Арнайы қағидаттар:
Қарым-қатынас жасауға бағытталған қағидат қазіргі заманға әдістемелік негізгі принцип болып есептеледі. Бұл қағидат бойынша оқушыларға ағылшын тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу іс-әрекеттері арқылы ауызша сөйлеуді арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге асырылады.
Яғни, ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы аяқталғанша сөйлесу, әңгімелесу арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс.
Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір түріне тән таңдау іс-әрекеті, лексикалық-грамматикалық сипаттамаға сай болады. Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға үйрену, сөзге, грамматикаға, сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу іс-әрекеті қоса жүреді. Шет тілге үйренудің алғашқы қезеңінде бөліп оқыту немесе біріктіріп оқыту негізінде іске асады
Үшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша , барлық , грамматикалық , лексикалық, орфографиялық қиындықтар ана тіліндегі баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі білімі ескеріле үйретіледі.
Жалпы әдістемелік (дидадикалық)қағидаттар. Негізгі принципі – тәрбиелеп оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде оқыту мен қатар тірбиелік мақсат та көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену оқушының эстетикалық еңбек, саяси –идеялық мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, ағылшын тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде өзін-өзі жетілдіруді талап етеді.
Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл бөледі, себебі пән игеруде сана оқушының интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны игеру іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип бойынша оқыту әрекеті бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады.
Белсенділік қағидаты ұғынып, түсіну принципімен тығыз байланысты. Ағылшын тілін үйрету үшін әрбір оқушының белсенділігін көтеруде бұл принциптің алатын орны зор. Бұл принцип бойынша оқу процесіне әрбір оқушы бар ынтасымен, қызығушылығымен қатысуы ктиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |