Бастауыш сыныптар бойынша 3-сыныпқа математика пәнінен берілетін тест сұрақтары


Шаршы сал, периметрін тап, жауабын (мм) өрнекте



бет2/2
Дата26.11.2023
өлшемі25,12 Kb.
#128366
1   2
Байланысты:
Математика 3-сынып тест тапсырмалары

4.Шаршы сал, периметрін тап, жауабын (мм) өрнекте.
Қабырғалары 4 см болатын шаршы сал, периметрін тап, жауабын миллиметрмен өрнекте.
Ыдыстағы лимондар мен апельсиндер саны 3-еу, ал апельсиндер мен мандариндер саны 5- еу. Ыдыста неше лимон, неше апельсин және неше мандарин бар?
Түйе палуан 100 кг жүк көтере алады. Егер 1 литр сынаптың массасы 13 кг болса, ол ішіне сынап толтырған 8 литрлік ыдысты көтере ала ма?
Салтанаттан: Сендердің сыныптарыңда неше озат оқушы бар?—деп сұрағанда, ол былай деп жауап береді:
-Егер ең үлкен үш таңбалы саннан ең .үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы болға
Шахтада лифт алдымен 115 м жердің астына түсті,содан соң 37 м жоғары көтерілді. Бұдан кейін тағы 17 метр төмен түсіп, 19 метр жоғары көтерілді. Соңында лифт қандай тереңдікте болды?
Үш кітапта 926 бет бар. Бірінші кітапта 305 бет бар, екінші кітапта бірінші кітапқа қарағанда 35 бет кем. Үшінші кітапта неше бет бар.

Математикадан тест тапсырмасы №1. 3 сынып
1.Дүкенге 280 литр сүт әкелінді. Оның 30 литрі балабақшаға жіберілді және 3 литрлік 8 құмыра сүт сатылды.Дүкенде неше литр сүт қалды?
А) 86 л В) 226 л С ) 186 л D) 189 л
2.Тік төртбұрыштың ұзындығы 9см, ені одан 3 см қысқа. Периметрін тап .
А) 18 см В) 15 см С ) 30 см D) 6 см
3.Теңдеуді шеш: х — 78 = 12
А) 90 В) 66 С ) 78 D) 98
4.Өрнектің мәнін тап. (26-17) (2+2)
А) 6 В) 9 С ) 36 D) 17

  1. Ең кіші екі таңбалы санды тап.

А) 10 В) 0 С ) 1 D) 99

  1. 10 тоннада неше центнер бар?

А) 100 ц В) 10 ц С ) 10000 ц D) 1000 ц

  1. Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас кіші.Ағасы неше жаста?

А) 9 В) 24 С) 11 D) 10

  1. Қай қосындыларды көбейтумен алмастыруға болатынын белгіле.

А) 1+11+111 В) 17+27+12 С) 7+8+9 D) 2+2+2

  1. Бос шаршыны толтыр:

800 бірл = □ жүзд
10.Минутпен өрнекте: 2 сағ 15 мин
А) 135 мин В) 75 мин С) 120 мин D) 240 мин

  1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда қосындысы…

А) ұлғаяды В) өзгермейді С) азаяды D) білмеймін

  1. Самат пен Арман-құрдастар. Егер Арман 10-да болса, Саматтың жасын тап.

А) 5 жаста В) 7 жаста С) 10 жаста D) 8 жаста

  1. Санды разрядттық қосылғыштарға жікте: 358

А) 30+50+8 В) 300+50+8 С) 3+50+8 D) 300+5+8

  1. Шаршының қабырғасы 4 м-ге тең. Шаршының ауданын тап.

А) 25 дм² В) 16м² С) 5 м² D) 25см²
15.Дұрыс жауапты тап: 4∙4-8+3
А) 16 В) 8 С) 11 D) 5.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет