Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқыту тойбазарова Нагимаш Амирхановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент «Академиялық ұтқырлық және аккредитация»



бет2/4
Дата20.04.2022
өлшемі39,93 Kb.
#31630
1   2   3   4
Байланысты:
Статья Тойбазарова Н.А.

Кілт сөздер: дамыта оқыту технологиясы, әдістері, белсенділікті арттыру, жаттығулар жүйесі, «жаңалық ашу».
Кіріспе. Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер заман талабына сай жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеуді көздейді. Мұндағы мақсат – әлемдік білім кеңістігінде жинақталған жетістіктерді меңгере отырып, сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуге үлес қоса алатын, рухани салауатты, кәсіби құзыретті және өмірлік маңызды ұлттық құндылықтарды терең түсіне білетін мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу. Ол үшін осындай тұлғаны тәрбиелейтін мектеп үнемі құбылып тұратын әлемде табысты болуға қабілетті адамға негіз салуға тырысуы қажет. Осыған байланысты жылдам өзгеретін әлемде оқушыларды оқытуға неғұрлым бағытталған білім беру модельдерін әзірлеу үшін орта білім саласындағы үздік отандық және халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесінде мектеп тәжірибесіне оқытудың жаңаша әдістері мен технологиялары, бағалаудың объективті жүйесі енгізілуде.

Сондай педагогикалық технологиялардың бірі – Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу – мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлікті талап етеді. Дамыта оқыту жүйесінің теориясын толық меңгеріп, оны шығармашылықпен тәжірибесіне енгізе білсе, мұғалім оқушылардың білім сапасын арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Дамыта оқыту теориясы өз бастауын И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин еңбектерінен алады. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л.С.Выготский есімімен байланысты қалыптасты. Өз еңбегінде Г.К.Селевко: «В 1996 году Министерство образования России официально признало существование систем Л.В.Занкова и Д.Б.Эльконина – В.В.Давыдова. Остальные развивающие технологии имеют статус авторских, альтернативных», – деп көрсетеді [1].

Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Яғни басты мақсат – әр балаға жеке тұлға деп қарап, оның білім алуға деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру болып табылады [2].

Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән бағалы, қызықты болғанмен, мұғалім оқушының белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын оята алмаса, берген білімнен жақсы нәтиже күтуге болмайды. Сонау XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: "Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер" деген екен. Олай болса бастауыш сынып мұғалімінің сабақ берудегі іс-әрекеті жаңадан жаңаны ойлап табатын шығармашылыққа, креативтілікке бағытталуы керек. Осыған орай қазіргі білім беру жүйесіндегі міндеттерді ескере отырып, бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесінің теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылмауы, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту әдістемесі» деп анықтауға негіз болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет