Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту практикумы пәні және курс міндеттері Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы курсы студенттерге болашақ тәрбиешілер меңгеретін сан алуан кәсіби білімдер, практикалық іскерліктер мен қоса, олардың ана тілін еркін меңгеріп, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына ерекше мән беріледі, өйткені тәрбиеші мамандығы үшін сөйлеу дағдысының маңызы зор. Балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, жеке тұлғалық саналарын қалыптасыра отырып, педагог сөз арқылы баламен тіл табысады. Тәрбиешініңмәнерлеп оқи білуі арқылы мектеп жасына дейінгі балалар көркем әдебиетпен танысады, оған ынта-ықыласы қалыптасады. Алайда, тек мәнерлеп оқу принциптерін меңгерген және балаларға мәнерлеп оқуәдістемесін жете білетін тәрбиешіні ғана мектеп жасына дейінгі балаларға көркем әдебиетті ұғындырып,оның мазмұнын мәнерлі де айшықты жеткізе алады. Сондықтан мәнерлеп оқу мектепке дейінгімамандарды кәсіби даярлау жүйесінің маңызды буындарының бірі болып табылады.
Пәннің мақсаты: Болашақ тәрбиешілерді тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумын меңгеру және нақтылы арнаулы жаттығулар барысында студенттердің мәнерлеп сөйлеу техникасы мен мәнерлеу екпінін дамыту,өнер ретінде көркем шығарманы оқу теориясымен таныстыру, студенттерді мәнерлеп оқу дағдыларына, түрлі жанрдағы көркем шығармаларды орындау, талдау дағдыларын қалыптасыру, оған әдістемелік тұрғыдан талдау жасап үйрену болып табылады.
Пәннің міндеттері: Болашақ тәрбиешілердің әдеби жанр ерекшеліктерін терең түсніуге баулу, әдеби танымдарын дамыту, балаларға арналған көркем шығармаларды мәнерлеп оқу және түрлі жанрдағы көркөм шығармаларды өңгімелеу ерекшеліктері, балалаларға арналған көркем шығармалармен жұмыс сипатын меңгерту Оқу- төрбие жұмысын ұйымдастыра білуге дайындау, оларды тәрбиеші ретінде балалармен және ата-аналарымен қарым-қатынас жасауды қалыптастыру.
6-7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Тіл дамыту» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Тіл дамыту- жеке тұлғаның әр түрлі жеке бас ерекшелігімен ойлай білу, дербес іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім- түйсіктері, таным іс- әрекеттерімен тікелей байланысты болады.
«Тіл дамыту» - таңдау курсы. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады.«Тіл дамыту» курсы 1 сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі:аптасына 1 сағат, жылына 33 сағат жүктеме берілген.Арнайы курс сабағы бастауыш сынып оқушыларына әрі қолайлы, әрі тиімді.