Байланысты: Бастауыш мектепте математиканы о ыту практикумы Емтихан с ра тар
Бастауыш мектепте математиканы оқыту практикумы
Емтихан сұрақтары
1-деңгей.
Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен шығар.
15*(28+72) 25*(4+400)
Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен шығар.
(30*5):5 (32*8):8
Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен шығар.
15*(28+72) 25*(4+400)
Түрлендір.
9т 56кг = … кг 92ц 83кг= … кг
6сағ 7мин = … мин 5тәул 3сағ 17мин =… мин
Түрлендір.
12т 5621кг = … кг 982ц 8кг= … кг
56сағ 1мин = … мин 25тәул 0сағ 8мин =… мин
Түрлендір.
1ғас.5ай = … ай 74ц 301кг= … кг
34ай 7тәул = … тәул 5дм² =… см²
Үш өңірде 11898 көл бар. Көкшетау өңірінде 1896 көл, Солтүстік Қазақстан өңірінде одан 356 көл артық, қалғаны Қостанай өңірінде. Қостанай өңірінде неше көл бар?
Атырау өңірінде 2150 көл бар. Семей өңірінде одан 1186 көл кем, ал Ақтөбе өңірінде Семей өңіріндегіден 784 көл артық. Үш өңірде барлығы неше көл бар?
Шаршы пішінді қатты қағаздың ауданы 16дм². Оның қабырғасын тап.
Куб пішінді жәшіктің көлемі 64дм³. Оның қырын тап.
Тік төртбұрыш пішінді алаңның ұзындығы 125м, ауданы 10500 м². Осы алаңның периметрін есептеп шығар.
Шебер 1 сағатта – 20 бұйым, ал шәкірті 15 бұйым жасайды. Олар екеуі бірігіп 3 сағатта, 8 сағатта, 20 сағатта неше бұйым жасайды?
Бір тәулікте ересек адамның өкпесі арқылы 20 кг, ал баланың өкпесі арқылы 10 кг ауа өтеді. 1 аптада, 1айда, 1 жылда олардың өкпесі арқылы неше килограмм ауа өтеді?
20 кг қаймақтан 4 кг май алуға болады. 50 кг қаймақтан неше килограмм май алуға болады?
Бөлуді бұрыштап орында және оны тексер.
592:74 268:67 522:6
Көбейтуді бұрыштап орында және оны тексер.
73*56 48*65 64*53
Қалдықпен бөлуді орында.
4092:56 4097:73
Қалдықпен бөлуді орында.
3398:64 3395:53
Бірінші кесіндінің ұзындығы 15 см, екіншісінікі мұның үштен біріндей. Үшінші кесіндінің ұзындығы бірінші және екінші кесінді ұзындықтарының қосындысындай. Үшінші кесіндінің ұзындығын тап.
Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.
а-ны 21 мен 5-тің көбейтіндісіне көбейт, мұндағы а=75, 750, 7500.
Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.
b-ны 9 бен 4-тің көбейтіндісіне бөл, мұндағы b=720, 3600, 72.
Өрнек түрінде жаз және мәнін тап.
а-ны 45 мен 5-тің көбейтіндісіне көбейт, мұндағы а=123, 1234, 12345.
Теңдеулерді шеш.
7 т 17 ц 5 кг 3000г * 7 т 17 ц 5 кг 3001 г
Салыстыр:
62 т 8 000 000 г * 43 т 180 ц 90 кг 1 г
Бір кірпіштің массасы 4 кг. Неше кірпіштің массасы 3 т болады?
40 дән 5 г тартса, неше дәннің массасы 100г болады?
2-деңгей.
66509 + 41200 :(39839-39736) -65548
(6656:512+28) * (1524:127-7)-150
(4992:384-8)*(8496:236+15)+145
(38*216:57+3780:108-10):13
5007*(11815:85-(4806-4715))
Бір орамда 58 м мата. Екіншіде – 62 м бар. Барлық маталардан оқушылар формасы тігілді. Әрқайсысына 3 м матадан жаратылды. Қанша форма шықты?
Екі ағайын түске дейін 58 кг картоп қазды, ал түстен кейін – 62 кг қазды. Барлық картоп 3 қапқа тең бөліп салынды. Әр қапқа қанша картоп салынды?
Жүк таситын машина 8 сағатта 280 км, ал жеңіл машина осы қашықтықты 4 сағатта жүрді. Жүк таситын машинаның жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан қанша есе кем?
Велосипедші 3 сағ – 57 км, ал мотоциклші – 2 сағ – 71 км артық жүрді. Велосипедшінің жылдамдығы мотоциклшінің жылдамдығынан қанша км кем?
Бақша жерінің ұзындығы 40м, ал ауданы – 8 соттық (1 соттық – 100м²). Осы жер айналасының ұзындығы қанша?
32068 саны берілген. жаңа санды дәл сол цифрлармен, бірақ кері ретімен жаз. Берілген сан жаңадан берілген саннан қанша артық?
40800*(3500:70):100-328*60
1321+(1600-600*2550:1000)-8097
8000:4:20-1*(20*7-50)+0:(705-5)
(90*50):100+(5*60+0*1):10-10*(9*9:27+2)
Асан бір санды ойлап, оны 6-ға көбейтіп, 40-қа бөліп, 65-ті қосты және 18-ге азайтты. Нәтижесінде 50шықты. Асан қандай санды ойлады?
Бану бір санды ойластырып, оны 7-ге бөліп, 1000-ға көбейтіп, 654-ті азайтып, 108-ді қосты. Нәтижесінде 8454 шықты. Бану қандай санды ойластырды?
Үшбұрыштың бір қабырғасы 78 см-ге тең, бұл екінші қабырғасынан 16 см-ге кем. Үшінші қабырғасы бірінші және екінші қабырғаларының ұзындығынан екі есе кем. Үшбұрыштың периметрі нешеге тең?
Үшбұрыштың периметрі 194 дм. Бір қабырғасы 70 дм, ал екіншісі біріншіден 12 дм-ге кем. Үшінші қабырғасының ұзындығы бірінші мен екінші қабырғаларының қосындысынан қанша кем?
Қанша уақыт өтті? 9 сағ 05 миннуттан 13 сағ 20 минутқа дейін.
Қанша уақыт өтті? 21 сағ 30 миннуттан келесі күнгі 8 сағ 45 минутқа дейін.
Қанша уақыт өтті? Таңғы 10 сағ 45 миннуттан кешкі 7 сағ 47 минутқа дейін.
Қанша уақыт өтті? Кешкі 10 сағаттан 4 сағатқа дейін.
Сандарды арабша цифрлармен жаз.
XIV, XXI, CXLVI, CCCLXIX, DCXII, MCDVIII
Сандардың көне орыс жазба жүйесінде кейбір сандар былай берілген: ФЛВ – 532, ФМД – 544, РКВ – 122, ХМЕ – 645, ТЛЕ – 335.
ХКД, ЕЛВ, ТЛМ жазбалары қандай сандарға сәйкес болған?
А=38˚, K=115˚, B=90˚, F=3˚, C=152˚, M=146˚, D=71˚. Осы бұрыштардың қайсысы сүйір, тік, доғал бұрыштар?
Қаһарлы Айдаһар дүние жүзін кешіп, ханшаларды алып қашқан. Бірінші жылы ол 312 ханшаны, екінші жылы – бірінші жылдан 2 есе кем, ал үшінші жылы – екінші жылға қарағанда 28 ханша артық алып қашқан. Егер одан 652 ханша қашып құтылған болса, Айдаһарда қанша ханша қалды?
Қарға – 50 жыл, қой одан 2 есе кем жыл өмір сүреді. Жылқы қойдан 5 жыл кем, ал көртышқан жылқыдан 10 есе кем жыл өмір сүреді. Көртышқан қанша жыл өмір сүреді?
Тышқан өріспен жүгіріп жүріп әр масағында 40 дәні бар 6 масақ тауып алыпты. Бәліш пісіру үшін 30 дән қажет. Табылған масақтардан тышқан қанша бәліш пісіре алады?
Димаш пен әкесі саяхатқа шықты. Олар катермен 1 сағ20мин., кейін саябақпен 2сағ45мин., серуендеп 40мин., түскі асын ішіп, үйге 2сағ10мин жаяу қайтты. Үйге дейін кешкі сағат 5-те жетті. Олар үйден қай уақытта шыққан?
3-деңгей.
Есепте.
24:2*3:18 + 82:41*39:13*5 + 95:19*18:6*4 - 75:15*12:20*27
10 теңге, 20 теңге жіне 50 теңге тиындары арқылы 100 теңге шығарудың мүмкін болатын жағдайларын құрастыр.
Қағазды екі қиылыспайтын түзу сызықпен неше бөлікке бөлуге болады?
Әлия партада отыр, алдынан санағанда екінші және артынан санағанда төртінші. Оның қатарында неше парта бар?
1-ден 100-ге дейінгі барлық сандарда неше нөл бар?
Бірінші қорапта 4 балапан және 2 қоян отыр, ал екінші қорапта 5 балапан отыр. Қайсысында көздің саны көп және қаншаға артық? Қайсысынды аяқтың саны артық және қаншаға артық?
Қораптан 3 балапан алды да, оған 3 қоянды қамап қойды. Аяқтардың саны қалай өзгерді?
Шаршының 9 торында 1-ден 9-ға дейін сандар орналас-тырылды. Бірінші тізбектің сандардың қосындысы 11-ге тең. Екінші тізбектегі сандардың қосындысы 10-ға тең. Қандай сандар 3-ші тізбекте орналастырылды?
Ғәлия мен Қайратта 8 ойыншық бар. Ғәлияға тағы 2 ойыншық сыйға тарту етілді. Ғәлия мен Қайратта қоса есептегенде неше ойыншық бар?
Әкесі мен ұлының жасын қосқанда56 жас болады. Әкесі ұлынан 32 жасқа үлкен. Әр қайсысы неше жаста?
Әкесі ұлдары мен үшдоңғалақты және екідоңғалақты велосипедтерді тепті. Барлығы 7 доңғалақ болды. Неше үшдоңғалақты велосипед болды? Әкесінде неше ұл бар?
Үш оқушы 14 бүктеме сатып алды. Қайрат Санжардан 2 есе кем бүктеме сатып алды, ал Жомарт Қайраттан артық, Санжардан кем бүктеме саты палды. Әрқайсысы неше бүктемеден сатып алды?
8 кг, 5 кг және 3 кг үш жүктер берілген. Осы жүктер арқылы қалай массасы төменде көрсетілгендей ұнды өлшеп алуға болады?
Аю орманға бал іздеуге кетті. Бүкіл серуеніне 45 минут уақыт кетті. Барып қайтуына ол 30 минут жұмсады, 5 минут уақытын аралардың көзіне түспеуге жұмсады,Содан-соң ол ағашқа мінді жолға жұмсаған уақыттың жартысын соған жұмсады. Аю бал алуға қанша уақыт жұмсады?
10 қалам және 5 фломастер үшін Иман 220 тенге төледі. 4 фломастер сатып алынған заттардың жартысына тең. Ендеше 1 фломастер, 1 қалам неше теңге тұрады?
Бірінші жолдың ұзындығы 45 шақырым.Оның 1/5 бөлігіне асфальт құйылған, екінші жолдың ұзындығы 70 шақырым.Оның 1/7 бөлігіне асфальт құйылған. Қай жолға қанша асфальт артық құйылған?
Гүлнұр өз ойыншықтарына қарап ойланды: « Егер менің
ойыншықтарыма тағы 1/3, тағы 16 құыршақ қосса, онда менде жүз ойыншық болушы еді» Гүлнұрда алдында қанша ойыншық болған
Сыныпта емтиханды 24 оқушы қазақ тілінен тапсырды, ал 25 оқушы емтиханды математика пәнінен, сонда 22 оқушы екі емтиханды тапсырды.Егер әрқайсысы бір емтиханнан тапсырса, онда сыныпта неше оқушы бар?
Асханада бір күнде 36 тұшпара порциясы сатылды, ал тұшпарадан күріштің 3 есе кемі сатылды ,ал күрішке қарағанда субүйректің 41 порциясы артық сатылды. Жалпы асханада қанша тұшпара, күріш,субүйрекпорциялары сатылды?
Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?