Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың ролі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:
проблемалық оқытуды қолдану
алгоритмдік оқыту
оқытуды ақпараттандыру
пәнаралық кіріктіру
Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал –жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.
Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:
Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.
Ойды логикалы түрде дамыту.
алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.
Компьютерді үйренудің оңай жолдары іздеу.
Адамның жас ұрпағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып коятыны белгілі. Сондықтан қазіргі акпараттық қоғамдағы өмірге балаларды дайындау үшн олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлшегі -ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетш негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.
Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттык мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:
• сезімді ынталандыру;
• білім, білік дағдыларын дамьпуға қызығушылығын арттыру;
• жауапкершігі мен міндеттерін қалыптастыру:
• есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
• логикалық жәнс ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.
Акпараттық мәдениет негіздері курсын оқытудың негізгі нәтижелері дегеніміз оқытудың төмендегідей қасиеттерін жетілдіру болып саналады:
• ақпараттык обьектілерді мұғалім ұсынған мәтіндік, бейнелік және ақпараттың жиыны ішінен іздеп табу;
• мұғалімнің жетекшілік етуімен кез келген объектілер мен процестерді байқау, тіркеу, сипаттау және өлшеу жүргізу;
«ақпараттық объектілерді тікелей қабылдау, түсінік беру, таңдап алу және бағалау, бір-бірімен байланысын анықтау;
• қойылған талапқа сай объект мысалын тұрғызу.
Мұндай қасиеттерді оқушы бойына қалыптастыру жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін өте кажет.
Компьютерді оқыту және бакылау үрдісін пайдалану кезіндегі негізгі әдістемелік принцип оның қалыпты оқыту және бақылау тәсілдерімен үйлесімділігі болып саналады, Сондықтан сабақты жоспарлау барысында осындай бағдарламаларды бұрынғы оқыту құралдарымен тиімді түрде араластырып пайдалану қажет. Компьютерлік бағдарламалардың өзі оқушыға керекті мәліметтерді беріп, белгілі бір кезекпен оның орындайтын тапсырмаларын анықтап, дұрыс шығарылғанын тексеріп, қажетті көмекті де беріп отырады. Мұнда оқыту ісі мұғалімнің қатысуынсыз интерактивті режимде жүргізіледі, оқытушы тек бағдарламада қарастырылмаған жағдайлар кездескенде ғана көмек бере алады.
Осы айтылғандарды негізге ала отырып, бастауыш сыныпта ақпаратгық мәдениетгі қалыптастыруда "Ақпарат" оқу бағдарламасы жасалды. Онда мынадай тақырыптар қарастырылған:
1. Жалпыдан жекеге өту;
2. Жекеден жалпыға өту;
3. Негізгі қасиетін белгілеу;
4. Образдық ойлау.
Жалпыдан жекеге өту тақырыбында үш сурет берілген. Оның ішінен белгілі бір нысанды айырып айту керек болады. Мұндағы мақсат нысанды топтарға бөліп, оларды белгілеріне қарай ажырата, жіктей білу. Нысанды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әр сұраққа дұрыс жауап бермесе келесі сұраққа өтпейді.
Нысан және оның қасиеттерін ажырата білу
Жекеден жалпыға өту тақырыбында белгілі қасиеттері бойынша жиын элементтерін бөліп алуды үйретіп, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Мақсаты, ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу немесе белгілерін анықтай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |