«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына пікір



бет1/14
Дата07.02.2023
өлшемі482 Kb.
#65864
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына


ПІКІР

Бастауыш сынып оқушылары жас кезеңі баланың барлық қабілеттерінің нышаны ашылып, ойлау процесінің көрініс беретін шағы. Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологі ұйымдастырады. Мектеп психологі психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінде ақаулықтар бар балаларға дер кезінде көмек көрсетсе, осы жұмысты ғылыми-әдістемелік негізделген тұрғыда ұйымдастыруса, балалардың ішінде нашар дамығаны сирек кездеседі. Осы тұрғыдан қарағанда _________________ дипломдық жұмысының тақырыбы көкескесті проблемалардың бірін зерттеуге арналған.


Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, алты параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.
Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті қалыптастыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтау, оны нормативтермен салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін қадағалаудың қажеттілігі дәлелденген.
Екінші тарауда ойлау процесін оқыту барысында дамытуға ұлттық ойындар элементтерін қолдану туралы ұсыныстар жасалған. Балалардың ой өрісін дамытуға психологиялық шығармашылық тапсырмаларды орындатудың және логикалық ойлауды қалыптастырып, оның даму деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістемелер көрсетілген.
Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауы дамиды және танымдық қызығушылығы асады деп қорытынды жасап, шығармашылық тапсырмаларды қолдану жолдарын анықтаған.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерін дамытуға арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсете отырып, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер және шығармашылық тапсырмалардың қосатын үлесін нақты анықтаған.
____________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.
Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Оны қорғауға ұсынуға және жоғары бағалауға болады.
Ғылыми жетекшісі
п.ғ.к., доцент Т.Р.Нұрмұхамбетова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет