Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетіндегі ойын әдісі


Жобалау жұмысының нәтижелерін ұсыну тәсілдері



бет3/3
Дата30.01.2023
өлшемі120,2 Kb.
#63766
1   2   3
3. Жобалау жұмысының нәтижелерін ұсыну тәсілдері
Жобалау әдісі – оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс – білім алушыларға әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. ... Өз жұмыстарының нәтижесі туралы баяндама жасайды. Рефлексия білім алушылардың қызметі арқылы өз қызметіне баға береді. Өзгелердің бағасын есепке ала отырып, жұмыс жасалады. ... Жоба – бұл нәтижелі қызмет. Білім алушылар жобалау қызметін атқара отырып, нақты нәтиже алады және оны көпшілікке ұсынады. Жобаны орындау мақсаты – қарым – қатынас, сөйлеу барысында білім алушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады.
Зерттеу жұмысын орындау кезеңдеріне толығырақ тоқталайық.
І кезең. Зерттеу жұмысына дайындық
1. Практикалық міндетті және/немесе ғылыми проблеманы іздеу, яғни
қазіргі уақытта немесе жақын болашақта не маңызды екенін анықтау;
2. Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау;
3. Зерттеу жұмысының өзектілігін анықтау, яғни осы жұмыстың
тақырыбын таңдауды негіздеу;
4. Зерттеу объектісі мен мәнін анықтау;
5. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау;
6. Гипотеза қою;
7. Практикалық маңыздылығы мен ғылыми жаңалығын анықтау (оқузерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін).


ІІ кезең. Зерттеу жұмысын жоспарлау
1. Зерттеу базасын анықтау;
2. Ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін анықтау, яғни ақпарат қандай
нысанда құрастырылады, таңдалынады және талданады;
3.Жұмыс нәтижелерін ұсыну тәсілін таңдау, яғни есепті қандай нысанда
дайындау (жұмыстың мәтіндік сипаттамасы, диаграммалардың,
презентациялардың, зерттеу немесе эксперимент үдерісінің фотосуреттерінің,
бақылаулардың аудио- немесе бейнежазбаларының, тәжірибелердің,
эксперимент кезеңдерінің және соңғы нәтиженің болуы);
4. Зерттеу жұмысының алынған нәтижесін, зерттеу барысын бағалау
критерийлерін белгілеу;
5. Топтық жоба болса, топтағы білім алушылар арасындағы
міндеттерді бөлу.


ІІІ кезең. Зерттеу (зерттеу үдерісі)
1. Зерттеу жүргізу үшін қажетті ақпаратты жинау (есеп жүргізу, өлшеу,
сұхбат, тәжірибе, бақылау және т.б. сапалы және қауіпсіз материалдар мен
жабдықтарды таңдау, зерттеу, іздеу жұмыстарын тікелей жүргізу);
2. Зерттеу жұмысы барысында алынған ақпаратты талдау;
3. Қорытындыларды тұжырымдау (мақсаттар мен міндеттерде қойылған
мақсатқа қол жеткізу қаншалықты мүмкін болды).


ІV кезең. Зерттеу жұмысын қорғау
1. Жұмыс нәтижелерін ресімдеу;
2. Зерттеу жұмысын ұсыну;
3. Зерттеу жұмысын бағалау және өзін-өзі бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет