«Бастауыш мектепте критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретінде



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі11,64 Kb.
#128680
1   2   3
Байланысты:
«Бастауыш мектепте критериалды бағалау» жоо-дағы оқу пәні ретіÐ





КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ


Бағалау құралдары

Бағалау үдерісі

Бағалау стандарттары


Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады

Нәтижесі


1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулық- әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты;


  • Оқу бағдарламасы;


  • Оқу жоспары;


  • Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды өткізу тәртібі;


  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;


  • Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық;


  • Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;


  • Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын анықтайды.


Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды. Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы анықталады.

Оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді, мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптар бойынша берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет