«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»



бет30/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
VII.  Сабақты қорытындылау.

- Балалар бүгінгі сабақтан не білдік, қандай есептің түрімен таныстық? 


- Математиканың қандай бөліміне тоқталдық?

- Сендегрге әсіресе қандай комбинаторикалық есепті шешкен ұнады?


- Аружанға көмектесе отырып біз өзіміз не үйрендік?

Аруна есімді құрбыларың сендерге таңдау бойынша орындап келуге екі түрлі үй тапсырмасын беріп кетті.



VIII. Үй тапсырмасы: (таңдау бойынша)

- Егер сендерге бүгінгі сабақ өте ұнаса бәрі түсінікті болса онда дәптердегі 6-шы тапсырманы орындаңдар.

Ал егерде сендерге бір түсінбейтін мәселелер туындаса, әлі де болса сұрақтарың бар болса онда 5-ші тапсырманы орындап келіңдер.

Ал бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысқан Арман мен Асылдың еңбегін бағалап Аружан оларға қызыл шар, жақсы қатысып белсенділік көрсеткендерге қызғылт шар, ал қалғандарыңа жасыл шар сыйлады.

- Сендерге бүгінгі сабақ үшін көп рахмет балалар, маған сендермен жұмыс жасаған өте қатты ұнады.

Бірінші сабақтан көріп отырғанымыздай мұғалім ақпараттық коммуникациялық құрылғылар – интербелсенді тақта мен мультимедиялық проекторды пайдаланған және сол құралдың көмегімен оқушыларға жаңа сабақты түсіндіруге тырысқан. Интербелсенді тақтаның көмегімен «Paint» графикалық редакторының жұмыс жасау ережесін практика жүзінде демонстрациялап көрсете алған. Мұндай сабақтардың тек сөздік әдіс пен визуалды көрнекіліктер қолданылып өтілген сабақтардан ерекшелігі өте зор. Олай дейтініміз атап өткен әдістегі сабақ тек елестету арқылы ғана жүзеге асырылса, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып өтілген сабақтар оқушылардың болып жатқан құбылыстарды тек ойша елестету арқылы ғана емес көзбен көре отырып өзі практика жүзінде жүзеге асыра алатындығында.



Ал өзімнің сабағыма келетін болсам оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың интерактивті тақтадан үлкен өлшемде бейнеленгені және оны сол жерде орындап барлық балалрдың тапсырма нәтижесін бір мезгілде көріп бағалап отырғандығымен қызықты болды деп ойлаймын. Сонымен қатар түстер палитрасы арқылы суреттегі шарларды түске бояу, есеп мәндерін кестеге қалам арқылы жазу қызықтырғаны байқалып тұрды. Тағы бір нәрсені айтып кетер болсам каллиграфиясы жаман балалар тақтадағы жазуларын өте бір сақтықпен, әдемі жазуға тырысып бақты. Бұл еңбегінің нәтижесіне бүкіл сынып баға беретіндіктен жіне жазуының нашар екендігіне намыстанып түзетуге тырысқандығы деп ойладым. Сонда ақпараттық коммуникациялық технологияның оқушылардың тек білім, білік, дағдысын дамыту ғана емес сонымен қатар эстетикалық тәрбие беру құралы деп қарастыруға болатындығына көзіміз жетті.

Жоғарыда айтылғандардың барлығынан төмендегідей қорытынды шығарып, білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың өзектілігі мынандай себептермен байланысты екенін айтуға болады: 

  • білім беруді жекешелендірудегі ақпараттың технологиялардың көптеген мүмкіндіктерімен;

  • ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданғанда және білім берудің сезімталдығын арттыру кезінде оқушылардың дағдысын жетілдірумен;

  • байланыстардың кең өрісін қамтамасыз етумен;

  • оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасаумен;

  • кез келген адаммен оның кеңістіктегі орнына және уақыттық айырмашылыққа қарамастан, интернет арқылы қарым-қатынас жасаумен;

  • оқу материалы сипаттаудағы, әсіресе, динамикадағы құрылыстарды модельдеудегі көрнекіліктің жоғарылығымен;

  • ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық интерактивті мүмкіндіктерімен;

  • оқушыға ыңғайлы кез келген уақытта ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қажеттілігімен анықталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет