«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»



бет31/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Ақпараттық техн. ДИПЛОМ

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың өзін-өзі шығармашылықпен дамытуының құрылымдық-мазмұндық моделінің стратегиялық мақсаты ретінде оқушылардың тұлғалық сапаларын дамыту белгіленді. 

Білім беру үрдісі, психологтардың пікірінше, тұлғаны, оның қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс. 








ҚОРЫТЫНДЫ


Қазақстан Республикасының жоғары және орта білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңі оқу мазмұны, әдістемесі, түрлері мен құралдарының және ұйымдастырушылық-педагогикалық қызметінің кең ауқымды реформалануымен сипатталады. Білім саласын реформалауға Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі және республика экономикасының нарық жолына көшуі себеп болды. Кейбір дәстүрлі пәндердің тереңдетіліп оқытылуы, барлық пәндер бойынша қазақстандық оқулықтар мен оқу құралдарының жасалуы, жаңа мемлекеттік емес және мемлекеттік орта кәсіптік оқу орындарының ашылуы, байырғы орта кәсіптік оқу орындарының бағдарын өзгертуі және кеңейтілуі осы реформалаудың әлі де көзге көрінер белгілерінің толық тізімі емес.

Дәстүрлі оқытудың теориясы мен қазіргі тәжірибесі еліміздің өркениетке ұмтылған талабына сәйкес келмей, білім алушының өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзіндік рефлексия жасау, кәсіби карьерасын жоспарлау сияқты қажеттіліктерімен қарама-қайшылыққа келді. Зерттеу барысында көтеріліп отырған мәселенің арнайы зерттелмегендігі, ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың көтерiлiп отырған мәселенi шешудегi iшкi мүмкiндiктерi қарастырылмағандығы айқындалды. Осы орайда зерттеу жұмысымыздың мақсатын: бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау, әдістемелік жолдарын айқындау деп алған едік. Сол мақсатымызға жету барысында алдымызға мынадай міндеттер қойдық.

- Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану мәселесін теориялық еңбектерде қарастыру;

- Ақпараттық коммуникациялық технология ұғымының мәні мен мазмұнын атқаратын қызметін айқындау;

- Информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданудың әдістемесін ұсынып, мұғалімдердің озық тәжірибелерін талдау.



Бірінші міндет бойынша қазақстандық және алыс-жақын шетелдік ғалымдардың қылыми-әдістемелік еңбектеріне шолулар жасалды. Осы еңбектерді талдау барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайында оқушылардың өзін-өзі шығармашылықпен дамытуын нәтижелi ететiн, білімге деген ұмтылысы артып, қызығушылығы артатынын байқадық.

Екінші міндет бойынша ақпараттық-коммуникациялық технология ұғымының мән-мағынасы айқындалды, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына білім беру барысында атқаратын қызметі түрлеріне тоқталып тұжырымдар жасалды.

Ал үшінші міндетіміз бойынша озат тәжірибелерді талдай отыра өзіміздің ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүргізген сабағымызды келтіріп, оларға талдау жасалды.

Зерттеу қорытындыларын зерделей келе мынандай ұсыныстар айтқымыз келеді:

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналып Ақпараттық коммуникациялық технологияларды дұрыс қолдана білуге арналған әдістемелік құралдар дайындалса;

  • Бастауыш сынып Ақпараттық мәдениет негіздерін оқытуға арналған интербелсенді әдістер топтастырылып мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық ретінде басылып шықса нұр үстіне нұр болар еді деген ұсынысымыз бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет