«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»



бет23/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Ақпараттық техн. ДИПЛОМ

Жиынды анықтау.

Негізгі қасиетін белгілеу тақырыбында жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Бұл анықтамаларды балаға қарапайым мысалдармен көрсеткен.





Жиынның ортақ элементтерін ажырату

Образдық ойлау тақырыбында оқушылардың өмірде нақты түрде кездесетін немесе елестетуге болатын түрлі бейнелік нысандар нұсқасына анықтау. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.


Образдық ойлау

Қорыта келгенде, бұл электронды оқулық оқушылармен олардың ата-аналарына қосымша көмек ретінде пайдалануға болады. Яғни, бұл злектронды оқу бағдарламасында ақпарат, нысан, нысандарды топтарға бөлу, оларды жіктеу, жиын, жиын элементтерімен танысуға мүмкіндік бар.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру саласының 1-4 сыныптар аралығанда «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәні енгізілуде.

Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.

Бастауыш білім беру- жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін ең қолайлы кезең. Бастауыш сыныпқа информатиканы пән ретінде енгізу оқушының ерте жастан бастап логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және олардың өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуін қамтамасыз ету.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі:

1) Сабақтың қарқынды өтуі

2) Қызығушылықтың артуы

3) Әр балаға жеке білім беру

4) Берілетін материалдың тиімділігі

5) Шектеусіз ресурстар

Интерактивті тақта –дегеніміз не?

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.

Активті қалам – дегеніміз не?

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақ-ты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Енді, Ақпараттық мәдениет негіздерінің 1-ші сыныбында қарастырылатын «Жиын және оны топтау» сабағын өткізу барысында қарапайым мысалды Activstudio 3 бағдарламасы арқылы қалай дайындалғауға болатынын көрсете кетейік. Осы тапсырманы орындау барысында оқушы интерактивті құралдарды қолдана отырып, жиын элементтерінің ортақ белгілері мен қасиеттерін анықтап, топтастыра алады.

Төменде бастауыш сынып мұғаліміне сабақты өткізу барысында қолданылған «Құстарды қасиеттеріне байланысты топтау» тапсырмасының дайындалу әдісін беріп отырмыз. Ол үшін: Activstudio3 Professional Edition бағдарламасын іске қосыңыз.


Жаңадан флипчарт құрыңыз.
Жаңадан түс таңдап, беттің фонын құю аспабы арқылы өз қалауыңыз бойынша өзгертіңіз.

Жазу аспабын қолданып бетке тақырып жазыңыз.

Кітапханадан құстардың әр түрін тасымалдау арқылы орналастырыңыз.


Кітапханадан өзіңізге ұнаған фигураны таңдап алыңыз. Ерекшелеп, өзгерту-дубликат командасын орындап, көшірмесін орналастырыңыз. Фигураның жоғарғы жағына «Ұшатын», «Жүзетін» сөздерін жазу құралы арқылы енгізіңіз.

Енді осы құстардың қасиеттеріне байланысты ұшатын және жүзетін құстарды екі бөліп топтау қажет. Ол үшін құстардың қасиеттеріне байланысты әр қайсысына кілттік сөз енгізуіміз керек.



Суретті екі рет шертіп, Қасиеттер және әрекеттер терезесін ашамыз. Ашылған терезеден Идентификация бөлімінің кілттік сөз бөлігіне қасиеттеріне байланысты «ұшатын» және «жүзетін» сөздерін енгіземіз. Ол үшін соңғы сөздің артына курсорды орналастырып Ctrl+Enter пернелерін шертіп, жаңа қатарға қажетті сөзді енгіземіз. Осы әрекеттерді барлық суретке орындап кілттік сөз тағайындаңыз.


Ортадағы фигураны белгілеп, екі рет шертіп Қасиеттер және әрекеттер терезесін ашыңыз. Терезеден Контейнер бөлімін белгілеп, Болуы мүмкін тізімінен кілттік сөз бөлігін белгілеңіз. Кілттік сөзге фигурадағы сөзге байланысты сөз енгізіңіз. Егер сәйкес келмесе, орнына қайтып келу командасына қанат белгісін қойыңыз. Екінші фигураға да осы әрекетті орындаңыз.

Терезені жауып, флипчартты сақтаңыз.



Тапсырманы орындау барысында «ұшатын» сөзі бар фигураға тек ұшатын құстар, «жүзетін» сөзі бар фигураға жүзетін құстар ғана қойылатынын көреміз. Егер жүзетін құстар «Ұшатын» фигурасына апарылса, онда ол фигураның ішіне қойылмай өз орнына қайтып барады.

Дәл осындай әрекеттерді орындап Арунаның сорпа дайындауына, Әлімнің тосап қайнатуына көмек көрсету флипчартын дайындауға болады.

Осындай дайындалған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артып, интерактивті құрылғылармен жұмыс істеу арқылы практикалық іс -әрекет дағдылары қалыптасады.

Бұл құрастырылған сабақтың құрылымы, ақпараттық мәдениеттілікке бағытталған тапсырмалар, топтық оқыту әдістемесі, диалогтық қарым-қатынастарды орнату негізгі жалпы білім беретін мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға маңызды өзгерістер әкелді.



Сабақта мұғалім оқушылармен бірлесе отырып, күтілетін нәтиженің өзіндік жүйесін құруға, оқу үлгірімі әртүрлі оқушыларға арналған дидактикалық материалды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық коммуникациялық технологияны бастауыш сынып информатика сабағында қолданудың әдістемесіне тоқталу үшін 3 сыныпқа арналған Ақпараттық мәдениет негіздері пәнінен мысалдар келтіре кетейік. Осы сыныпта берілетін «комбинатортика» тақырыбын алайық. Бұл жердегі 1 тапсырмада - Сандарды үйшіктерге орналастыр. Орналастырудың мүмкін жолдары қанша делінген? Осы тапсырманы орындату барысында интерактивті тақтадан көрсете отырып және орындатып, неге олай ойлайтындығын, неліктен нәтижесі бұлай болып шыққандығын дауыстатып айтқызса тақтадағы оқушымен қатар басқа балаларға да қызықты әрі түсінікті болары сөзсіз. Сонымен қатар басқа оқушылардың да қызығушылықтары оянып бірінен кейін бірі тапсырманы орындауға құлшынатындықтары аян.

Сол сияқты 2, 3, 4 тапсырмаларды да осы ретпен немесе жарыс түрінде «Кім жылдам» ойыны арқылы ұйымдастырып жіберсе оқушылардың біріншіден пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден топ алдында өз пікірін айта алуға деген сенімділігі беки түседі, сонымен қатар ақпараттық коммуникациялық технологияны өздігінен игере алу дағдысы жетіле түседі. Осы орайда бағдарламада берілген мәліметтермен ғана шектеліп қана қоймай қосымша тапсырмалар ойластырылып, бүгінгі тақырыпты түсінгендігінің нәтижесін анықтау барысында 3-4 нұсқалық тест тапсырмасын орындатып жіберсе нұр үстіне нұр болары хақ.

Ендігі жерде «PAINT» графикалық редакторы тақырыбында берілген «жазуды қою» сабағын түсіндіру барысында мұғалім бұл жерде оқушыларға тек былай жаса немесе мына белгіні бас деп айтып тұруы қажет болады. Тіпті болмаған жағдайда мұғалім әр баланың қасына келіп оқушылардың нені түсінбей жатқандығын тікелей бақылап тұруы, я болмаса әр балаға жеке-жеке қасында тұрып үйретуі керек болады. Бұл жағдайда мұғалім қаншама уақытын жоғалтқан болар еді және мұғалім бір балаға түсіндірем дегенше басқа балалардың төзімдері таусылып мазасыздана шулай бастаушы еді. Ал тура осы тапсырманы интерактивті тақтамен балалармен қоса бір мезетте бірге практикалық түрде жасап көрсетіп отырса, оқушыларға анағұрлым түсінікті, анағұрлым қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар түсінбей жатқан оқушы сол мезетте қайталап көрсетуге немесе тақтада оқушының өзіне тікелей бағыт бере отыра жасатуға болушы еді. Бұл жағдайда ақпараттық коммуникациялық құрылғының атқаратын қызметі орасан зор болмақ.

Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім кабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамыта білуге кабілетті, ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның ннтеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс. Міне, осы мақсатта бастауыш сынып үшін дербес компьютердің соңғы мүмкіндіктері пайдаланылған. Мультимедиалық аудио-визуалды электрондық оқу-әдістемелік құралдары бастауыш сынып оқушыларының денсаулығына зиян келмейтіндей техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріліп, әр тақырып мазмұнына 1-сынып үшін - 10 минут, ал 2-5-сыныптар үшін - 15 минут көлемінде уақыт белгіленді, Оқу құралын сабақтың қай кезінде пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне байланысты.


2.2 Информатика сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі



Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды:

- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;

- өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;

- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;

- ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;

- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;

- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап, өзінің алған білімін тексереді;

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

- үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; 

- коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; 

- сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; 

- оқу қызметі мәдениетін дамыту;

- оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру; 

- оның тиімділігі мен сапасын арттыру; 

- қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу. 

Мұғалімнің ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технология пайдалану дағдысына әсер ету жолынан болуы мүмкін.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан ақпараттық-коммуникациялық, технологиялық -дидактикалық, әдістемелік- проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ, педагогтің компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасайтын оқытушы оқу үрдісін шаблонды түрде емес, оқушылармен өзара әрекеттестік, өзара түсіністік пен сыйластық негізінде жүргізуі тиіс. Ол үшін оның өмір сүру образы өзгерген болып, терең гуманистік-ақпараттық білімі, бағыттылығы болуы тиіс. Тек әрекеті мен ойлау жүйесі өзгерген, сонымен қатар, өзі ізгіліктің үлгісіне айнала алған оқытушы ғана өзінде нағыз гуманистік көзқарастарды қалыптастыра алады.

Осы тұрғыда Алматы облысы Талғар қаласы №144 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Ә.Алжановтың тәжірибесі негізге алынды. Озық тәжірибеден үлгі сабақ ретінде 3 сынып Ақпараттық мәдениет негіздері пәнінен өткізілген сабақ жоспары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет