«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»


«Кішкене Кря» компьютерлік ортасымен танысайық



бет19/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Ақпараттық техн. ДИПЛОМ

«Кішкене Кря» компьютерлік ортасымен танысайық.

Кішкентай Кря оң жақтағы экранды алып тұратын тік төртбұрыштың ішінде орналасқан. Алаңның көлемі тігінен 15, көлденеңінен 19 қадам. Бұл бағдарлама тек 3 команданы ғана орындай алады;



  • Қадам

Утя бір қадам алға жүреді де, артында бір қадамға тең кесінді сызылады.

  • Бұрылу

Утя сол жағымен 90 градусқа бұрылады.

  • Секіру

Утя бір қадам алға секіреді де, артында із қалдырмайды.

Экранның жоғарғы жағында қызметші командалар, сол жағында бағдарлама парағы орналасқан. Қажетті командалар арқылы алгоритм жазып болған соң, нәтижені көру батырмасын басып қарауға болады.

Бастауыш сынып оқушылары оқу ортасында жоғары ынтамен жұмыс жасап, үлкен жетістікке жетеді. Өз шығармашылықтары пайда бола бастайды.

Сабақта компьютерді қолданғанда оның тиімді жақтарын айтып кетуге болады:



  • оқушының дербес жұмыс жасауына мүмкіндік мол;

  • компьютер алдында оқушының еркін жұмыс істей алуына болады;

  • компьютерде сабақты пайдалану уақытты үнемдейді және оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сабақтың өту ұзақтығын да ескеруге болады;

Бастауыш сыныпта информатикадан атқарылатын жұмыс құрылымына тоқталсақ:

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:


  • Математика мен орыс тілі курстарымен сабақтастығы;

  • Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастыруымен қатар, оқушылардың сыныпта және сынынтан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейтесті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды «компьютер әлеміне» баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің іс-тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1.Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану арқылы;

2.Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту арқылы;

3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізілуде.

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір-бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауаттты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашылады.

Ғылым мен техниканың жылдан-жылға кең өріс алып, жедел карқынмен дамуы білімнің негізі болып табылатын - бастауьш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықган бастауыш білім жүйесініңде көздеген мақсаты - әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық кабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мекгепте оқытатын басқа пәндермеи үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің кұрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар, жаңа ақпараттык технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағьн жүргізудің тиімді жолдарын карастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет