ӘӨЖ 373.3
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҰҒЫНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ Жұмабаева А.Е. – МБОПӘ 21 тобының магистранты
Ғылыми жетекшісі: Сыдыкова З.Е. – п.ғ.к., аға оқытушы
Орталық Азия Инновациялық университеті
АННОТАЦИЯ
В содержании данной статьи рассматривается важность популяризации ценностей «Мәңгілік ел» для обучающихся начальных классов.
ABSTRACT Тhe content of this article discusses the importance of popularizing the values of "Mangilik el" for primary school students.
«Қазақстан-2050» - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, тұңғыш Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады [1].
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз - өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану - аса маңызды міндеттердің бірі. Этнопедагогиканың негізі болып табылатын халықтық педагогика құралдары болып табылатын ауыз әдебиеті үлгілерін болашақ ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде тиімді пайдалану қажет,- деп есептейміз. «Мәңгілік Ел» идеясының мақсаты – ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана мен әлеуметтік жадының, кәсібилік пен бәсекеге қабілеттілік рухының жоғары даму деңгейі бар; Қазақстан халқының тәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын, дамуы мен тұрмысын жақсарту жөніндегі белсенді де шешімді іс-қимылдарға дайын болатын, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып сақтауға жауапты, өзге мәдениеттер өкілдерімен сындарлы келісім құруға дайын мамандардың жаңа буынын, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу екені айқындалды.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көпғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға
мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа.
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту болып табылады [2].
Жаңа қазақстандық патриотизмді ұлттық идея мен ұлттық мұраттың мағыналы қызметі контексінде тәрбиелеуде «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы» ұлттық идеяның негізгі қағидалар қамтылған басты құжаттардың бірі болып табылады. Бұл құжатқа онда белгіленген мына мақсаттар ерекше мән береді: Қазақстан азаматтарында жоғары патриоттық сана мен өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық парыз бен конституциялық міндеттерді орындауға дайын болуға тәрбиелеу.
Бұл бағдарламада ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көбінесе азаматтық қоғам дамуының деңгейіне жастар бойында жоғары патриоттық сана-сезімін, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастырып, Отан мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық парызды орындауға дайын болуға тәрбиелеуге байланысты екендігіне ерекше назар аударылды.
Аталған құжатта қоғамның рухани әлеуетін көтеру қажеттілігіне, Отан, қоғам, өз отбасы, жеке өзінің игілігіне бағытталған жеткілікті таңдау жасап, өз бетінше шешімдер қабылдау жауапкершілігі мен қабілеттері сезімі білінетін ақиқатқа негізделген жасампаз көзқарасы бар азамат тәрбиелеуге; берік адамгершілік негізі бар, сонымен бірге өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделіп, жаңа идеяларды қабылдай алатын үнемі жетілу үстіндегі тұлғаны қалыптастыруға жете көңіл бөлінген [3].
Бағдарламада тұлғаны әлеуметтендірудің басты векторларының бірі жеке адамды Отанымен сәйкестендіру болуы тиіс екендігін ерекше назарға алынған. Сонымен бірге «Отан» ұғымы тек адамның туған жерімен, жақын туыстарымен ғана байланыстырылып қана қоймай, көңіл-күй-психологиялық сезімдері (сүйіспеншілік, патриоттық, адалдық, ұлттық мақтаныш сезімдері және т.б.) аспектісінде де қабылдануы тиіс.
Осы бағдарламада көрсетілгендей өскелең жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мәселелерінде кездесетін мәселелерді шешу үшін:
- тұтастай алғанда тәрбиеге мүлдем жаңа көзқарас қажет: ел және өзінің Отанмен тығыз байланысы сезімі бейнесінің мемлекет пен қоғам түрлі тетіктер мен институттар арқылы, бірінші кезекте, білім арқылы қалыптастыруы қажет.
- білім мекемелері мен ұйымдарының қызметі оқып жатқан жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін, мемлекеттік тілді қолдануды кеңінен насихаттауға, олардың біздің мемлекетіміздің бүкіл бітімі құралатын негіз ретіндегі қазақ тілінің рөлін жете түсінуіне бағытталуы тиіс [4].
Оның іске асуының сәтті болуы қазақстандық қоғамда қалыптасқан қазақстандықтардың толеранттылық, ділі; қазақстандықтар ділінің басым ерекшелігі ретіндегі рухани ашықтық; жаңа өзгерістерге байланысты батылдық, ұлтаралық келісім мен достық, саяси тұрақтылық; өміршеңдік пен болашаққа сенімді тудыратын жұртшылықтың басым бөлігі үшін кедейліктен кепілді түрде құтылуының белгісі ретіндегі еліміздің тұрақты да үрдісті экономикалық өсуі сияқты өзгерістер мен қасиеттермен байланыстырылады [5].