Бастауыш сыныпта шығарма жазу жұмысын қалаптастыру


І.Дайын әңгіме бойынша мазмұндама



бет2/3
Дата07.11.2022
өлшемі23,84 Kb.
#48262
1   2   3
І.Дайын әңгіме бойынша мазмұндама белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама көлемі шағын, мазмұны жеңіл әңгімелер арқылы жүргізіледі.
Дайын әңгіме бойынша жазылатын мазмұндаманың І түрі сұрақтар арқылы жазу. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұраулардың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатпен қамтиды.
ІІ түрінде мәтіннің мазмұн тәртібі сақталады да, сыртқы түрі аз-кем өзгертіліп жазылады. Мазмұндаманың бұл түрінде балалар қойылған сұрақтардың кейбір сөздерін қайталайды да, негізінен сұрақтарға өз сөздерімен жауап қайтарады.
ІІІ түрі мәтін мазмұнын сақтай отырып, сыртқы түрін өзгертіп жазу. Мұнда оқушылар І жақпен баяндалған оқиғаны ІІІ жақпен немесе керісінше мазмұндап береді.
IV түрі – ықшамдап жазу. Бұл кейде әдістемелік әдебиеттерді қысқаша түрде мазмұндау деп те қолданылады. Мұнда оқушылар мәтінді емін-еркін игеріп, қажетті жерін алып, өз ыңғайына икемдеп, қажетсіздерін қалдырады.
V түрі – толықтырып мазмұндау. Бұл ықшамдап мазмұндауға керісінше, аз сөзден көп мағына тудыру, берілген сөйлемдердің төңірегінде жаңа ойлар тапқызу мақсатында жүргізіледі.
ІІ. Сурет бойынша мазмұндама. Мұнда балалар суреттің мазмұнын түсінуге үйренеді. Мазмұндаманың бұл түрін де бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
1.Дайын сурет бойынша мазмұндама. Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сол сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманың түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бір сурет арқылы да жаздырылады.
Сурет бойынша мазмұндаманың ІІ түрі оқылған мәтінді бейнелейтін суреттер арқылы ұйымдастырылады. Бұл үшін алдымен мұғалім мәтін таңдап алады. Мазмұндаманың бұл түрі – балаларды мәтіннің жігін ажырата білуге, алдағы уақытта мәтінге жоспар жасауға дағдыландырады.
Бастауыш сыныпта сурет бойынша жазылатын мазмұндаманың мынадай түрлерін қолдануға болады:

  1. Орын ауыстырылып берілген сөйлемдерді сурет бойынша түзету;

  2. Орны ауыстырылып берілген суреттерді мәтін бойынша түзету;

  3. Орны ауыстырылып берілген суреттерді де, мәтіндерді де оқиғаның ретіне қарай түзету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет