Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6935
1   2   3

14

Мұғалім  қалыптастырушы  бағалау  үдерісінің  тиімділігін  арттыру 

үшін  жинақта  берілген  тапсырмаларды  қолдануына  болады.  Одан  басқа 

мұғалімдерге  қалыптастырушы  бағалаудың  құралдарын  өз  бетінше 

дайындауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін жоспарлау кезеңінде мұғалімге:

•  оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау 

жасау;

•  оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу  мақсаттары  негізінде  бағалау 



критерийлерін құрастыру;

•  тапсырма  құрастыру  кезінде  саралау  (дифференциялау)  тәсілін 

қамтамасыз  ету  үшін  бағалау  критерийлерін  (2-қосымша)  ойлау 

дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

•  бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

•  әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар 

құрастыру ұсынылады.

Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушыларының жеке ерекшеліктерін 

ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (1-кесте). 

Әр  тапсырмаға  дескрипторлар  анықталады.  Бағалау  кезінде  мұғалімнің 

шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл, нақты болуы 

қажет. Бұдан басқа дескрипторлар білім алушыға тапсырманы орындаудың 

қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім 

алушылар  мен  олардың  ата-аналарына  сындарлы  (конструктивті)  кері 

байланыс беруге жағдай жасайды. 

1-кесте. «Математика» пәні бойынша тапсырмалар үлгісі, 1-сынып

Бөлім

20-ға дейінгі екітаңбалы сандарды қосу және азайту



Бөлімше

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер



Оқу мақсаты

Санаудың ірі бірлігі - ондықты құрастыру;  100-ге 

дейін ондықтармен санау, жазу және салыстыру

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну



Бағалау критерийі

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты құрастырады.

100-ге дейін ондықтармен санайды және жазады. 

Ондықтарды салыстырады. 



1-тапсырма.

Санды жазыңыз.



15

2-тапсырма.

Сандарды өсу ретімен жазыңыз.  100, 70, 20,50, 10, 30, 60, 80, 40, 90.



3-тапсырма. 

Тиісті санды  және  таңбаны қойыңыз.

50         30

80 


<

    


Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы

Санаудың жаңа бірлігі – ондықты 

құрастырады

- он санын құрастырады;  

- ондық пен бірліктің  қатынасын анықтайды; 

100-ге дейін ондықтармен санайды 

және жазады

-  ондықтармен санайды және жазады;

Толық ондықтарды салыстырады

- ондықтарды салыстырады; 

- 80-нен артық  екітаңбалы  ондық  санды жазады. 

Қалыптастырушы  бағалауды  жоспарлау,  ұйымдастыру  бойынша 

дағдыларды жетілдіру үшін мұғалім: 

• тапсырмаларды қолдана отырып, қалыптастырушы бағалауды қолдану

тәсілдерінің санын, сапасын арттыруы;

• кері байланыс берудің тиімді формаларын қолдануы;

• қалыптастырушы бағалауды қолдану үдерісін көрсететін сабақ жоспарын

құруы;

• тәжірибені жетілдіру мен рефлексия үшін (білім алушылар жұмысының



сапасы; бағалау құралдарының сапасы; білім алушылардың, ұжымның

кері  байланысы;  ата-аналармен  әңгімелесу  және  т.б.)  сабаққа  талдау

жүргізу қажет.

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін

өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: 

«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»,  «Қолмен  белгі  беру»,  «Бағдаршам»,  «Жинақтау 

парақшасының  индексі»,  «Бір  минуттық  эссе»,  «Сөйлеу  үлгілері»,  «Үш 

минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. 

Қалыптастырушы      бағалаудың      әдістерін      оқу      әрекеттерін    

ұйымдастырудың  әр  кезеңінде,  тақырыпты  түсіндіру,  тапсырма  орындау, 

білім  алушыларға  кері  байланыс  беру  кезінде  қолдануға  болады. 

Қалыптастырушы  бағалаудың  әдістерін  жеке,  жұптық  және  топтық 

жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. 

Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Қалыптастырушы      бағалау  білім  алушылардың  оқу  әрекеттері 

нәтижелерін  ұғынуға  бірден-бір  мүмкіндік  жасайды.  Бұл  олардың  өз 


16

оқуын  «құрушылар»  ретінде  жағдай    жасауына  мүмкіндік  береді,  алған  

нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. 

Жеке  жұмыс  кезінде  қалыптастырушы  бағалауды  жүзеге  асыру  үшін 

мұғалім  білім  алушылардың  әрекеттерін  жүйелі  қадағалап  және  аралық 

нәтижелерді  тіркеп  отыруы  қажет.  Нәтижелерді  тіркеу  кезінде  білім 

алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып 

отырған дұрыс. 

Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге 

жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына 

мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай жоспарлау 

кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс. 



Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының бірі 

болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін және 

жұп  ішінде  бірін-бірі  бағалауына  болады.  Мұндай  өзара  қарым-қатынас 

кезінде  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне  қарамастан  өзара  көмегі, 

рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды. 

Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау 

кезінде  білім  алушылар  тапсырманы  орындау,  оның  нәтижесіне  бірдей 

жауапкершілікпен  қарау  қажет  екенін  түсінуі  керек.  Сондықтан  оларды 

өз  әрекетімен  келісуге,  өзара  әрекеттесуге,  пікір  алмасуға,  сындарлы 

(конструктивті) кері байланыс беруге үйрету маңызды. 

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  мұғалім  белгілі  бір  дағдыны  

бағалаудың  тиімді  тәсілі  ретінде  қолданып,  топтық    жұмысты 

ұйымдастыруына  болады.  Білім  алушылар  алдын  ала  бағалау  

критерийлерімен  таныс  болуы  тиіс.  Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  әр 

топтағы  білім  алушылардың  талқылауын  тыңдайды,  қадағалайды:  кейбір 

білім  алушылар  оқу  мақсатына  жетуді  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  тез 

көрсете  алуы  мүмкін.  Мұғалім  ол  білім  алушылардың  атын  жазып  алуы 

қажет. 

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті 



сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: 

- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?  

- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда 

осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы: 


17

- Сіз қазір не істеп жатырсыз? 

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады? 

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  барлық  топтың  және  әр  жеке  білім 

алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма 

орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім 

алушыларға:

•  жаңа идеяны тұжырымдауды;

•  екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

•  идеяларды бағалауды;

•  топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; 

•  сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда  аталған  бөлімдер  белгілі  оқу  мақсатына  жетудің  дәлелін 

көрсетеді. 



4.1.2 Кері байланыс беру 

Кері  байланыс  сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылады,  мұғалімнің  білім 

алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу 

үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:  

•  білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру

•  тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай 

емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

•  білім  алушылардың  жұмысын  жетілдіру  немесе  кемшілік  тұстарын 

жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; 

•  кері  әсер  ететін  сөздерді,  білім  алушыларды  кекету,  келемеждеуге 

қатысты,  мысалы,  «орынсыз  жауап»,  «осыны  ойлауға  қалай  ақылың 

жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері  байланыс  беру  кезінде  мұғалімге  де,  білім  алушыға  да  2-кестеде 

ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап 

беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді. 



2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары

Мұғалім 


Білім алушы 

•  Білім алушы оқытудың қай сатысында?

•  Олар білім алуда неге талпынады?

•  Бұған  жетуге  көмектесу  үшін  не  істеу 

керек?

•  Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? 



•  Нәтижеге қалай қол жеткіземін? 

•  Кемшіліктерімді  жою  үшін  не  істеуім 

қажет?


18

Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).



3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс 

орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды».

4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал

Бұл білім алушы Б-ға берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім 

білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету 

үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады. 



4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы 

Қалыптастырушы  бағалауды  ұйымдастыру  кезіндегі  маңызды 

  кезеңдердің  бірі  –  білім  алушылар  жұмыстарының  нәтижелеріне  талдау 

жасау.  Мұғалімге  барлық  оқу  үдерісінде  бағалау/бақылау  нәтижелеріне 

жүйелі  талдау  жүргізу  ұсынылады.  Мысалы,  қалыптастырушы  бағалау 

нәтижелеріне  толық  талдау  жүргізу  үшін  мұғалім  арнайы  құрастырылған 

бақылау парағын қолдануына болады (5-сурет). Бақылау парағының үлгісі 

3-қосымшада берілген. 



19

5-сурет. Қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағы 

Қалыптастырушы бағалау нәтижелеріне талдау жасау білім алушыларда 

кездесетін қиыншылықтар туралы ақпарат алуға, оның алдын алу шаралары 

туралы  шешім  қабылдауға  мүмкіндік  береді.    Мысалы,  тексерілген 

жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау:

•  белгілі бір тапсырмалар қиындық тудыратын балалар тобын;

•  бөлім,  тақырыптар  бойынша  қиындықтар  туындайтын  жеке  білім 

алушыларды;

•  білім  алушылар  үшін  аса  күрделі,  қиын  сұрақтар,  тапсырмалар, 

тақырыптарды айқындап береді.

Нәтижелерге талдау жасау мұғалімдердің тәжірибесіне оң әсер етуі үшін:

•  әрекет  ету  мен  шешімді  талап  ететін  нақты,  маңызды,  тәжірибелік 

бағыттағы мәселелерді анықтау;

•  орындалған  тапсырмалар  мен  нақты  мақсаттарға  жету  үшін  талдау 

жүргізу;

•  талдауда дәйектерді, дәлелдерді негізге алу;



•  шешімнің  сыни  нұсқаларын  қарастыру,  яғни,  мәселені  шешудің 

жоспарлылығын,  баламалылығын  (альтернативтілігін),  жетістігін, 

кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

•  мәселені  шешу,  кемшілікті  жою  үшін  өз  тәжірибесін  нақты  қалай 

өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

•  талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, 

портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

•  ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

•  ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, 

сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.    



20

4.2 Жиынтық бағалау үдерісі 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі 

кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, 

дағдысын  көрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге  асырылады.  Жиынтық 

бағалау  тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 

бағалау),  тоқсан  соңында  (тоқсандық  жиынтық  бағалау)  және  білім  беру 

деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.   

Жиынтық  бағалау  бойынша  балл/деңгей/баға  туралы  шешімді  мұғалім 

бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім 

алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар 

немесе балл қою кестелері көмектеседі. 

Аталған  ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау, 

түзету,  оқу  үдерісіне  талдау  жасау  үшін  қолданылады.  Сонымен  бірге 

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы 

үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. 

Аталған  ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау, 

түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. 

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық 

түрлері  бойынша  бақылау  тапсырмаларын,  әдістерін,  кезеңдерін  көрсетіп, 

оқу  жылына  жиынтық  бағалаудың  жоспарын  құрастыру  ұсынылады 

(4-қосымша).



4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, 

оқу  жоспарына  сәйкес  бөлім  немесе  ортақ  тақырыптарды  аяқтаған 

кезде  өткізіледі.  Аталған  жиынтық  бағалаудың  нәтижесі  бойынша  білім 

алушыларға тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу 

мақсаттарына,  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  құрастырылады.  Жиынтық 

бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 

жиынтық  бағалауды  өткізудің  тапсырмалар  үлгілері  берілген.  Бөлім/

ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әдістері, тапсырмалары 

анықталады, оны мектептер өз бетінше құрастырады. 

4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 

жоспарлау және ұйымдастыру 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалауды  ұйымдастыру, 



21

жоспарлау  бекітілген  критериалды  бағалауды  өткізу  тәртібіне  сәйкес 

жүргізіледі.  Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың 

рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген:

•  жаратылыстану-ғылыми пәндер – бөлім бойынша;

•  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер – ортақ тақырыптар бойынша; 

•  тілдік  пәндер  –  сөйлеу  әрекетінің  түрлері  бойынша:  тыңдалым  мен 

айтылым, оқылым мен жазылым бойынша анықталады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары өтілген бөлім немесе 

ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  рәсімдер  мазмұнын 

анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім немесе ортақ тақырыптардағы бағалауға 

жататын оқу мақсаттарының саны (3-кесте) пәндерге байланысты әр түрлі 

болуы мүмкін. 

3-кесте. «Математика» пәні бойынша бөлімдер мысалы, 1 сынып

1-тоқсан - 9 апта

Ұзақ мерзімді 

жоспардың бөлімдері

Бағдарламаның бөлімшелері

Мақсаттар 

саны

Сандар мен цифрлар

Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер

12

Сандармен амалдарды орындау



Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты

Тізбектер

Математикалық тіл

Геометриялық 

фигуралар

Жиындар және олармен орындалатын амалдар

4

Геометриялық фигуралар 



Геометриялық фигуралардың орналасуы 

Шамалар мен өлшемдер

Есептер және математикалық модель

4

Шамалар және олардың өлшем бірліктері



3 бөлім

10 бөлімше

20

Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 

1-тоқсанда  3  бөлім  берілген:  «Сандар  мен  цифрлар»,  «Геометриялық 

фигуралар», «Шама және өлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр 

бөлімде әр түрлі: бірінші бөлімде – 12, екінші бөлімде – 4, үшінші бөлімде – 

4. Сәйкесінше математикадан бөлім бойынша жиынтық бағалау 1-тоқсанда 

әр бөлімді меңгеруді аяқтаған кезде үш рет өткізіледі. 

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын 

құрастыру  кезінде  мұғалім  жиынтық  бағалауға  қатысты  әдістемелік 

ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге 

келесі  алгоритмдерге  сәйкес  өз  бетінше  бағалау  құралдарын  құрастыру 

ұсынылады (6-сурет):

1.  оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын 

меңгеру; 



22

2.  жиынтық  бағалауда  тексерілетін  оқу  мақсаттарына  сәйкес  бағалау 

критерийлерін 

анықтау, 

ойлау 

дағдыларының 



деңгейлерімен 

сәйкестендіру; 

3.  ойлау  дағдыларының  деңгейлеріне  сәйкес  келетін  тексерілетін 

критерийлердің,  оқу  мақсаттарының  мазмұнын  қамтитын  бір  немесе 

бірнеше тапсырмалар дайындау; 

4.  әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру; 

5.  білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін 

ұсыну  үшін  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалауға 

рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін 

сипаттау).  

Бөлім

Оқу мақсаттары



Бағалау 

критерийлері

Ойлау дағдыларының 

деңгейлері

Түрлі деңгейдегі 

тапсырмалар

Дескрипторлар, 

балдар 


Рубрикалар 

Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық 

бағалауды  жоспарлау  кезінде  оқу  мақсаттарының  негізгілерін  көрсететін, 

ойлау  дағдыларының  деңгейлеріне  сәйкес  екенін  белгілейтін  бағалау 

критерийлерін  анықтайды.  Мысалы,  1-сыныптағы  математика  бойынша 

«Геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген:  

1.  Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың  түсі, пішіні, өлшемі, 

материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу; 

2.  Геометриялық  фигураларды:  нүкте,  түзу,  қисық,  сынық  сызықтар, 

тұйықталған  және  тұйықталмаған  сызықтар,  кесінді,  сәуле,  бұрышты 

бір-бірінен ажырату және атау; 

3.  Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және 

кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты 

параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;

4.  Жазық  фигуралардың  модельдерінен  және  бөліктерінен  композиция 

құрастыру.

Жоғарыда аталған оқу мақсаттарының бағалау критерийлері 4-кестеде 

көрсетілген. 



6-сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын 

құрастыру алгоритмі 

23

4-кесте. «Геометриялық фигуралар» бөліміндегі оқу мақсаттарына бағалау 

критерийлері бойынша мысал

Бөлім 

Оқу 

бағдарламасы 

бойынша  

бөлімшелер

Оқу мақсаты

Бағалау  

критерийлері

Ойлау  

дағдыларының 

деңгейлері

Білім алушы:

Геометрия

лық 

фигуралар



Жиындар 

және олармен 

орындалатын 

амалдар


Жиындарды  

элементтерінің 

белгілері  

(нысандардың  түсі, 

пішіні, өлшемі, 

материалы, әрекеті) 

бойынша құру және 

жіктеу              

Жиын  

элементтерін 



ортақ белгілерін 

анықтай отырып, 

біріктіреді 

 (топтастырады)

Талдау

Геометриялық 



фигуралар және 

олардың жіктелуі

Геометриялық  

фигураларды: 

нүкте, түзу, қисық, 

сынық сызықтар, 

тұйықталған  және 

тұйықталмаған  

сызықтар, кесінді,   

сәуле, бұрышты  

бір-бірінен ажырату 

және атау

Геометриялық 

фигуралар: 

нүкте, түзу, 

қисық, сынық, 

тұйықталған және 

тұйықталмаған 

сызықтарды, 

кесінді, сәуле, 

бұрыштарды 

ажыратады және 

атайды

Білу және түсіну



Жазық фигураларды 

(үшбұрыш, 

дөңгелек, шаршы, 

тіктөртбұрыш) және 

кеңістік   

фигураларды (куб,  

шар, цилиндр, 

конус, пирамида, 

тікбұрышты 

параллелепипед) 

тану және қоршаған 

 ортадағы заттармен 

сәйкестендіру

Жазық 


фигураларды 

(үшбұрыш, 

дөңгелек, шаршы, 

тіктөртбұрыш) 

және кеңістік  

фигураларды 

(куб,  шар, 

цилиндр, конус, 

пирамида) таниды 

және атайды

Білу және түсіну

Жазық және 

кеңістік 

фигураларды 

ажыратады

Фигураларды 

қоршаған 

ортадағы 

заттармен  

сәйкестендіреді

Қолдану 

Геометриялық 

фигураларды 

кескіндеу және 

салу

Жазық 


фигуралардың 

модельдерінен және 

бөліктерінен  

композиция 

құрастыру

Геометриялық  

фигураларды  

композицияның 

бөлігі ретінде  

құрастырады 

және атайды. 

Қолдану 


Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  -  бұл  белгілі  бір 

материалды  меңгеруді  аяқтаған  кездегі  оқу  жетістігін  бағалау.    Аталған 

бағалауды  сабақ  үстінде  15-20  минут  уақытты  алатындай  мерзімде 

ұйымдастыру ұсынылады. 



24

Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  мысалы 

5-кестеде берілген. 

5-кесте. «Математика» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалаудың үлгісі, 1-сынып

Бөлім/Тақырып:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу



Бөлімше: 

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу 

Санды және әріпті өрнектер

Есептер және математикалық модель



Оқу мақсаты:

Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен 

теңсіздікті айыра білу.

Әріптің берілген мәніндегі  бір амалды әріпті өрнектің мәнін 

табу.

Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.



Қосынды және қалдықты табуға берілген  есептерді талдау және 

шығару, кері есеп құрастыру және шығару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет