Әліппе оқулығынан «Ауладағы дыбыстар» тақырыбына байланысты, «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?» ойынын ұйымдастырудың жоспарын жасау
Ат, ботақан, қой, сиыр суреттерің балаларға таратып береді, осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
- Қой «мә - мә» деп маңырайды;
- Сиыр «мө - мө» деп мөңірейді;
- Ботақан «бө - бө» деп боздайды;
- Ат «икикики» деп кісінейді.
Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.
«Бастауыш сыныпта қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі» Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің жасалу жолдары
Тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі
Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамныңпсихологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді,
Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр
Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора,метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады.