Зерттеу жұмысының мақсаты. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін айқындай отырып, қазақ тілі пәнін дамыта оқыту әдістемесін жасау және оқытудың тиімді әдістерін ұсыну.
Зерттеу нысаны – Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқыту арқылы оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқытудың ғылыми негіздерін белгілеу;
қазақ тілі пәнін дамыта оқыту әдістемесінің бастауыш сыныптар үшін тиімді түрлерін сипаттап айқындау, белгілеу, жүйелеу;
бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту әдістерін кеңінен қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында тәжірибе өткізу;
бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқыту әдістемесін жасап, ұсыну.
Әдістеме. Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім оқыту материалдарында берілетін білім мазмұнын «бар, өзгермейтін, даяр» нәтиже ретінде беретін болса, дамыта оқыту үдерісінде оқушыны білімді біріге іздейтін, әсіресе, оқушының өзіне «жаңалық ашу» мүмкіндігін жасайтын әдіс алдыңғы орын алады. Осыған орай, қазақ тілін дамыта оқытуда төмендегідей оқыту әдістерін жүйелеп, оларды түрлендіре, орын ауыстыра отырып қолдануға тырыстық:
Анализ
Синтез
Дедукция
Индукция
Модельдеу
Тілдік эксперимент
Салыстыру
Бақылау
Ойын әдістері [3].
Осындай әдістер арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі жоғарылап, білім алу сапасының көрсеткіштері де биіктей түседі.
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында дамыта оқыту әдістерін қолдану негізінде оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамытуға және ізденімдік-зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған арнайы жаттығулардың мәні зор. Осы орайда қазақ тілін дамыта оқытуға арналған ШИРАТУ жаттығуларының жүйесі жасалып, сабақ жоспарлары құрылып мектеп тәжірибесіне енгізілді [4].
Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқытудың тиімділігін анықтау мақсатында арнайы тәжірибе алаңы ретінде Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясы алынып, эксперимент жұмыстары жүргізілді. Осы мектептің 2 «а» сыныбы (20 оқушы) эксперимент сыныбы, ал 2 «ә» сыныбы (20 оқушы) бақылау сыныбы ретінде алынып, экспериментке барлығы 40 оқушы қатысты.
Тәжірибелік-педагогикалық эксперимент жұмысы үш кезеңді қамтыды. Әр кезеңнің мақсаттарына сәйкес 2-сыныптың қазақ тілі пәнінің мазмұны негізінде ШИРАТУ жаттығулары құрастырылып, төмендегідей әдістемелер ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |