17
- Сіз қазір не істеп жатырсыз?
- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім
алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма
орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім
алушыларға:
• жаңа идеяны тұжырымдауды;
• екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
• идеяларды бағалауды;
• топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
• сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: