Байланысты: Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері (1)
1-ші: баланың мектеп жағдайына бейімделуі; 2-ші: мұғаліммен, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы; 3-ші: 1-сынып оқушыларына берілетін тапсырмалар тым жеңіл болып, баланың оқуға деген қызығушылығы жоғалып кетуі мүмкін.
Алайда, барлық қиындықтар бала психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды. Мектепке алғаш келген оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды. Бұл кезеңде балаға мұғалім мен ата-ана тарапынан көп көмек қажет болып табылады.
Өкінішке орай, жақсы оқуға мүмкіншілігі толық жететін оқушыны, оның кейбір ақыл-ой енжарлығына қарап, қабілетсіз деп есептейтін жағдайлар да кездеседі. Бұл баланың оқуға қызығушылығының жоқтығынан, ақыл-ой жұмсаудан қашу ниетінен, онда қалыптасқан сенімнен, яғни ілім – баланың қабілеті жетпейтін, өте қиын нәрсе дегеннен келіп пайда болады. Мұндай балаларға қозғау салып, оны белсенділікке бастап, бейімділік көрсеткен нәрселерінен мағлұматтар беріп қызықтыру қажет. Оған қосымша қызықтыратын материалдар беріп, білім алудың қуанышын бастан кешіруге (мысалы, бұрын оған қиын болған есепті дұрыс шығару кезі) жағдай туғызған пайдалы. Бұл мектеп оқушысының өз күшіне деген сенімін туғызады, сөйтіп басқалардан қалыспай тәуір оқи алатындығына көзін жеткізеді.
Мұғалімнің ойлы, қабілетті балаларға төнген қауіпті де ұмытуына болмайды. Олар оқуды жеңіл меңгереді, сондықтан да олар еңбектенуге дағдыланбаған және қажетті ықыласы жоқ болады. Ақыл-ой күшін жұмсаудың болмауы мынандай жағдайға әкелуі мүмкін: мұндай балалардың бірте-бірте қабілеттіліктері жойылады, талантты мектеп оқушысынан еңбекке жарамсыз, орта, тіпті нашар жұмыскерлерге де айналып кетеді.
Бастауыш сынып оқушылары көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілдерін білмейді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі. М.М. Мұқанов өзінің «Жас және педагогикалық психология» атты еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілетіндігін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі,мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексті беріледі.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш сынып оқушыларының психикасын дамыту болып табылады. Бала психикасының дамуын зерттеудің міндеттері төмендегідей болып келеді:
Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Әл-Фараби өз еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды. «Қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің кейбіреулерін ғана жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді». Осы жағдайда біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән рольді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып шоғырланады. К.Д. Ушинский: «... ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс»,-деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде білімнің рольі, білімнің сенімге айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті шарттар ретінде беріледі.
Бұл мәселе педагог-психологтар Н.Ф.Талызина, В.В.Давыдов, П.Я.Галперин, Ю.К.Бабанский, А.В.Усова, Д.Б.Эльконин, Л.Е.Шубина, Б.П.Есипов, М.А. Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И. Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев еңбектерінде қарастырылған.
Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалып-тастырылады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты оқуын қамтамасыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С. Выготский дамуды өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда – оқушы мұғалімнің түсіндірегенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе, іргелі дамуда – оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.
Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А.Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі – олардың эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Ш.А. Амонашвили мен педагог Ю.К.Бабанский былай дейді, педагогика бағаны оқушының білім көлемі мен тәртібіне қойылатын тұрақты өлшем деп түсінеді. Баға туралы психологиядағы мынандай жағдайларды анықтайды:
біріншіден, психикалық дамуды басқару механизмі және адамның өзін-өзі басқарумен бірге бейнелеудің түрлері мен әдістері теориялық тұрғыдан нендей екендігі анықталады;