Бастауыш сынып



жүктеу 366.61 Kb.

бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі366.61 Kb.
  1   2   3

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ 

АРНАЛҒАН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ 

БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ  

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Астана, 2016

Оқу-əдістемелік құрал


«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП  

МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН 

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ БОЙЫНША 

НҰСҚАУЛЫҚ

Оқу-әдістемелік құрал

Астана, 2016



ӘОЖ 371. 32

КБЖ 74. 202. 5

Б26

Пікір білдірушілер:

М.Н.Сарыбеков –  п.ғ.д,  профессор,  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз 

мемлекеттік университеті



К.М.Кертаева

–    п.ғ.д.,  профессор,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық университеті

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша 

нұсқаулық:  Оқу-әдіст.  құрал  /«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

/О.И.Можаева,  А.С.Шилибекова,  Д.Б.Зиеденованың  редакциясымен.  

- Астана, 2016. -  48 б.

ISBN 978-601-7905-72-9

Бұл  нұсқаулықта  критериалды  бағалау  жүйесінің  терминдері  мен 

анықтамалары, қағидалары берілген. Білім алушылардың оқу жетістіктерін, 

қалыптастырушы,  жиынтық  бағалаудың  үдерістерін  жоспарлау, 

ұйымдастыру кезінде мұғалімге көмек болатындай, тәжірибелік ұсыныстар 

мен тоқсандық, жылдық баға қою механизмдері көрсетілген.

Аталған нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, 

аудандық/қалалық  білім  беру  бөлімдерінің  әдіскерлеріне,  білім  беру 

басқармалары мен педагогикалық қауымға арналған.

ӘОЖ 371.32

КБЖ 74. 202.5

ISBN 978-601-7905-72-9

© «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2016


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ............................................................................................................4

1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ......................................................5

2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 

(ПРИНЦИПТЕРІ) .............................................................................................7

3КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ   ........................8

4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ  ..................................12

4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі .......................................................13

4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру ......13

4.1.2 Кері байланыс беру ..........................................................................17

4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің талдауы ......................18

4.2 Жиынтық бағалау үдерісі .....................................................................20

4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау ..................20

4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 

жоспарлау және ұйымдастыру ...............................................................20

4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

нәтижелерінің талдауы ...........................................................................25

4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі ......................................28

4.2.2.1 Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және  

ұйымдастыру ...........................................................................................28

4.2.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы ............30

4.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 30  

5 БІЛІМ АЛУШЫ ПОРТФОЛИОСЫ    .......................................................32

6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ ........................................................................33

6.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою ......................................34

6.2 Тоқсандық баға қою ..............................................................................34

6.3 Жылдық баға қою ..................................................................................36

ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................38

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................39

ҚОСЫМШАЛАР ...........................................................................................40



4

КІРІСПЕ

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін 

бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі 

анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық 

стандарттарға  сәйкестігін  және  әр  білім  алушының  оқудағы  қажеттілігін 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Қазақстан  үшін  ұсынылып  отырған  жаңа  критериалды  бағалау  жүйесі 

білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын 

арттыруға  бағытталады.  Егер  әр  білім  алушыға  және  оның  ата-анасына 

түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін 

болса,  бұған  жетуге  әбден  болады.  Анық  құрастырылған  бағалау 

критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

•  Білім алушы оқытудың қай сатысында?  

•  Олар білім алуда неге талпынады?

•  Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?

екенін түсінеді.



Критериалды  бағалау  жүйесінің  мақсаты  бағалау  критерийлерінің 

негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу 

және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.   

Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері:

1.  Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту;

2.  Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі 

жетілдіріп отыруына жағдай жасау;  

3.  Бірыңғай  стандарттарды,  сапалы  бағалау  құралдарын,  механизмдерін 

қалыптастыруға көмектесу;

4.  Қолжетімді, нақты, үздіксіз:  

 

– білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;



 

– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

 

– ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; 



 

– басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы 

ақпараттар ұсыну.  


5

1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:  



Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз 

болатын белгі.



Бағалау  нәтижелерін  тіркейтін  электрондық  журнал  –  жиынтық 

бағалау  (бөлім/ортақ  тақырыптар,  тоқсан)  нәтижелерін  тіркейтін  және 

тоқсандық,  жылдық,  қорытынды  бағаларды  автоматты  түрде  есептеуді 

жүзеге асыратын электрондық құжат. 



Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл 

қою  бойынша  бірыңғай  норманы  белгілеу  үшін  мұғалімдер  қолданатын 

кесте.   

Білім алушы портфолиосы – пән бойынша оқу жылына білім алушының 

оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл.



Білім  алушының  оқу  жетістігінің  деңгейі  –  бағалау  критерийлеріне 

сәйкес білім алушылардың оқу жетістігін дамыту деңгейі. 



Дескриптор  –  тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  әрекетті  көрсететін 

сипаттама.   



Жиынтық  бағалау    –  оқу  бағдарламасындағы  бөлімдер/ортақ 

тақырыптар  бойынша  белгілі  бір  оқу  кезеңі  (тоқсан/триместр,  оқу  жылы) 

аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. 

Жиынтық  жұмыс  –  оқудың  белгілі  бір  кезеңінде  пән  бойынша  білім 

алушылардың  оқу  жетістігі  деңгейін  анықтауға  арналған  білім  алушылар 

жұмысы.   

Кері байланыс – белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, 

пікір білдіру. 



Критериалды  бағалау  –  белгіленген  критерийлер  негізінде  білім 

алушылардың  нақты  қол  жеткізген  нәтижелерін  оқытудың  күтілетін 

нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік 

беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз 

етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.


6

Модерация – бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін 

қойылған  балдарды  стандарттау  мақсатында  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс. 

Ойлау  дағдыларының  деңгейлері  –  әрбір  деңгейі  ойлау  дағдыларын 

анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық 

өзара байланыстағы жүйесі.

Оқу  бағдарламасының  ортақ  тақырыбы  –  нақты  пән  бойынша  оқу 

мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін 

құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.

Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы 

аралығында  білу,  түсіну  және  дағды  жетістіктеріне  қатысты  күтілетін 

нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым. 

Оқытудың  күтілетін  нәтижелері  –  білім  алушының  оқу  үдерісі 

аяқталған  кезде  нені  біліп,  түсініп,  нені  көрсете  алатынын  айқындайтын 

құзыреттіліктер жиынтығы. 

Рефлексия  –  қайта  ойлауға  және  өз  әрекетінің  нәтижелеріне  талдау 

жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.



Рубрика  –  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  білім  алушылардың  оқу 

жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі. 



Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  –  тоқсандық 

жиынтық  бағалаудың  мазмұны  мен  құрылымын  құрастыруға  және  оны 

өткізуге қойылатын талаптар. 

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар – білім алушының қабілетін есепке ала 

отырып,  дифференциациялық  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  қолданылатын 

күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.


7

2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ 

(ПРИНЦИПТЕРІ)

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге)  сәйкес 

жүзеге асырылады: 

•  Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас 

бір  бөлігі  болып  табылады,  ол  оқу  бағдарламасындағы  мақсаттармен, 

күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты. 

•  Шынайылық,  сенімділік  және  валидтілік.  Бағалау  дәл  және  сенімді 

ақпаратты  ұсынады.  Қолданылатын  критерийлердің,  құралдардың  оқу 

мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі 

болады. 


•  Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды 

ұсынады,  сондай-ақ,  барлық  оқу  үдерісіне  қатысушылардың 

қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 

•  Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер 

кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс 

болып табылады. 

•  Дамуға  бағыттау.  Бағалау  нәтижелері  білім  алушылардың, 

мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды 

және ынталандырады. 

 


8

3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ  

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, 

бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады (1-сурет). 

1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны 

Критериалды  бағалау  жүйесінің  мазмұны  төмендегідей  нұсқаулық-

әдістемелік құжаттар арқылы реттеледі:

• Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш

білім беру стандарты;

• Оқу бағдарламасы;

• Оқу жоспары;

• Жалпы  бастауыш  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын,  білім

беру  ұйымдарындағы  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  критериалды

бағалауды өткізу тәртібі;

• Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша

нұсқаулық;

• Критериалды  бағалау  бойынша  өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне

арналған нұсқаулық;

• Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;

• Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар.



ҚР МЖМББС 

Білім беру аясында білім алушылардың дайындық деңгейлеріне қойылған 

талаптар (күтілетін нәтижелер Б. Блум таксономиясына негізделген)

Пән бойынша оқу бағдарламалары 

Пән бойынша оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер 



Қалыптастырушы және жиынтық бағалау 

критерийлерге негізделген 



Бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз 

болатын белгі 



Түрлі деңгейдегі тапсырмалар 

Кері байланыс 

күнделікті 

тәжірибе 

Балдар

әр бөлім және 

тоқсанды аяқтау 

бойынша 


Ойлау 

дағдыларының 

деңгейлері 

әр бөлім және 

тоқсанды аяқтау 

бойынша 


Бағалау 

оқу жылын аяқтау 

бойынша 

Ойлау дағдыларының деңгейлері: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, 

бағалау


Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым

Ба

ға



ла

у 

ст



ан

дар


тт

ар

ы



Ба

ға

ла



у 

үд

ер



іс

і

Ба



ға

ла

у 



құ

ра

лд



ары

Нә

ти



ж

ес

і



9

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті 

бастауыш білім беру стандарты

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш 

білім  беру  стандарты  (бұдан  әрі  -  ҚР  МЖМББС)    бойынша  білім 

алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың  

оқу  жүктемесінің  ең  жоғарғы  көлемін,  оқу  мерзіміне  қойылатын  жалпы 

талаптардың жиынтығын анықтайды. 

Бағалаудың  стандарты  болып  табылатын  күтілетін  нәтижелер  пәндер 

бойынша  ҚР  МЖМББС-нда  таксономиялық  тәсіл  арқылы  ұсынылды. 

Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім 

алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы 

анықталады.  

Оқу бағдарламасы

Оқу  бағдарламасы  әр  пәннің  мақсатын,  құндылықтарын  белгілейді, 

мұғалімнің  ұстанымына  сәйкес  педагогикалық  тәсілдерді  қысқаша 

сипаттайды.  Бұл  құжат  әр  пәннің  құрылымы  мен  мазмұны  туралы 

ақпараттарды  қамтиды.  Оқу  бағдарламасының  мазмұны  бөлім,  бөлімше, 

ортақ тақырыптар бойынша берілген. 



Оқу жоспары

Оқу  жоспарында  оқу  бағдарламасының  мазмұны  пәндер  бойынша 

оқытудың  ұсыныстары  сыныптар  арқылы  көрсетілген.  Мұғалімдер  оқу 

жоспарында  көрсетілген  іс-шаралар  түрлерін  білім  алушылардың  оқу 

бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне 

көз жеткізу үшін қолдануына болады.  

Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу 

мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің 

болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды 

қолданады.  



Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын 

білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін 

критериалды бағалауды өткізу тәртібі  

Құжатта  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  бастауыш  білім  беру 

стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін 

және  апробацияланатын  Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білім  беру 



10

ұйымдарындағы  білім  алатын  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 

бағалауды  ұйымдастыру,  өткізу  тәртібі  анықталады  және  төмендегідей 

бағалау рәсімдерімен реттеледі:

•  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалауды  ұйымдастыру,  өткізу 

рәсімдері;

•  тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері; 

•  тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері;

•  білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.

Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  бастауыш  сынып 

мұғалімдеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 

нұсқаулық  

Критериалды  бағалауға  арналған  нұсқаулық  жаңартылған  білім  беру 

мазмұнын  енгізу  аясында  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау 

бойынша  мұғалімнің  іс-әрекетіне  өзгерістер  енгізудің  теориялық  және 

тәжірибелік  негізін  анықтайды.  Берілген  ұсыныстар  бағалау  рәсімдерін, 

олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы 

қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Критериалды  бағалау  бойынша  өңірлік  және  мектеп 

үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық 

Әрбір  қалалық/аудандық  білім  беру  бөлімдерінде,  мектептерде 

критериалды бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіретін жауапты тұлғалар 

тағайындалады.  Өңірлік  үйлестірушілер  қалалық/аудандық  білім  беру 

бөлімдерінің  әдіскерлерінің  ішінен,  мектепте  жалпы  білім  беретін  мектеп 

директоры орынбасарларының ішінен анықталады. Үйлестірушілердің негізгі 

рөлі бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқаруды, қалыптастырушы және 

жиынтық бағалаудың рәсімдерін, үдерістерін жүзеге асыру үшін әдістемелік 

қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. 

Өңірлік  және  мектептегі  үйлестірушілер  үшін  критериалды  бағалауға 

арналған нұсқаулық педагогикалық өлшеулер төңірегінде білім беру саясатын 

дамытуды,  өңір,  облыс  және  мектеп  деңгейінде  оны  жүзеге  асырудың 

негізгі қағидаттарын, жолдарын қамтып көрсететін құжат болып табылады. 

Нұсқаулықта бағалау үдерісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің негізгі 

бағыттары  мен  тәжірибелік  ұсыныстар  үйлестірушілерге  көмек  ретінде 

берілген.   



11

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 

Жинақта  оқу  бағдарламасындағы  барлық  оқу  мақсаттары  бойынша 

қалыптастырушы  бағалауды  өткізуге  арналған  тапсырмалар  үлгілері 

дескрипторлармен бірге ұсынылған. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, 

білім  алушылардың  мүмкіндігін,  қажеттіліктерін  есепке  ала  отырып, 

бейімдеуге болады.  



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар  

Әдістемелік  нұсқаулықта  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және 

тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу жолдары көрсетілген. 

Құжатта төмендегідей ақпараттар берілген:    

•  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын 

құрастыруға қатысты ұсыныстар;

•  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалаудың  балмен, 

дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері; 

•  тапсырмаларды  құрастыру,  рәсімдерді  өткізу  бойынша  тоқсандық 

жиынтық бағалаудың спецификациясы;

•  тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге тапсырмалар 

үлгілері.  



12

4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

Оқу  жылы  барысында  оқудың  ілгерілеуі,  үлгерімі  туралы  мәліметті 

жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және 

жиынтық  бағалау  (2-сурет).  Жиынтық  бағалау  өз  кезегінде  бөлім/ортақ 

тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі 

бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. 



Критериалды бағалау

Қалыптастырушы бағалау 

Бөлім/ортақ тақырыптар  

бойынша жиынтық бағалау 

Жиынтық бағалау 

Тоқсандық жиынтық бағалау

Білім беру деңгейлері 

бойынша қорытынды 

жиынтық бағалау 

2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы

Бағалау  тәсілдері  критериалды  бағалаудың  түрлеріне,  пән  мазмұнына 

қарай ерекшеленуі мүмкін. 

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып 

табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. 

Қалыптастырушы    бағалауда  баға,  балл  қойылмайды,  мұғалім  мен  білім 

алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы 

бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. 

Бұл  білім  алушылардың  мүмкіндігін  анықтауға,  қиыншылығын  табуға, 

оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге 

мүмкіндік береді.  



Жиынтық  бағалау  мұғалімдерге,  білім  алушылар  мен  ата-аналарға 

ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, 

баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы, орта 

білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі.    

Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін 

анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.   

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалімдер оқу 

үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау (1-қосымша), өзінің оқыту тәжірибесін 

жетілдіру үшін қолданады. 


13

4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы 

кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей 

әсер ететін үдеріс болып табылады.   

Тиімді оқыту мақсатында білім алушылардың оқу үдерісіндегі ілгерілеуін, 

ағымдағы түсінік деңгейін қадағалау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың 

міндеттері: 

•  оқу  мақсаттарын,  бағалау  критерийлерін  анықтау,  білім  алушыларға 

ұсыну;

•  білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен 



(коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;

•  білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) 

кері байланысты қамтамасыз ету;

•  білім  алушыларды  бірін-бірі  бірлесе  оқытудың  сапалы  көзі  ретінде 

қатыстыру;

•  білім  алушыларға  өзінің  оқуын  «құрушылар/жасаушылар»  ретінде 

жағдай жасау болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол 

қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Оқу 

бағдарламасындағы  бөлімнің  әрқайсысындағы  оқу  мақсаттары,  күтілетін 

нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. 

Сонымен  бірге  қалыптастырушы  бағалау  үдерісі  стандартталмайды,  яғни 

әр мұғалім өз бетінше қалыптастырушы бағалауды өз тәжірибесі арқылы 

анықтай  алады,  оның  нәтижесіне  қатысты  жауапкершілікті  өз  мойнына 

алады.  Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі 

кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:  

•  қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;

•  қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

•  қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

•  кері байланыс беру.



4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 

Қалыптастырушы  бағалау  үдерісінде  мұғалім  оқу  бағдарламасындағы 

барлық  оқу  мақсаттарын  қамтуы  тиіс.  Мұғалімдерге  көмек  ретінде 

қалыптастырушы  бағалаудың  тапсырмалар  жинағы  дайындалған,  онда 

оқу  мақсаттарына  сәйкес  бағалау  критерийлері,  дескрипторларымен  бірге 

тапсырмалар үлгілері берілген.




  1   2   3


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал