Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары



Дата31.12.2021
өлшемі16,53 Kb.
#21611
түріҚұрамы
Байланысты:
№15 сөж

15 СӨЖ



Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында мектеп жасындағы балаларды отбасында , мектепке дейінгі ұйымдарда не мектепте, дайындық тобында бағдарламаға сай дайындықтан өткізу міндеттілігі көзделгені атап көрсетілген.[1]
Мектеп жасындағы балаларды сөйлеуге үйретудегі басты мақсат- сөздік қорды байыту. Балалардың күнделікті өмірде қолданатын сөздерінің құрамына жаңа сөздердің мағынасын түсіндіре отырып , олардың сөздік қорын молайту көзделеді. Қоршаған ортаны танып - білудегі заттар мен құбылыстар, адамдар өмірі мен тіршілігі, табиғат құбылыстарының ерекшелігі мен өзгерістеріндегі жаңа сөздерді меңгертіп отыру басты міндет болып табылады.Сөздік қорды дамытуда ескерілетін мәселелер:
Балалрдың белсенді сөздік қорындағы сөздердің мағынасын қаншалықты түсінетінін айқындау.
• Мағынасы жақын, бірақ айтылуы басқа (синоним), мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді үйрету.
• Сөздік қорды жаңа сөздермен толықтырып отыру.
• Етістіктер мен сын есімдерді дұрыс, орынды қолдана білуді меңгерту.
• Зат есімнің жекеше, көпше түрін, тәуелдік, жіктік жалғаулары мен тіркесіп келетінін практикалық жолмен түсіндіру.
Синоним сөздерді айтқызып жаттықтыру кезінде балалар тез меңгереді.
Мысалы: әдемі, көркем, әсем (синоним). Балалардың сөздердің мағынасын түсініп айтуына назар аударып, оларға жетекші сұрақтар қойғаны дұрыс.Мысалы: екінші сынып қазақ тілі, бет 119.Берілген тапсырма өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызыңдар. Не байқадың?
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар.
Ашты жолды аспанға,
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға Марысқа[4,323]
Мұғалім жетекші сұрақтар қоя отырып, берілген сөздерге қарсы мағыналы сөздерді өздері табуына жетелейді.
Мысалы: Ұзын-қысқа, биік-аласа, жақсы- жаман (антоним). Ұзын ағаш-қысқа ағаш, биік үй- аласа үй, жақсы сөз- жаман сөз.
Мүғалім тіл дамыту сабағында балаларға өздігінен сөздік қорды дамытуды сөздік диалектикалық- жаттығулар арқылы жүзеге асырады. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорын байытуда жас ерекшелігіне және бағдарламалық материалдарға сәйкес өтілетін жаңа тақырып бойынша әр сабақта меңгерілетін жаңа сөздің мағынасы түсіндіріліп отырады. Сөздік жұмыс міндетті түрде жүргізіліп отырады.
Тіл дамыту сабағының келесі міндеті балаларды байланыстырып сөйлекге үйрету.Мұғалім байланыстырып сөйлеуге үйретуді жетілдіру мақсатында жеке сөздердің тура және ауыспалы мағынасына, сөздің көп мағыналылығына назар аударта отырып түсіндіреді.[2]
Мысалы: қой сөзінің екі мағынасы бар екенін түсіндіру керек. Бірінші мағынасы затты бірінші жерден екінші жерге қой деген мағынаны білдірсе, екінші мағынасы мал атауын білдіреді. Ұқсас және біртекті заттарды топтап атайтын жалпы есімдерді (киім, тамақ, жеміс,мал, адам) және заттардың жеке атауы мен адамдардың есімдерді білдіретін жалқы есімдер (көйлек, қамзол, нан, қымыз, алма, өрік, Мадина, Еркежан, Айым және т.б.) туралы алғашқы мағлұматты бүлдіршін балабақшада алады.Байланыстырып сөйлеуге үйретуде антоним, синоним, теңеу, салыстыру мағынасын беретін бейнелі көркем сөздер де меңгертіледі.Мысал ретінде екінші сынып бойынша қазақ тілі оқулығының 142 беттегі 390- жаттығуын қарастырайық.Сын есімдердің тұсына қарсы мағыналы сын есімдерді жазығдар деп тапсырма берілген. Оқушылар берілген сын есімдердің тұсына қарама-қарсы сын есімдерді толықтырып жазып шығады [4].
Қалың - жұқа тар - кең
Мықты - әлсіз қисық -түзу
Ақ -қара оңай - қиын
Ұсақ - ірі аласа - биік
Сонымен қатар тіл дамыту сабағында бацланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем шығармалардың мәнін түсініп айтуы, қарым - қатынас жасай білуі, өз ойын жұйелі жеткізуіне баса назар аудару мұғалімнің міндеті[3].Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша және өз қиялынан әңгіме, ертегі ойластырып, сурет бойынша әңгіме құрастыру баланың ойын шыңдап, сөздік қорын байытатыны сөзсіз. Мысалға: "Сұрақтар бойынша түлкіні сипаттап бер" деген тапсырма беруге болады.Сұрақтар төмендегідей:
Түлкі қандай аң?
Оның т.сі қандай?
Түлкінің құйрығы қандай болады?
Түлкі қандай жерді мекендейді?
Ол немен қоректенеді?[4, 142].Осы сұрақтарға жауап ала отырып, балалардың ойлау қабілеттерін жюәне сөздік қорларын дамытуға болады.
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын- жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор. Тіл дамыту сабақтарының негізгі бағыттары кез- келген сәтте бір- бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.Олай болса баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процессін дұрыс жолға қою қажеттігі туындайды. Жаттығулар жасау барысында оқушылар сөйлемдегі сөздер бір- бірімен тығыс байланыста болатындығын аңғарады. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып анықтап, олардың байлансын сызбамен көрсетеді. Бет 80, 210 - жаттығу. "Өзің тап" ойынын ойнату барысында балалар сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің ара жігін ажыратады және сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлем етіп жазады[4].
-Шегірткеге не жарасады? - Оқыған.
- Құланға не жарасады? - Шоқыған.
- Жыланға не жарасады? - Пысқырған.
- Тауыққа не жарасады? - Ысқырған.
- Ақылдығы не жарасады? - Секірген.
С онда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.

Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:


1.Қоршаған ортада көргендерін әңгімелеп, өмірмен байланыстыру.
2. Оқылған ертегі, әңгімелерді түсінігі бойынша өз сөздерімен айта білу.
3. Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай іс- әрекетте пайдалана білу.
4. Жаңадан меңгерген сөздердісөздік қорларына енгізу.
5. Тіл дамытуда ыммен сөйлесу, ымдап сөйлегенді түсіну.
6.Антоним, синоним сөздерін бір - бірінен ажыратып, қажетіне қарай күнделікті тұрмыста пайдалану.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет