Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы пәні және курс міндеттері



Дата19.06.2023
өлшемі18,84 Kb.
#102159
түріПрактикум
Байланысты:
Бастауыш т



Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы
пәні және курс міндеттері
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы курсы студенттерге болашақ тәрбиешілер меңгеретін сан алуан кәсіби білімдер, практикалық іскерліктер мен қоса, олардың ана тілін еркін меңгеріп, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына ерекше мән беріледі, өйткені тәрбиеші мамандығы үшін сөйлеу дағдысының маңызы зор. Балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, жеке тұлғалық саналарын қалыптасыра отырып, педагог сөз арқылы баламен тіл табысады. Тәрбиешініңмәнерлеп оқи білуі арқылы мектеп жасына дейінгі балалар көркем әдебиетпен танысады, оған ынта-ықыласы қалыптасады. Алайда, тек мәнерлеп оқу принциптерін меңгерген және балаларға мәнерлеп оқуәдістемесін жете білетін тәрбиешіні ғана мектеп жасына дейінгі балаларға көркем әдебиетті ұғындырып,оның мазмұнын мәнерлі де айшықты жеткізе алады. Сондықтан мәнерлеп оқу мектепке дейінгімамандарды кәсіби даярлау жүйесінің маңызды буындарының бірі болып табылады.
Болашақ тәрбиешілерді тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумын меңгеру және нақтылы арнаулы жаттығулар барысында студенттердің мәнерлеп сөйлеу техникасы мен мәнерлеу екпінін дамыту,өнер ретінде көркем шығарманы оқу теориясымен таныстыру, студенттерді мәнерлеп оқу дағдыларына, түрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау, талдау дағдыларын қалыптасыру, оған әдістемелік тұрғыдан талдау жасап үйрену болып табылады.
Болашақ тәрбиешілердің әдеби жанр ерекшеліктерін терең түсніуге баулу, әдеби танымдарын дамыту, балаларға арналған көркем шығармаларды мәнерлеп оқу және түрлі жанрдағы көркөм шығармаларды өңгімелеу ерекшеліктері, балалаларға арналған көркем шығармалармен жұмыс сипатын меңгерту Оқу- төрбие жұмысын ұйымдастыра білуге дайындау, оларды тәрбиеші ретінде балалармен және ата-аналарымен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру.
6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.
«Тіл дамыту» - таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.«Тіл дамыту» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген.Арнайы курс сабағы бастауыш сынып оқушыларына әрі қолайлы, әрі тиімді.
Мақсаты:
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Міндеттері:

  • табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

  • балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;

  • байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;

  • үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

  • жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.

Күтілетін нәтиже:

  • - Еркін ойлауға мүмкіндік алады;

  • - Ақыл-ойын дамытады;

  • - Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;

  • - Тіл байлығы жетіледі;

  • - Жан-жақты ізденушілігі артады.

Білім, білік, дағды деңгейіне қойылатын талаптар

  • әліпбидің қатарын жаттау;

  • дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру;

  • сөздердің мағыналарын ажырата білу;

  • сөйлемдерді тыныс белгісіне орай тиісті дауыс ырғағымен оқу білу;

  • сөз таптарын ажырата алу;

  • сурет мазмұнын айтуға жаттығу;

  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;

  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;

  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;

  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;

  • тапсырма шарттарын түсініп орындау;

  • шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;

  • сауатты жаза білуге дағдылану.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет