Жас ұрпақты жан-жақты, ақылды, парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың өзекті мәселесі. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыруда, мектеп пен отбасылық ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші негізгі роль атқарады. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.
І. Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының негізгі міндеттері. -Сынып жетекшінің сынып ата-аналарының құрамын зерттеуі.
-Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату.
-Мектеп пеен отбасының балаға қоятын талаптарының бірлігі.
-Ата-аналар ұжымын құру.
-Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Үштік одақ (бала, ата-ана, мұғалім) жұмысын жандандыру. ІІ. Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын қызметі. -Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру.
-Ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру.
-Ата-аналарды балалармен бірге педагогикалық әрекетке тарту.
-Отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру.
-Ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.
25 Ынталандыру және жазалау әдістері Кез келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы жеке тұлғаның мотиві, яғни түрткісі неғұрлым күшті, өз қызығушылығынан туындаса, онда алдында кездескен кедергілерді, қиындықтарды жеңіп, өз мақсатына жетуді көздейді. Іс-әрекетті тудыратын түрткі мен ынталандыру тығыз байланысты. Ынталандырудың түрлі әдістері бар.Жазалау - оқушының қоғамдық қалыптарды бұзу іс-әрекеті мен қылықтарына қарсы қолданатын шара. Жазалау арқылы оқушының іс-әрекеті реттеледі. Жазалау баланың моральдық және тәндік жағына ауыртпалық түсірмеуі тиіс. Жазалауды күш көрсету деп түсінбей, оқушыға өзінің ұжымнан уақытша болса да бөлініп қалғанын сезіндіруі керек. Жазалау формасының бірі түрі - мұғалім мен сынып ұжымының оған деген қарым-қатынасын өзгертуі. Жазалау әдісін қолдану балаға тәрбиелік ықпал ететін өте нәзік дүние, сондықтан мұғалім оны дұрыс қолдана білгені жөн. Кез келген жазалау формасын қолдану үшін тәрбиеші қоғамдық тәртіптің не үшін бұзылғанын, оның себеп-салдарын, туындау жағдайын тексеруі қажет. Жазалау ұжымның қоғамдық пікіріне сәйкесуі тиіс.
Мақтаудың түрлері: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
1) Балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
2) Мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
3) Мақтаудың қылық-ісіне сай болуы.
4) Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
5) Мақтаудың шындыққа негізделуі.
Ынталандыру әдісі