Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау



бет36/43
Дата31.12.2021
өлшемі433 Kb.
#22657
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту

ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  1. «Адам болам десеңіз» деп жазылған карточканы көрсетіп, осы сөйлемнің мағынасын қалай түсінетіндерін сұраймын.

  2. Ы.Алтынсариннің портретін көрсетіп, бұл кісі туралы не білетіндіктерін сұрау. Әңгімелерінде Ыбырайдың қандай ақыл-кеңес бергенін сұраймын.

  3. Ы.Алтынсарин туралы қосымша мәліметтер беру.

Ы.Алтынсарин – жазушы , ақын, педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы деп, осы сөздер жазылған карточкаларды тақтаға іліп тұрамын. Мектеп ашып, онда балаларды өзі оқытқанын және «Қазақ хрестоматиясын» жазғанын әңгімелей келе, сол оқулықтың мұқабысын суреттен көрсетемін. Осы оқулықтың бетіне «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңін жазған деп, бүгін сол өлеңімен танысатынымызды айтамын.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

  2. Сөздік жұмысын жүргізу: алса, ықыласпен тоқылық, шамнан шырақ, сиса көйлек.

  3. Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

  4. Еңбек етпесең, киім де, тамақ та, білім де болмайды,-деп қорытындылап, іштен және кезекпен дауыстатып оқытамын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет