Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетіндегі ойын әдісі


Жобаларды жүргізу логикасы және олардың бастауыш мектептегі тақырыптары



бет2/3
Дата30.01.2023
өлшемі120,2 Kb.
#63766
1   2   3
Жобаларды жүргізу логикасы және олардың бастауыш мектептегі тақырыптары


Осылайша, педагогикалық жүйені дамытудағы мәселені анықтау, мақсат қою, шешу жолдары мен құралдарын таңдау, жобалауды мазмұндық қамтамасыз ету шараларының жиынтығы жобалау қызметінің құрылымы мен алгоритмін қалыптастырады. Орындалатын іс-әрекеттер жүйесі жоғарыда берілген бӛлікте жобалау қызметін жүзеге асырудың логикалық жүйесін кӛрсетеді. Жобалау және жобаны жүзеге асыру ойлау әрекетінің екі бағытын кӛрсетеді, бірақ, оны басқарушы жобалау қызметінің тікелей орындалатын алгоритмін ғана емес, оны жүзеге асырудың логикасын ойша түрде кері қарай құрастыру арқылы түпкілікті нәтижені модельдеу, ол үшін жоспарланып отырған әдіс - тәсілдердің тиімділігін, ресурстарының жеткіліктілігін есептей алуы қажет.


Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктері абстрактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұмыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осылардың бәрі жоба өніміне жатады. Өзінің іс - әрекетін жоспарлауды тек қана кейбір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тікелей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік - образды ойлау, қоршаған әлемге қызығушылық - бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата - аналарды да қатыстыруға болады. Жобалар жасау арқылы балалар өздерінің жеке қызығушылақтарын көрсетуге ұмтылады. Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша жоба әдісі нәтижесіне жетеді. Мен өзім танып - түсінген нәрселердің маған не үшін қажет екенін, оларды қай жерде, қалай қолдану керек екенін білемін – міне, жоба жасау арқылы оқытып - үйрету әдісі туралы замануи ұғымының негізі осындай. Бұл академиялық білім мен прагматикалық қабілет арасындағы байланысты табуға тырысатын көптеген білім беру жүйесінің назар аударып отырған мәселесі.
Жобалар әдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту» Жобалар әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс - әрекеті арқылы шешімін табуды алдын - ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет