«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет12/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

-мақтау

-жазалау
Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады.
Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:

Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз қалайтын шарттар:
-жазаның ұжым тарапынан туындауы;
-жазаның нақты болуы
-жазаның міндетті түрде орындалуы;
-оқушының не үшін жазаланғанын түсінуі;
-тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;
-жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;
-жазаның қате қылықтарды толық түсіну негізінде орындалуы;
-жазаның өш алу құралы болмауы;
-жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы;
-балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау.

26 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін , үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет