«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына пікір


«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына



бет2/14
Дата07.02.2023
өлшемі482 Kb.
#65864
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына


ПІКІР

Бастауыш сыныптарда оқушыларыдың шығармашылық қабілетін дамытып, ойлау процестеріне әсерін тигізетін әдіс-тәсілдерін қолданудың ролі өте үлкен. Бұл жұмысты сынып мұғалімдер мен мектеп психологтары қосылып ұйымдастырады. Мектептері психологиялық қызметтің мүмкіншіліктері өте мол. Психодиагностикалық зерттеулер жүргізіп, таным процестерінің даму деңгейін дер кезінде бағалап отыру арқылы балаларды дамыта оқыту мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан Пернебаев Нұрболдың дипломдық зерттеуінің тақырыбы барлық уақытта актуалды проблемалардың бірі.


Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, алты параграф, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жүмысы тақырыбының актуалдылығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қолданылған ғылыми зерттеу әдістемелері анықталған.
Бірінші тарауда қабілет анықтамасына сүйене отырып осы қасиетті зерттеу тарихы, оны қалыптастыру жолдары көрсетілген. Мектеп психологиялық қызметінің балалардың ойлау ерекшеліктерін анықтауға, оны нормативтермен салыстырып барлық формаларының көрініс беру ерекшеліктерін қадағалаудың қажеттілігі дәлелденіп, дамыту жолдары көрсетілген.
Екінші тарауда ойлау процесін оқыту барысында дамытуға ұлттық ойындар элементтерін қолдану туралы ұсыныстар жасалған. Балалардың ой өрісін дамытуға психологиялық шығармашылық тапсырмаларды орындатудың және логикалық ойлауды қалыптастырып, оның даму деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістемелер көрсетілген.
Зерттеу нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға және танымдық қызығушылығы асыруға мүмкіндіктер мол деп қорытынды жасап, шығармашылық тапсырмаларды қоладыну жолдарын анықтаған.
Қорытындыда зерттеу барысында мектеп психологиялық қызметінің бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерін дамытуға арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігін көрсете отырып, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер және шығармашылық тапсырмалардың қосатын үлесін нақты анықтаған.
_________________ дипломдық жұмысы теориялық және әдістемелік жағынан талаптарға сай орындалған студенттің дербес жүргізген зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ол тақырыпты толық ашып, алдына қойған зерттеу міндеттерін толық орындады және өзінің психологиялық қызметті орындауға даярлығын көрсетті.
Дипломдық жұмыс талаптарға сай орындалып, көркемделінген. Диплом жұмысын жоғары бағалауға болады деген ұсыныс айтамын.
Пікір беруші ОблҮББИ
Директоры
п.ғ.к., доцент С.X. Бектенгалиева


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет