Жаңа ақпараттық коммуникациялық технология
қ технология
Бағыттары
Мақсаттары
Электрондық оқулықтар
Оқу-әдістемелік, электронды кешендер құру, әдістемелік Web сайттар ашу
Телекоммуникациялық технологиялар
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану
Мультимедиялық және гипермәтіндік технологиялар
Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалақ сайттар, құралдар жасау
Қашықтықтан оқыту (басқару) интернет
Өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету
Сурет 2- Ақпараттық – коммуникациялық технологияның бағыттары мен міндеттері.
Тренажер – бағдарламалар оқушының білімін, білік-дағдысын бекітуге, пысықтауға арналған.
Бақылаушы - бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көпнұсқалылықты, оқытушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады.
Тәлімгерлік - бағдарламалар оқушылардың жауабын өндейтін бағдарламалар.
Көрнекілік - бағдарламалары арқылы компьютерді көрнекілік құралы ретінде қолдана отырып оқушыларды жаңа тақырыпқа керекті материалдармен таныстыруға болады.
Бастауыш сыныптарда бала үшін –оқудың негізгі саласы ойын болып табылатыны сөзсіз. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.
Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушыларға естіртуге болады, заттарды үлкейту немесе керісінше кішірейту, бір затты биік немесе аласа түрін көрсету, дайындалған тапсырмаларды орындау. Сабақта интерактивті тақтаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз. Оқушылармен компьютермен жұмыс жасап үйренумен қатар, алгоритм құру және команда беруге үйрету үшін «Кішкене Кря» («Утенок Кря») компьютерлік ортасымен сабақ жүргізуді қарастырайық. Бұнда алгоритм тілінің негіздемелерімен таныстырады. Бұл ортада ойын арқылы сызықты алгоритм құруға үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |