«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» кмм «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары «тақырыбында өткізілген шебер сыныптың анықтамасы



Дата22.05.2023
өлшемі14,44 Kb.
#96074

«Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары «тақырыбында өткізілген шебер сыныптың анықтамасы
2022-2023 оқу жылының қараша айының 23 күні бастауыш сынып мұғалімі М.А.Жұмабекова «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары «тақырыбында мұғалімдермен шебер сынып өткізді.Мақсаты : мұғалімдермен функционалды сауаттылығын қолданудың тиімді жолдары туралы тәжірибе алмасу,әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Оқушылардың көңіл-күйіне ,сабақтағы іс-әрекетке ,оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Шебер сынып басында ынтымақтастық атмосферасын құру барысында мұғалімдер билеу арқылы топқа бөлінді.Гүл ұсыну арқылы сабақтың тақырыбын ашуда сұрақтарға жауап берді.Қызығушылығын ояту мақсатында «Данышпан мен адам» атты аңызды оқып,нәтижесінде мұғалімдер ой-пікірлерін білдірді.Функционалдық сауаттылықтың сабақта қолданудың тиімді жолдарымен таныстырылды.Мұғалімдер топ болып берілген тапсырмалар бойынша жұмыстарын қорғады. Сабақта функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет.
1 топ-Математика сабағында функционалдық сауаттылықтарын қалай қолданасың?
2 топ- Әдебиеттік оқудан қалай сауаттылықтарын арртырасың?
3 топ- Білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің моделін құру.
Шебер сынып соңында мұғалімдер кері байланыс берді.
Қорыта келгенде, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің сабақ өту шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастыруы, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Өз мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейлі оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абырой, яғни үмітінің ақталғаны, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Мұғалімнің сабағының өн бойындағы негізгі мақсаты, оның негізгі мәнін естен шығармай, әрбір сәтті тиімді пайдаланғанда өз мақсатына жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет