Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6935
1   2   3

Ойлау дағдыларының 

деңгейі:

Білу және түсіну

Қолдану

Талдау 


Бағалау критерийі:

Теңдік, теңсіздікті, теңдеуді ажыратады. 

Тура және тура емес теңдіктерді анықтайды. 

Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады.

Санды және әріпті өрнектерді салыстырады.

Қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді шығарады.



Орындау мерзімі

20 минут


Тапсырма

25

Бағалау  

критерийлері

Дескрипторлар

Балл

Білім алушы

Теңдік, теңсіздікті, 

теңдеуді ажыратады

теңдеулерді қызыл түспен бояйды;

1

теңдіктерді сары түспен бояйды;



1

теңсіздіктерді жасыл түспен бояйды;

1

Тура және тура емес 



теңдіктерді анықтайды

тиісті санды жазып, тура теңдік шығарады;  

тиісті санды жазып, тура емес теңдік шығарады;

1

1



Берілген мәні бар әріпті 

өрнектің мәнін табады

берілген мәні бар айырманың мәнін табады;

1

берілген мәні бар  қосындының  мәнін табады;



1

Санды және 

әріпті өрнектерді 

салыстырады

қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;

1

айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;



1

бір амалмен берілген санды өрнектерді салыстырады;

1

Санды және әріпті  



өрнектерді 

салыстырады

есептің қысқаша шартын жазады немесе сызбасын 

сызады;


1

 есептің сұрағын жазады;

есептің шешуін жазады (амал таңбасын таңдайды);

1

өрнектің мәнін табады – есептің шешуі;



1

есептің жауабын жазады.

1

Барлық балл

15

4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

нәтижелерінің талдауы  

Мұғалімге  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың 

нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға 

кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік 

береді.  Бұдан  басқа  мұғалім  қажет  болған  жағдайда  қалыптастырушы, 

жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, 

сабақ жоспарларын қайта қарауына болады. 

Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің жалпы сипаты 6-кестеде 

көрсетілген. 


26

6-кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты

Деңгейлер 

Сипаты 

Төмен  


деңгей

•  пәндік  терминдер  мен  ұғымдар  бойынша  қарапайым  білімін  және  түсінігін 

көрсетеді; 

•  жай  тапсырмаларды  орындайды  және  тікелей  нұсқаулықтарға  сай  орындау 

рәсімдеріне ілеседі;

•  ақпаратты  ұсынудың  әр  түрлі  формаларының  (кестелер,  графиктер  және 

диаграммалар) негізінде жай қорытынды қалыптастырады; 

•  жай тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады.

Орта  

деңгей


•  пәндік  терминдер  мен  ұғымдар  бойынша  жеткілікті  білімін  және  түсінігін 

көрсетеді; 

•  әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда 

білімін сәтті түрде қолданады;

•  ақпаратты  жалпылайды  және  ішінара  негіздей  отырып  қорытынды  жасайды, 

алынған нәтижелерге қатысты аргументтерді келтіре алады;

•  әдеттегі  тапсырмалардағы  үлгілерді  ажыратады,  шешудің  стандартты 

жолдарын ұсынады және қолданады; 

•  тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа 

өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді.

Жоғары 

деңгей


•  пәндік терминдер мен ұғымдар бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді; 

•  қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті 

түрде қолданады;

•  әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жалпылайды және толық негіздей 

отырып қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді 

аргументтерді келтіре алады;

•  қиын  тапсырмалардағы  үлгілерді  ажыратады,  шешудің  баламалы  және 

стандартты емес  жолдарын ұсынады және қолданады; 

•  тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен 

білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған 

нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды.

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалауда  орындалған 

жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі оқуға 

ынталандыруы қажет. Кері байланыс білім алушылардың оқу жетістігінің 

жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Аталған ақпарат рубрика 

түрінде беріледі (5-қосымша). 

Рубрика  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  әр 

рәсімі  үшін  құрастырылады,  ол  әр  критерий  аясындағы  оқу  жетістігі 

деңгейін көрсетеді. Жиынтық бағалаудың әдістемелік ұсынысының бөлім/

ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілерінде 

құрастырылған рубрикалар көрсетілген. 

Білім алушыларды бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

нәтижелерімен таныстыру кезінде білім алушылардың жұмыстары, олардың 

рубрикада белгіленген оқу жетістігі деңгейлерін қоса ұсыну қажет. Рубрикалар 

үлгілері 7-суретте берілген. 


27

7-сурет. Математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижесінің  

рубрикалар үлгісі

Рубрика  әр  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау 

рәсімдеріне  құрастырылады,  әр  критерий  аясындағы  оқу  жетістігінің 

деңгейлерін көрсетеді. 7-суретте көрсетілгендей, мұғалім рубрикада орташа 

деңгейді сипаттап жазу кезінде тапсырмадағы білім алушы қателік жіберген 

нақты сол элементті атап көрсетуі қажет. 

Жиынтық  бағалау  бойынша  әдістемелік  ұсыныста  бөлім/ортақ 

тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  тапсырмалар  үлгілеріне 

рубрикалар құрастырылып, ұсынылған. 


28

4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мазмұнындағы  білім, 

дағды  және  түсінуге  қатысты  дәлелдеулерді  ұсынады,  тоқсандағы  оқу 

барысының  ілгерілеуін  өлшейді.  Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тоқсан 

соңында өткізіледі, онда тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар 

қойылады. 

Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі 

өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде 

ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің 

талдау,  синтез  және  бағалау  сияқты  жоғарғы  сатыларымен  қоса  әр  түрлі 

тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. 

Оқу жылында әдістемелік бірлестіктер құрастырған жиынтық бағалаудың 

жоспарында  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  рәсімдері  көрсетілуі  керек 

(Жиынтық бағалау үдерісі, 4.2-бөлімді қараңыз). 



4.2.2.1  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлау  және 

ұйымдастыру 

Тоқсандық  жиынтық      бағалауды    жоспарлауда    әуелі    оқу 

бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарына  шолу  жасау  керек,  себебі  бағалау 

олардың меңгерілуін тексереді. 

Бағалаудың  аталған  рәсімдерін  ұйымдастыру,  жоспарлау  кезінде 

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар 

үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  мазмұнын, 

құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

•  тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

•  тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

 

– жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;



 

– бағалау құрылымы;

 

– тапсырмалар саны; 



 

– тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

•  тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;

•  тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

•  тапсырмалардың балл қою кестелері. 

Әр  мектептің  ұсынылған  үлгілерді  қолдануына  немесе  өз  бетінше 

тапсырмалар  құрастыруына  мүмкіндігі  бар.  Тоқсандық  жиынтық  бағалау 

тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық 

сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. 


29

Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, 

зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  тоқсан  басында  білім 

алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық 

бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады. 

Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  қайта  орындауға  (көшіруге)  рұқсат 

етілмейді.  

Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты 

(ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференция,  олимпиада, 

ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына  байланысты)  білім 

алушылар  келмеген  жағдайда  оларға  мектепке  келген  соң  екі  апта  ішінде 

тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары 

қолданылады.  

Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты 

орындағанға  дейін  қол  жетпейтін  орында  сақтау  қажет.    Қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  мақсатында  тапсырмаларды  белгілі  бір  орында,  белгілі 

қызметкерге  ғана  (мысалы,  директордың  орынбасары)  мүмкіндік  беріп 

сақтау ұсынылады.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды    әдетте  мұғалімдер  өткізетін 

болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте 

тек  бір  мұғалім  ғана  болады.  Мүмкіндігінше  кез  келген  бос  мұғалімнің 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы, 

бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды 

өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық  бағалаудың  өткізілуін  үздіксіз 

қадағалауы  маңызды  және  басқа  әрекеттер  жасамағаны  дұрыс  (мысалы, 

дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау). 

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын 

ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп 

жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады.  Кабинеттерді  дайындау  кезінде 

келесілерді ескеру қажет:

•  білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына қолайлы 

болатындай етіп отырғызуды ойластыру;

•  білім  алушыларды  басқа  білім  алушылардың  жұмыстарын  көре 

алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;

•  білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың 

арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына  мүмкіндік 

беретіндей орналасуы тиіс;


30

•  негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім 

алушылардың алдында болғаны дұрыс;

•  тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін 

деген  плакаттар,  ақпараттық  сипаттағы  қабырға  материалдарының 

алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс. 

Тоқсандық    жиынтық    бағалауды    өткізуге  дейін  мұғалім  білім 

алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым 

салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен 

бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген 

материалдарды, құралдарды және заттарды ғана әкелуіне болады.  Тыйым 

салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  туралы  жан-жақты  ақпарат 

тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  бойынша  мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулықта берілген (6-қосымша).   

4.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  жиынтық  бағалаудың  әдістемелік 

ұсынысында  берілген  үлгідегі  балл  қою  кестесіне  сәйкес  құрастырылады. 

Аталған кестеге сәйкес мұғалімдер балдарды қояды. 

Мұғалім  әр  жауапқа  қойылған  балдардың,  нәтижелердің  дұрыс 

жазылғанына көз жеткізуі тиіс. 

Бағалау  нәтижелерін  мұғалім,  білім  алушының  оқудағы  ілгерілеуін 

бағамдау  үшін  қолдануына  болады.  Ол  үшін  мұғалім  нәтижелерді,  кері 

байланысты білім алушыны оқуға ынталандыратындай түсінікті етіп, өзінің 

нәтижесі бойынша ойлануына мүмкіндік беру қажет. 

Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін білім алушылардың 

оқу  бағдарламасы  мазмұнын  қаншалықты  тиімді  меңгергенін,  қандай 

дағдыларды  игергенін  талдау  үшін  қолдануына  болады.  Сонымен  бірге 

мұғалім  үшін  аталған  ақпараттың  келешекте  қалыптастырушы  бағалау 

кезінде оқу үдерісін жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.  

4.2.2.3  Тоқсандық  жиынтық  бағалау  қорытындысын 

модерациялау  

Бағалауды  стандарттау  мақсатында  мұғалімдер  білім  алушылардың 

тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін талқылауы үшін 

модерация белгіленген. Модерацияны өткізу үшін параллель сыныпта сабақ 

беретін  мұғалімдердің  ішінен  комиссия  құрылады.  Олар  белгілі  бір  пән 

бойынша  балл  қою  кестесіне  қатысты  бірыңғай  түсінікті  қамтамасыз  ету 



31

үшін алдын ала бағаланған жұмыстарды талқылайды. Модерация төрағасы 

әдістемелік бірлестіктің жетекшісі, одан басқа кез келген пән мұғалімі бола 

алады. 


Мұғалім мұнда тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің модерация 

қорытындысы  бойынша  жоғары  сондай-ақ,  төмен  деңгейге  қарай  өзгеруі 

мүмкін екенін ескеруі қажет. 

Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  модерациялау  үдерісі  белгілі  бір 

тәртіппен жүргізіледі. 

Мұғалім модерацияға дейін: 

•  білім алушылардың  жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне 

сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады; 

•  жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен; 

бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады; 

•  жеке  мәліметтерді  шифрлейді,  білім  алушылардың  жұмыстарының 

көшірмелерін дайындайды.  



Модерация кезінде:

•  жұмыс  қорытындысын  ұжымда  талқылайды,  барлық  балдардың  балл 

қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;

•  қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер 

енгізеді; 

•  отырыс хаттамасына қол қояды.



Модерациядан кейін:

•  модерацияны  ескере  отырып,  білім  алушылардың  жұмыстарын  қайта 

қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі 

де мүмкін;

•  соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;

•  соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды. 

Модерацияны    ойдағыдай    жүргізу    үшін    қажетті  жағдайлар: 

ынтымақтастық  мәдениеті,  ашық  және  анық  коммуникация,  сындарлы 

(конструктивті)  кері  байланыс  және  ұжымдағы  кәсіби  қолдау  болып 

табылады.

 


32

5 БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ   

Білім  алушылардың  ілгерілеуін  қадағалау  мақсатында  мұғалімдер 

оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде  орындалған  жұмыстарды  сақтауы  қажет. 

Білім  алушылардың  портфолиосы  бағалау  нәтижелерінің  анықтығы  мен 

дәлдігін арттыруға бағытталған. Портфолио – білім алушылардың мақсатты 

түрде жинақтаған, олардың оқудағы нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу 

жылындағы  бір  немесе  бірнеше  пәндер  бойынша  жетістіктерін  көрсететін 

жұмыстары.  Портфолио  бір  оқу  жылына  арнап  құрылады.  Оқу  жылы 

аяқталған соң, оны білім алушыларға, ата-аналарға беру керек.  

Портфолиода білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ 

тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған 

жұмыстары,  балл  қою  кестелері,  білім  алушылардың  рефлексиялары, 

мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері байланыстары болуы қажет.    

Оның  ішінде  білім  алушылардың  жұмыс  дәптерлері,  салған  суреттері, 

тәжірибелік  тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  фотолары,  зерттеу 

жұмыстарының  қорытындылары,  мұғалімнің  жұмыстарға  берген  пікірлері 

болуы  да  мүмкін.  Білім  алушылардың  кейбір  жұмыстарын  электрондық 

нұсқада сақтауға да болады. 



Білім алушы портфолиосына ұсынылған құрылым:

•  Титул беті; 

•  Пән бойынша бөлгіштер;

•  Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

жұмыстары, мысалы: бағалау критерийлері, балл қою кестесімен жазба 

жұмыстары, таныстырылымдар, бақылау жұмыстары, эссе, т.б.;

•  Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін көрсететін күнделікті сабақ 

үдерісінде орындаған жұмыстары;  

•  Мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары; 

•  Білім алушының рефлексиясы.   

Портфолионың  формасы  білім  алушылардың  жас  ерекшелігіне, 

пәнге  байланысты.  Мысалы,  АКТ,  информатика  бойынша  портфолио 

электрондық үлгіде болуы мүмкін (электрондық портфолио), ол электрондық 

тасымалдаушы құралда сақталады (дискіде). 

 


33

6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық 

бағалау нәтижелері электрондық нәтижелерді тіркеу журналында тіркеледі. 

Барлық балдар, бағалардың есебі электрондық журналда автоматты түрде 

жүзеге асырылады.  

Білім алушылардың бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық 

жиынтық бағалау нәтижелерін қою электрондық журналда оқыту тәжірибесін 

жетілдіру, талдау үшін қолданылатын балдар, бағалар туралы ақпараттарды 

көрсетеді. 

Жиынтық бағалаудың нәтижелері білім алушыларға, ата-аналарға тоқсан 

барысында, тоқсанның соңында беріледі (7-кесте).

7-кесте. Нәтижелерді тіркеу

Білім алушыларға  

қойылады:

Сипаты 

Әр бөлім/ортақ тақырыптар 

бойынша жиынтық бағалаудың 

балы 


Жинақталған балдар саны мен оқу жетістігі деңгейлері 

(жоғары, орта, төмен)

Тоқсандық жиынтық 

бағалаудың балы 

Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес 

жинақталған балдар саны

Тоқсандық баға  

Балды бағаға ауыстыру

 шәкіліне сәйкес белгілі 

пайыздық арақатынастағы барлық тоқсандық жиынтық 

бағалаулардың балл саны. Білім алушылар тоқсандық 

бағаны 50% бөлім/ортақ тақырыптардың қорытындысы 

бойынша, 50% тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы 

бойынша жинайды

Жылдық баға 

Барлық тоқсандардағы максималды мүмкін балдарға 

қатысты жинақталған балдар санының пайыздық 

арақатынасы 

балды бағаға ауыстыру

 шәкіліне сәйкес

Тоқсан  соңында  бағалаудың  барлық  нәтижелері  1-ден  5-ке  дейінгі 

бірыңғай балды бағаға ауыстыру шәкілі негізінде есептеледі, бұл бағалаудың 

ашықтығын,  салыстырымдылығын,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың 

бірдей түсінігін қамтамасыз етеді (8-кесте).



8-кесте. Балды бағаға ауыстыру шәкілі

Балдың пайыздық  

мазмұны

Баға көрсеткіші

Баға 

0

Бағаланбады 



«1»

1%-20%


Қанағаттанғысыз 

«2»


21%-50%

Қанағаттанарлық 

«3»

51%-80%


Жақсы 

«4»


81%-100%

Өте жақсы 

«5»


34

6.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  әр  рәсімінің 

қорытындысы  негізінде  білім  алушылар  оқу  жетістігі  деңгейіне  сәйкес 

максималды  жинақталған  балл  саны  түріндегі  қорытынды  нәтижеге  қол 

жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны 

болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін (9-кесте).



9-кесте. Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны 

Оқу жетістігі деңгейлері

Балдың пайыздық 

мазмұны

Болжам баға

Жоғары 


81%-100%

«5» деген бағаға сәйкес

Орта 

21%-80%


«3 – 4» деген бағаларға сәйкес

Төмен 


0-20%

«1 – 2» деген бағаларға сәйкес

Төменде  «Математика»  пәні  бойынша  1-сынып  білім  алушыларының 

3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мысал түрінде 

берілген. 

«Математика»  пәні  бойынша  1-сынып  білім  алушыларының 

3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері



Бөлім бойынша 

жиынтық бағалау 

(ЖБ) 

Білім  

алушылардың 

балы

Максималды 

балл

Оқу жетістігі 

деңгейі

Болжам 

баға 

1

1-бөлім бойынша 



ЖБ 

8

12



Орта (66%)

3-4


2

2-бөлім бойынша 

ЖБ

5

10



Орта (50%)

3-4


3

3-бөлім бойынша 

ЖБ

10

12



Жоғары (83%)

5

6.2 Тоқсандық баға қою 



1-сыныпта 1-жартыжылдықта жиынтық бағалау өткізілмейді. Тоқсандық 

бағалар тек 3 және 4-тоқсандарда қойылады. 

Тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсандық  жиынтық 

бағалау қорытындысы есебінен жинақталады. 



2-4-сыныптарда  тоқсандық  бағалар  бөлім/ортақ  тақырыптар  және 

тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысы арқылы жинақталады. 

Тоқсандық  бағаны  қою  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсандық 

жиынтық  бағалау  қорытындысының  белгілі  пайыздық  арақатынасы 

пайдаланылады:   


35

 

– тоқсандық  бағаның  50%  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 



бағалау қорытындысы арқылы қалыптасады;

 

– тоқсандық бағаның 50% тоқсандық жиынтық бағалаудың қорытындысы 



бойынша қалыптасады. 

Жиынтық бағалау (ЖБ)

 Үлес салмағы 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша ЖБ 

50%

Тоқсандық ЖБ 



50% 

Тоқсандық баға

100%

Төменде  «Математика»  пәні  бойынша  1-сынып  білім  алушыларының 

3-тоқсан бағаларының есебі мысал түрінде берілген. 

«Математика»  пәні  бойынша  1-сынып  білім  алушыларының 

3-тоқсанның, бөлімнің жиынтық бағалауы бойынша нәтижелері



Жиынтық 

бағалау 

(ЖБ)

Білім 

алушылар  

балы

Максимал-

ды балл

Оқу 

жетістігі

деңгейі

Болжам 

баға

Арақаты-

насы,

%

Балдың 

пайыздық 

мазмұны

1

1-бөлім 



бойынша 

ЖБ 


8

12

Орта  



(66%)

3-4


50%

33,8%


2

2-бөлім 


бойынша 

ЖБ

5



10

Орта 


(50%)

3-4


3

3-бөлім 


бойынша 

ЖБ

10



12

Жоғары 


(83%)

5

4



Тоқсандық 

ЖБ

15



20

-

-



50%

37,5%


Барлығы:

71,3

Тоқсандық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:

Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық 

бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.    



33,8% + 37,5% = 71,3% 

36

Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық 

бағасымен анықталады.

Баға 

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»


0

«2»


1%-20%

«3»


21%-50%

«4»


51%-80%

«5»


81%-100%

Аталған шәкілге сәйкес 71,3 %,  баға «4-ке» сәйкес. 

  «Математика»  пәні  бойынша  білім  алушының  3-тоқсандағы 

 бағасы – «4». 



6.3 Жылдық баға қою 

Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның 

нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар). 

Төменде  2-сыныптың  «Математика»  пәні  бойынша  білім  алушының 

жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген. 

2-сыныптағы  «Математика»  пәні  бойынша  білім  алушылардың 

1-4-тоқсандардағы нәтижесі

Жиынтық 

бағалау 

(ЖБ) 

1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан

Балдың 

жалпы 

саны

Арақаты-

насы,

%

Оқу жылы 

бойынша 

балдардың 

пайыздық 

мазмұны 

Бөлім 

бойынша 

ЖБ 

34-тен 23 30-дан 20 25-тен 21 20-дан 18 109-дан 

82

50%


37,6%

Тоқсан

дық ЖБ  20-дан 18 20-дан 15 20-дан 19 20-дан 16

80-нен 


68

50%


42,5%

Барлығы:

80,1%

Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:



37

Жылдық  баға  есебі  үшін  білім  алушының  бөлім/ортақ  тақырыптар 

бойынша  және  тоқсандық  жиынтық  бағалаудағы  жалпы  саны  есептеледі. 

Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық 

арақатынаспен анықталады. 

Оқу  жылындағы  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және  тоқсандық 

балдың  пайыздық  мазмұны  жинақталады,  балды  бағаға  ауыстыру  шәкілі 

арқылы ауыстырылады. 



37,6% + 42,5% = 80,1% 

Баға 

Балдардың пайыздық мазмұны

«1»


0

«2»


1%-20%

«3»


21%-50%

«4»


51%-80%

«5»


81%-100%

80,1 % балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес – бұл баға «4».

2-сыныптағы  «Математика»  пәні  бойынша  білім  алушының  жылдық 

бағасы – «4». 


38

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке 

тұлға  ретінде  жан-жақты  дамуына  да  тікелей  қатысты  болады.  Оқытудың 

қаншалықты  табысты,  ойдағыдай  өтетіні,  сондай-ақ,  білім  алушылардың 

қандай  қиындықтарды  басынан  өткізетіндігі  туралы  ақпаратты  мектептің 

тиімді  бағалау  жүйесі  көрсетеді.  Сондықтан    жаңартылған  білім  беру 

мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. 

Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден 

сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған. Оқу нәтижелерін бағалау 

барысында  жаңа  формалар  енгізілмек:  балдарды  қоюды  қарастыратын 

жиынтық  бағалау  мен  кері  байланыс  беруді  қамтитын  қалыптастырушы 

бағалау.


Мұғалімдерге  көмек  ретінде  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 

қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  үдерістерін  жоспарлау, 

ұйымдастыру  мақсатында  практикалық  ұсыныстар  берілген.  Атап 

айтқанда,  бағалауды  өткізудегі  қолданылатын  әр  түрлі  бағалау  түрлері 

(қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық, 

жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және 

тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы. 

Осылайша,  бағалаудың  жаңа  құралдарын  енгізу  де  жоспарланған: 

критерийлер,  әр  түрлі  деңгейдегі  тапсырмалар,  дескрипторлар,  оқу 

жетістіктерінің  деңгейлері,  балдар,  баға,  т.б.  –  бұл  оқуда  және  бағалауда 

мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді. 


39

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

Блум Б.С. (1956). Классификация учебных целей. Нью Йорк: Лонгман.

Блум Б.С., Кратволь Д. (1956). Таксономия целей обучения. Нью Йорк: 

Лонгман.


Блэк П., Уильям Д. (2009). Педагогические исследования: формативное 

оценивание. Британский научный журнал исследований №29. 

Вуд  Д.,  Брунер,  Дж.  С.,  Росс,  Г.  (1976).  Скаффолдинг,  тьюторство  и 



компьютерное  сопровождение  обучения.  Журнал  детской  психологии  и 

психиатрии, 17(2), 89-100.  

Выготский Л.С. (1978). Развитие высших психических функций. Москва: 

изд. АПН РСФСР.

Кембридж  университетінің  білім  беру  факультетімен  бірлесіп, 

Педагогикалық 

шеберлік 

орталығы 

құрастырған, 

Қазақстан 

Республикасындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының 

деңгейлік  бағдарламасының  глоссарийі:  оқу-әдістемелік  құрал  (2012). 

Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік 

орталығы. 

Зимняя  И.А.  (1973).  Психология  слушания  и  говорения.  Москва: 

Докторская диссертация. 

Логвина И., Рождественская Л. Инструменты формирующего оценивания 

в деятельности учителя-предметника. Пособие для учителя. – Нарва, 2012. 

– 48 с.


Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/

Сост. Р. Х. Шакиров, А.А. Буркитова, О.И. Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 

80 с.

ЭЫДҰ (2014). Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта 



білім беру.

Пинская М.А. Формирующее оценивание: оценивание в классе: Учебное 



пособие. – М.: Логос, 2010. – 264 с.

Уигнис Г. и Тай Дж. (2011). Что такое «обратный дизайн»? 

Уильям Д. (2008). Изменяя практику в классе. Заметки из исследований 

Ширли Кларка, Дилана Уильяма и Национальной стратегии. 

Уильям Д. и Томсон М. (2007). 5 основных стратегий для формативного 

оценивания. 

Фишман  И.С.,  Голуб  Г.Б.  Формирующая  оценка  образовательных 



результатов  учащихся:  Методическое  пособие.  -  Самара:  Издательство 

«Учебная литература», 2007. - 244 с.

Шамова  Т.И.  (2007).  Современные  средства  оценивания  результатов 

обучения в школе. - Москва: Педагогическое общество России.


40

ҚОСЫМШАЛАР

1-қосымша



Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің 

рефлексияға қатысты сұрақтары 

Сабаққа дейін (жоспарлау)

• Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден

тұрады.

• Мен білім алушылардың  қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын,



мұны қалай түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.

Сабақта

• Менің  білім  алушыларым  сабақтың  оқу  мақсаттарын,  күтілетін

нәтижелерін біледі.

• Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім,

дағды, түсіну деңгейлерін анықтаймын.

• Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

• Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін,

одан не күтілетінін біледі.

• Мен  білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  бойынша  нәтижелерін

сабақ барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.

• Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бір-

бірінен үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.

• Ашық сұрақтар білім алушылардың түсінгенін үнемі тексеріп отыру үшін

қолданылады.

• Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.

• Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі

әдістерін қолданамын.

• Мен  білім  алушылардың  ілгерілеуін  мониторингілеу  үшін  бағалау

нәтижелерін тіркеп отырамын.

• Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі

бар.

• Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау



үшін қолданылады.

• Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері

байланыс  беремін.

Сабақтан соң

• Мен талдаймын:

 

□ оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?



 

□ не орындалды, нені орындау керек еді?

 

□ не орындалмады?



 

□ келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?

 

□ нені қайталау қажет?



 

□ жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?

 

□ білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды 



ма?

41

2-қосымша

 

Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу 

Оқу  мақсаттарына  жету  деңгейін  анықтау  үшін  бағалау  критерийлері 

құрастырылады,  ол  Б.Блумның  таксономиясы  арқылы  оқу  мақсаттарына 

сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі. 

Блум  таксономиясын  1956  жылы  америкалық  психолог  Бенджамин 

Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты 

ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы 

топтастыруды ұсынды.

Белгілі  дағдыларды  нақты  анықтау  критериалды  бағалаудың  маңызды 

аспектісі  болып  табылады.  Ойлау  дағдыларының  деңгейлері  үш  топтың 

төңірегінде берілді: 

•  білу және түсіну;

•  қолдану;

•  жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау). 



Бағаланатын дағдылар сипаттамасы

Ойлау 

дағдыларының 

топтары

Сипаты 

Етістіктер 

Білу және түсіну

Нақты деректерді, ақпараттар 

мен сипаттамаларды, есте сақтау 

немесе елестету, меңгерген 

материалды дұрыс жеткізу, болжау 

немесе ақпаратты жеткізу арқылы 

түсіну және түсіндірудегі баға 

қабілеттілігі. 

атайды, назар аударады, 

есте сақтайды, талқылайды, 

анықтайды, айтады, жазады, 

қайталайды, көрсетеді, 

хабарлайды. 

Қолдану 

Бір мәселені нақты жаңа жағдайда 

шешу үшін меңгерген материалды 

қолданудағы баға қабілеттілігі. 

Білімді қолданудың таныстыру 

әдісі тәжірибелік жұмыстар, 

эксперименттер, жоба жұмыстары, 

мәселені шешу және жаңа және/

немесе түрлі нәтижелер жасау 

болып  табылады.  

қолданады, санайды, өзгертеді, 

таңдайды, топтастырады, 

аяқтайды, қорытындылайды, 

таныстырады, табады,  жасайды, 

ықпал етеді, зерттейді,  

эксперимент жүргізеді, 

түсіндіреді, сахналайды, 

түрлендіреді, сәйкестендіреді, 

жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, 

пайдаланады, құрайды, іске 

асырады. 


42

Талдау, жинақтау 

және бағалау

Баға қабілеттілігі: 

- ақпараттық материалдарды жеке 

бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау 

жолымен түрлі пікірлер алу үшін 

ақпараттарды немесе себебін, 

тұжырымын меңгеру, жалпы 

ережелер үшін дәлелдер табу

- жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, 

элементтер) біріктіру, қиыстыру, 

мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, 

баяндама оқу), әрекет жоспары, 

қажет мәліметті реттейтін кесте; 

- осы немесе басқа материалдың 

маңызын бағалау (бекітілген көркем 

шығарма, зерттеу мәліметтері).   

талдайды, бағалайды, 

топтастырады, есептейді, 

қабылдайды, салыстырады, 

байланыстырады, қарсы 

қояды, сынайды, талқылайды, 

саралайды, ажыратады, бөледі, 

зерттейді, эксперимент жүргізеді, 

түсіндіреді, пікір білдіреді, 

сәйкестендіреді, тексереді.

топтастырады, жинақтайды, 

қосады, үйлестіреді, құрайды, 

құрады, құрастырады, 

жалпылайды, біріктіреді, 

саралайды, ұйымдастырады, 

жоспарлайды, ұсынады, 

орнатады, біріктіреді, аргумент 

келтіреді, негіздейді, келіседі

салыстырады.

дәлелдейді, таңдайды, 

салыстырады, қорытынды 

жасайды, сендіреді, негіздейді, 

түсіндіреді, өлшейді, болжайды, 

алдын алады, ұсынады, пікір 

білдіреді, саралайды, бөліп 

көрсетеді, қосады, қолдайды, 

тексереді, бағалайды, талдайды.

Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының 

деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.



Математика  пәні  бойынша  бағалау  критерийлерін  құрастырудың 

үлгісі, 1-сынып

Оқу мақсаты

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының  

топтары

Білім алушы:

Жазықтықтағы фигураларды 

ажырату (үшбұрыш,  

дөңгелек, төртбұрыш, 

тікбұрыш)/кеңістіктегі  

фигуралар (куб, шар,  

цилиндр, конус, пирамида) 

және оларды қоршаған  

ортадағы заттармен  

сәйкестендіру

Жазықтықтағы фигураларды 

(үшбұрыш, дөңгелек,  

төртбұрыш, тікбұрыш)/

кеңістіктегі фигураларды (куб, 

шар, цилиндр, конус, пирамида) 

анықтайды және атайды.

Білу және түсіну

Жазықтықтағы және 

кеңістіктегі фигураларды 

ажыратады.

Фигураларды қоршаған 

ортадағы заттармен  

сәйкестендіреді.

Қолдану


43

*Ескертпе: дөңгел

ектердің саны бір оқу мақсаты бо

йынша өткізілге

н сабақ санына сәйкес кел

еді



Білім 

алушының аты-жөні

Оқу мақсаттары

Қо

сымша пікірл

ер

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

3-қо



сымша

Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бо

йынша бақылау парағы

Мұғалім ______________________   Кезең ______________________________   мақсатқа қол жеткізілді  Сынып  _______________________  Бөлім атауы ________________________  мақсатқа қол жеткізілмеді Сабақ саны  ___________________  Бөлімше  ___________________________ 

44

 4-қо


сымша

«Бекітілді»

_________________________________ _________________________________ 

Жиынтық бағалауд

ы өткізу жо

спары 

20_____ - 20______ оқу жылы

Пән_____________________________                                                                      Сынып________________________

Тоқ

сан

Тоқ

сан

дағ

ы а

пта

лар 

сан

ы

Ж

иы

нт

ы

қ б

ағ

ал

ау 

рә

сі

м

де

рі

ні

ң а

та

уы 



өл

ім б

ой

ы

нш

а ж

иы

нт

ы

қ 

ба

ға

ла

уд

ы

ң 

та

қы

ры

пт

ары

)

апта

Ба

ға

ла

уды ө

тк

із

у 

ф

ор

м

асы

Ж

иы

нт

ы

қ б

ағ

ал

ау 

рә

сі

м

де

рі

н о

ры

нд

ау 

ұз

ақ

ты

ғы

Ме

рз

ім

і

Ес

кер

ту

құр

аст

ыру

сар

апт

ам

а жа

сау

бас

ып 

шы

ғар

у

45

5-қосымша



Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 

қорытындысы  

туралы ата-аналарға арналған  ақпарат (рубрикалар)

Білім алушының

аты-жөні

Пән

Сынып 

Тоқсан ____

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «________________________»

Бағалау 

критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

(бағалау 

критерийлерінің 

тұжырымдамасы)

(бағалау критерий

лері бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің төмен 

деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері 

бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің орта 

деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері 

бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің жоғары 

деңгейінің сипаты)

(бағалау 

критерийлерінің 

тұжырымдамасы)

(бағалау 

критерийлері 

бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің төмен 

деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері 

бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің орта 

деңгейінің сипаты)

(бағалау критерийлері 

бойынша білім 

алушылардың оқу 

жетістігінің жоғары 

деңгейінің сипаты)



Мұғалімнің 

қосымша пікірлері:

(мұғалімнің пікірі)



Мұғалімнің аты-жөні _________________________________

Қолы_______________

 

Күні_____________

46

6-қосымша



Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша мұғалімдерге 

арналған нұсқау 

Білім  алушылар  орындарына  жайғасып,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

жұмысын орындауға дайын болған кезде мұғалім төмендегілерді орындауы 

қажет:


•  Тапсырманы білім алушы отырған партаның үстіне бетін төмен қаратып 

қояды, бетті аударып қарамауын өтінеді.  

•  Білім алушыларға бағалауды өткізу ережелерін сақтау қажеттігі туралы 

түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  

•  Бағалауды  өткізу  кезінде  білім  алушылардың  бір-бірімен  сөйлесуіне, 

көмек сұрауына, біреуге көмектесуіне болмайтыны туралы ескертіледі.  

•  Білім алушылардың тапсырманы орындауға қажетті құралдарының бар 

екеніне көз жеткізеді. 

•  Білім  алушылардан  тапсырма  парағының  бетін  аударып,  өзі  туралы 

мәліметті толтыруын сұрайды: білім алушының тегі, аты және сыныбы 

(мектебі). 

•  Алғашқы беттегі нұсқауды дауыстап оқып, жұмысты орындауға берілген 

уақытты хабарлайды. Бағалау жүргізіліп жатқан кезде білім алушылардың 

бір-бірімен сөйлеспеу керектігін ескертеді. 

•  Білім алушылардың нұсқауды түсінгеніне көз жеткізеді, сұрақ туындаған 

жағдайда жиынтық бағалау жұмысы басталмас бұрын жауап береді. 

•  Тақтаға басталу және аяқталу уақытын жазады, білім алушылар хабардар 

болу үшін қосымша дауыстап айтады.  

•  Бағалау  жүріп  жатқан  кезде  білім  алушылардың  жұмысты  өз  бетінше 

орындап  жатқанына  көз  жеткізеді.  Олар  бір-бірімен  сөйлеспеуі  қажет, 

бір-бірінен көшіруіне болмайды.  

•  Білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  кезінде  көмек  болатын 

қосымша құралдарды қолданбағанына көз жеткізеді, мысалы, сөздіктер 

немесе  калькуляторлар  (егер  аталған  заттар  тоқсандық  жиынтық 

бағалаудың спецификациясында қарастырылмаған болса). 

•  Білім алушыларға «Математика», «Жаратылыстану» сияқты пәндерден 

шешу жолдарын көрсетіп, содан соң ғана жауап жазу бағанына тек нақты 

жауапты жазу қажеттігін түсіндіреді. 

•  Бағалау өтіп жатқан кезде мұғалім нұсқауға немесе жұмысты орындау 

уақытына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мұғалім білім алушылардың 

жазуына, сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне 

болмайды.  



47

•  Білім  алушылардың  келген,  келмегенін  белгілеп  алу  қажет.  Білім 

алушылардың жас ерекшелігіне қарай анықталған уақыт аралығы, яғни 

жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды. 

Бағалау жұмысын аяқтауға 5 минут қалғанын білім алушыларға әрқашан 

ескертіп отыру қажет.  

•  Егер  кейбір  білім  алушылар  жиынтық  бағалау  жұмысын  белгіленген 

уақыттан бұрын орындайтын болса, өз жауаптарын қайта қарап шығуын 

өтінеді.  Жиынтық  бағалау  жұмысын  орындау  уақыты  аяқталған  соң 

білім  алушылардан  жұмысты  орындауды  тоқтатуын  және  қалам/

қарындаштарын  үстел  үстіне  қоюын  өтінеді.  Барлық  жұмыс  жиналып 

біткенше білім алушылардың бір-бірімен сөйлеспеуі және тыныш отыруы 

өте маңызды.  


48

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 

010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. 

e-mail: info@cpm.kz.



Document Outline

  • титулка
    • Страница 2
  • титулка
    • Страница 2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет