Бастауыш сынып мұҒалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұСҚаулық «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата27.11.2023
өлшемі3,81 Mb.
#129612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
httpdev-s.balatili.kzuploadsbooks140f0a4dede76679a4419f86067fc9abАлтынсарин20ОӘҚ2020бастауыш.pdf

4
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін 
бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі 
анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық 
стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі 
білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын 
арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына 
түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін 
болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау 
критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:
• Білім алушы оқытудың қай сатысында?
• Олар білім алуда неге талпынады?
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?
екенін түсінеді.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты
бағалау критерийлерінің 
негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу 
және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.
Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:
1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;
2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі 
жетілдіріп отыруына жағдай жасау;
3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін 
қалыптастыруға көмектесу;
4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз:

білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;

мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; 

басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы 
ақпараттар ұсыну.


5
1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет