Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру



бет2/3
Дата24.04.2023
өлшемі23,12 Kb.
#86004
1   2   3
Зерттеу түрлері:
1)теориялық 2 ) фантастикалық 3) эксперимент
Теориялық  зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.
Фантастикалық  өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар жөнінде.
Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді талап етеді. Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер. Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады. Экспериментальді (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.
1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ
Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.
Мақсатбұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет