«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында орындалған диплом жұмысына пікір


А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі



бет12/14
Дата07.02.2023
өлшемі482 Kb.
#65864
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-сынып-оқушыларының-ойлау-қабілетін-дамыту

А.З.Зак ұсынған «оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау және дамыту» әдістемесі.
Мақсаты: 4 сынып оқушылардың логикалық ойлауының және интеллектуалдық кабілетінің даму деңгейін анықтап оларды дамыту.
Бұл әдістеме екі тапсырмадан тұрады. Біріншісі «Анаграммалар», ал екіншісі «22 есеп» деп аталады. Оларды ретімен орындату нәтижесінде баланың абстракциялық ойлауының орын алуы, шешу жолын білмейтін мәселелерді орындауға қабылдауы, теориялық интеллектінің көрініс бере бастағаны зерттелінеді.
1-ші тапсырма. «Анаграммалар» әдістемесі.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау процестерінің даму деңгейін анықтау және олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту.
Орындау ережесі: тапсырманы орындату алдын балаларға анаграмма не екенін түсіндіру қажет. Анаграмма дегеніміз сөздегі әріптердең орны ауыстырылған, мағынасыз әріптер жиынтығы. Тапсырманы шешу үшін, әріптердің орнын ауыстыру арқылы таныс сөздер құрылады. Жауапты тапсырма параққа жазып отыру керек. Берілген уақыт ішінде орындалған сөздерді есепке алып, баланың логикалық ойлауының даму деңгейі анықталады.
Мысалы: анаграммада «ОЛТС» әріптері берілген. Олардың орнын ауыстыру арқылы «стол» деген сөз құрылады.
Тапсырма: Келесі анаграммаларды шешу арқылы берілген сөздерді тап.
Тапсырмаларды орындау барысында қосымша түсіндірудің ешқандай қажеті жоқ.
Орындауға 10 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар.
Анаграммалар: Дұрыс жауаптары:
1. СЕПЕ 1. ЕСЕП
2. ДӘМЕІ 2. ӘДЕМІ
3. РАМНА 3. АРМАН
4. АЖДҒАЙА 4. ЖАҒДАЙ
6. РОНЫДҚЫ 6. ОРЫНДЫҚ
5. ИҒАМРТА 5. ҒИМАРАТ
7. АБЫТРЛҚЫ 7. БАТЫРЛЫҚ
8. ЕШЕШДНКІ 8. ШЕШЕНДІК
9. АТСПРЫАМ 9. ТАПСЫРМА

Бұл тапсырманы бұрынғы шығармашалаық тапсырмаларды орындауға қатысқан балалар жеңіл шешіп, жоғары көрсеткішке ие болды.


2-ші тапсырма. А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесі.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауының даму деңгеін анықтау және дамыту.
Балардың интеллектуалдық қабілетін экспресс диагностика жасау үшін А.З.Зактың «22 есеп» әдістемесін қолдануға болады.
Орындау ережесі: оқушыларға 22 есеп жазылған карточкалар таратылып беріледі. Тапсырманы орындату үшін психолог әдістемемен жұмыс жасау тәртібін түсіндіреді.
«Балалар, карточкаға жазылған тапсырма бірнеше есептен тұрады. Осы есептерді оқып алып, жақсылап ойланыңыздар. Олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, сондықтан шешу шарттарының айырмашылықтары бар.
1-4 есептер өте қарапайым, оларды шешу үшін есептерді жақсылап оқып, мағынасына түсініп, ойланып, оның жауабына тек бір адамның ғана атын жазуларыңыз керек.
5-10 есептерде бір түрлі, мағынасыз әріптер тіркесі, жасанды сөздер қолданылған. Олар 5-6 есептерде көңілді, шапшаң, күшті деген сөздердің мағынасын білдіреді. Бұл есептерді шешу үшін, онда қолданылған жасанды сөздердерді кәдімгі, мағынасы түсінікті сөздермен ауыстыру керек. Есептерді шешкенде «ойда» мағынасыз сөздерден кәдімгі сөздер құруға болады. Тек 7-10 есептерде ауыстыратын сөздің орнына адам есімдерін жауап ретінде жазу керек.
11-12 есептерде жануарлар туралы мағлұматтар ертегі сияқты, ақиқатқа сай емес нәрселер келтірілген. Бұл есептерді шешкенде жануарлар туралы есеп шартындағы мағлұматтарды және өмір тәжірибеден алған білімді пайдалану керек, алайда есептің шартын ұмытпау қажет.
13-16 есептерде берілгендерді талдау нәтижесінде бір есімді жазу керек. Бұрынғыларға қарағанда қиындатылған 17-18 есептердің жауабына бір немесе екі адамның есімін жазуға болады, ал 21-22 есептерде - олардың бірі қайталанса да, міндетті түрде үш адамның есімін жазып, аталған адамның басқалармен ара-қатынасын көрсетіп беру керек.
Жабдықтау: 22 есеп жазылған парақ әр зерттелінушінің қолына беріледі.
Психологқа ескерту: есептер қиындықтарына байланысты үш топқа бөлінеді:
1. 1-ден 18-ге дейінгі есептерде 1 сұраққа жауап беріледі;
2. 19-шы-20-шы есептерде 2 сұраққа жауап беріледі;
3. 21, 22-ші есептерде 3 сұраққа жауап беріледі.
Есеп шарттарында тек қажетті ақпарат ғана емес, тіптен артық мағлұматтар, жасанды сөздер, әр түрлі атаулар, есте қалатын ара-қатынастарының неше түрлері берілген. Сонымен қатар көрші есептегі сұрақтар бір-біріне ұқсамайды.
Тапсырмалар:
1. Қатираға қарағанда Марат көңілді. Қатира Әлияға қарағанда көңілді. Ең көңілді кім?
А) Қатира; Ә) Марат; Б) Әлия.
2. Бануға қарағанда Садық күшті. Бану Ләйлаға қарағанда күшті. Ең күшті кім?
А) Бану; Ә) Садық; Б) Ләйлә.
3. Қалиға қарағанда Майра қара. Әсетке қарағанда Майра қара. Бәріненде ең қарасы кім?
А) Қали; Ә) Майра; Б) Әсет.
4. Бану Қатираға қарағанда ауыр. Бану Зәуреге қарағанда жеңіл. Бәріненде ең жеңіл кім?
А) Бану; Ә) Қатира; Б) Зәуре.
5. Әли Мәдиге қарағанда иаее. Мәди Әселге қарағанда иаее.
Кім ең иаее? А) Әли; Ә) Мәди; Б) Әсел.
6. Әсел Мәдиге қарағанда тпрқ. Мәди Әділге қарағанда тпрқ. Кім ең тпрқ?
А) Әсел; Ә) Мәди; Б) Әділ.
7. Прсн Лднқға қарағанда көңілді. Прсн Қршнға қарағанда көңілсіз. Кім ең көңілсіз?
А) Прсн; Ә) Лднк; Қршн.
8. Бртн Ртбнға қарағанда әлсіз. Бртн Ғмтнға қарағанда күшті. Ең әлсіз кім?
А) Бртн; Ә) Ртбн; Б) Ғмтн.
9. Мнрн Нбстға қарағанда уиее. Нбст Стпжға қарағанда уиее. Кім ең уиее?
А) Мнрн; Ә) Нбст; Б) Стпж.
10. Дшлт Сптрға қарағанда клмн. Сптр Пнбрға қарағанда клмн. Кім ең клмн?
А) Дшлт; Ә) Сптр; Б) Пнбр.
11. Ит қоңызға қарағанда жеңіл. Ит пілге қарағанда ауыр. Бәріненде жеңіл не?
А) Ит; Ә) қоңыз; Б) піл.
12. Ат шыбынға қарағанда аласа, ат жирафқа қарағанда биік. Бәріненде биік не?
А) Ат; Ә) шыбын; Б) жираф.
13. Әлиев Махановтан 68 жас кіші. Әлиев Серіковтан екі жас үлкен. Бәріненде кішісі кім?
А) Әлиев; Ә) Маханов; Б) Серіков.
14. Майлин Алиевке қарағанда 3 кг жеңіл. Майлин Қалиевке қарағанда 74 кг ауыр. Бәріненде ең ауыр кім?
А) Майлин; Ә) Әлиев; Б) Қалиев.
15. Сара Әменге қарағанда бірталай әлсіз. Әймен Баянға қарағанда күшті. Бәріненде ең әлсіз кім?
А) Сара; Ә) Әмен; Б) Баян.
16. Болат Әсетке қарағанда қара. Болат Гүлімге қарағанда бірталай ақ. Бәріненде ақ кім?
А) Болат; Ә) Әсет; Б) Гүлім.
17. Ұлан Әлімге қарағанда баяу. Бота Ұланға қарағанда жылдам. Ең жылдамы кім?
А) Ұлан; Ә) Әлім; Б) Бота.
18. Сәкен Мәдиге қарағанда ауырлау. Әли Сәкенге қарағанда жеңілдеу. Ең жеңілі кім?
А) Сәкен; Ә) Мәди; Б) Әли.
19. Бану Қатираға қарағанда көңілді және Майраға қарағанда жеңіл. Бану Майраға қарағанда көңілсіз және Қатираға қарағанда ауыр. Ең көңілсізі және ең ауыры кім?
А) Бану; Ә) Қатира; Б) Майра.
20. Айшаға қарағанда Рита қаралау, әрі Нұрланнан кіші. Рита Нұрланға қарағанда ашық және Айшадан үлкен. Ең қарасы, ең жасы кім?
А) Айша; Ә) Рита; Б) Нұрлан.
21. Ұлжан Әлиден көңілді, Әсемнен жеңіл. Әсем Ұлжаннан күшті. Ұлжан Әсемнен ауыр, Әсем Әлиден көңілсіз, Әли Ұлжаннан әлсіз. Ең көңілдісі, ең жеңілі және ең күштісі кім?
А) Ұлжан; Ә) Әли; Б) Әсем.
22. Төкен Маяға қарағанда қара, Мая Бекке қарағанда кіші. Бек Төкенге қарағанда аласа. Төкен Бекке қарағанда үлкен. Бек Маяға қарағанда ақ. Мая Төкеннен биік. Ең ағы, ең үлкені, ең биігі кімдер?
А) Төкен; Ә) Мая; Б) Бек. Кілті.
1. Ә) Марат.
2. Б) Ләйлә.
3. Ә) Майра.
4. Ә) Қатира.
5. Б) Әсел.
6. А) Әділ.
7. А) Лднқ.
8. Б) Ғмтн.
9. А) Мнрн.
10. А) Дшлт.
11. Б) Піл.
12. Ә) Шыбын.
13. Б) Серіков.
14. А) Майлин.
15. Б) Баян.
16. Ә) Әсет.
17. Ә) Әлім.
18. Ә) Мәди.
19. Ә) Қатира ең көңілсіз.
Б) Майра ең ауыр.
20. А) Айша ең жасы.
Б) Нұрлан қара.
21. А) Ұлжан ең көңілді.
Ә) Әли ең жңілі.
Б) Әсем ең күшті.
22. А) Төкен үлкен.
Ә) Мая биік.
Б) Бек ақ.
Ұсынылған тапсырмалардың балалар үшін қиындығы – мағынасы жоқ әріптер жиынтығымен операция жасау болды. Бұл жерде математикалық амалдарды жақсы меңгерген балалар оның мән-мағнасына тезірек түсініп, тапсырманы орындауға онша қиналған жоқ.
Қорытындылап айтқанда, логикалық ойлауды дамыту тестері тек балалардың ғана осы процесін дамытып қоймастан, оны жүргізген психологтың, педагогтың да логикалық ойлауының тереңдеуіне үлкен әсері бар екенін байқадық. Логикалық ойлауды дамытуға шығармашылық тапсырмаларды қолданудың негізгі екі жолын анықтадық:
1. Сабақтарда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану;
2. Арнайы психологиялық шығармашылық тестер мен тапсырмаларды қолданып, баланың ой-өрісін тереңдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет