30
• негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім
алушылардың алдында болғаны дұрыс;
• тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін
деген плакаттар, ақпараттық сипаттағы қабырға материалдарының
алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дейін мұғалім білім
алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым
салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен
бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген
материалдарды, құралдарды және заттарды ғана әкелуіне болады. Тыйым
салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат
тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге арналған
нұсқаулықта берілген (6-қосымша).
Достарыңызбен бөлісу: