Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетіндегі ойын әдісі



бет1/3
Дата30.01.2023
өлшемі120,2 Kb.
#63766
  1   2   3
Байланысты:
Жобалау Камалова Ш


  1. Бастауыш сынып оқушыларының жобалық іс-әрекетіндегі ойын әдісі

Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның мәні педагогикалық жүйеде бұрын да, қазір де қарастырылып отыр. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс-әрекет деп түсінеді. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Шетел және біздің ұлттық педагогикамыздың өзінде ойын тарихында бала тәрбиелеуде мынадай бағыттарда қолданылады:
Баланы жан-жақты үндестікте үйлесімді дамыту;
Оқыту мақсаты (дидактика) – бұл бірінші бағыттағы алғашқылардың бірі.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын үстінде өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстіде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ойын баланың барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктері кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Танымдық ойындардың кез келген түрі оқушылар үшін пайдалы, олар ойын арқылы өз күшін, қабілетін тексере алады. Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
•ойын оқушылардың алдына тапсырма ретіндеқойылады;
•оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
•оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
•оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісіндеалатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.
Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
•ойын-сауық;
•коммуникативті немесе қарым-қатынастық;
•диагностикалық;
•коррекциялық;
•әлеуметтендіру.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге,ой белсенділігі мен тілбайлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберліктімеңгертуге қол жеткізу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет