I 32 бастады, оқып отыр, оқып болды, тікті - тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады т.б. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Ал 354 -жаттығу дара етістікті үлгі бойынша күрделі етістікке, айналдырып жазумен бірге, «күреді, үйді, күйді, сүзді, үшты» етістіктерің орфоэпиялық ерекшеліктерін байқатуды, сол арқылы сауатты жазуға үйретуді мақсат етеді.
357-жаттығу де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқушылардың сөз мағынасы туралы алған білідеріне сүйеніп, берілген етестіктердің мағынасын түсіндіру, оларға қарама-қарсы етісікті табу талап етіледі.
Мысалы, жапты - ашты.
байлады — шешті т.б.
358-368-жаттығуларда негізгі тақырыпқа байланысты тапсырмалармен бірге оқушылардың сөз мағынасы, мэтін, сөйлем тақырыптарынан алған білімдерін пысықтап бекітуге арналған тапсырмалар да берілді. Олар оқулықтағы әр жаттығудың түсында анық көрсетілген. Мұғалімнің міндеті — бір жаттығуданығ тапсырманың мәнін дұрыс түсініп, соны оқушыға меңгертудіңтиімді жолын тандау.
Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.
2-сыныпта «Сын есімді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.
1. Сын есіМді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту.
2. Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға
үйрету.
Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап
айтуға баулу.
Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдеріндемағынасына
қарай дэл тандап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған
ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін
бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.
Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс
369-370 жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін, мағыналарын ай-гқызу арқылы оқушылардың заттын сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Одан әрі ұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.
Мысалы, мұғалім алманың суретің көрсетіп, оның не екеін айтқызады дэмі, түсі, пішіні қандай екенін сүрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. Нэтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дэмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп