфологиялық жүйесінде болатын өзгерістерге тікелей байланысты. Адамның сөздік қоры қаншама бай болса да, егенр ол өзі білетін сол сөздерді бір-бірімен байланыстырып қолдана алмаса, білгеніінің бәрі босқа қалар еді. Сөзден сөз тудырып, оларды жалғаулар арқылы бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлем ішінде әрқайсысын орын-орнына қою үшін көптеген морфологиялық заңдылықтарды білу қажет. Атап айтқанда, олар мыналар:

  1. сөз қүрамы;

  2. сөздердің жасалу жолдары;

20

  1. жалғаулардың жалғаны тәртібі;

  2. сөз таптары және олардың қызметі;

  1. әрбір сөз табына жататын сөздердің түрлену және өзгеруі,
    т.б.

Оқушылардың қазақ тілінің морфологиялық жүйесімен кейінгі кластарда (6-7 кластар) тереңірек танысатыны белгілі. Бірақ бү_л жүйеден қарапайым мағлүматты жоқ бала басьтауыш кластарда меңгеруге тиіс сөйлеу мен жазу дағдыларын мүлде игере алмас еді. Сөзге қосылатын тиісті қосымшаны дү_рыс қоса алмаған оқушы қалай сауатты жазбақ?! Немесе заттың атын бідіретін сөз бен сол заттың сынын, қимылын білдіретін сөздердің бір-бірімен байланысу тәртібінен хабарсыз бала қалайша дұрыс сөйлем құрап, өз ойын анық жеткізе алады?! Ал сөйлеу дағдысы дамымаған баланың ойлау қабілетінің дамуында тежелу болатыны психолог ғалымдар айтып, жазып жүргені де белгілі. Демек, бастауыш кластарда тілдік морфологиялық жүйесінен мағлүмат беру ісі тек жеке пәндік тұрғыдан ғана маңызы емес, бұл — осы кластардағы оқыту процесін-ің табысты болуының кепілі. Сондықтан «бастауыш кластарда оқушының ана тілінің морфологиялық жүйесін міндетті түрде оқыту керек пе?» деген сұрақтың жауабы біреу ғана: - «Иэ, міндетті түрде оқыту қажет. Бірақ қай кластан бастап және қандай дәрежеде мағлүмат беру керек? Міне, бү_л күрделі мәселе...»
Бастауыш кластарда берілетін морфологиялық білім мазмұнын дэл анықтаудың күрделілігі мынада:

  • егер оқушының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін
    ескермей, берілетін теориялық ұғымдардың көлемін көбейтіп
    жіберсек, оқытудың ісін ауырлатып алар едік. Әрі бұл таза
    теориялық мағлүматтарды меңгертуге айналып, басты мақат
    балалардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдысын қалыптастыру
    мақсаты кейінге ығыстырылар еді.

  • керісінще, оқушылардың іс жүзілік дағдысын қалыптастыруға
    көп көңіл бөліп, берілетін теориялық білімнің көлемін
    ықшамдайға тырыссақ, онда балалардың сөйлеу және жазу
    дағдысының дамуына нүқсан келер еді. Себебі тілдегі
    заңдылықтарды меңгермей тұрып, дұрыс сөйлей немесе жаза
    білу мүмкін емес.

Демек, бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесінен берілетін теориялық мағлүматтар мен іс жүзілік дағдыларын үйлесімді дэл табу қажет. Әрі бұл үйлесімнің әр кластағы морфологиялық ұғымдардан кейін оқылған «Сөйлем» тарауындағы тақырыптарға да сай келіп отыруы талап етілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет