«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Жауабы (4+2)*2=12 көз бір қорапта



бет4/6
Дата09.06.2023
өлшемі328,14 Kb.
#100320
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
«Áàñòàóûø ñûíûïòàðäà ìàòåìàòèêàíû îûòó ä³ñòåìåñ³» Òåð³ñ åìåñ á (копия)

Жауабы (4+2)*2=12 көз бір қорапта
5*2=10 көз екінші қорапта
(4*2)+2*4=8+8=16 аяк
5*2=10 аяк
16-10=6 аяк

  1. 100 көлемдегі сандарды оқыту әдістемесі.

  2. Есепті шығар.

8 кг, 5 кг және 3 кг үш жүктер берілген. Осы жүктер арқылы қалай массасы төменде көрсетілгендей ұнды өлшеп алуға болады?
а) 10 кг; в) 11 кг;
б) 16 кг; г) 6 кг?
Шешуі.а) Берілген үш жүктер және массасы 11 кг ұн арқылы таразыны тепе-теңестіру керек. Бұны төмендегідей орындауға болады:
г) 6 кг+ 5кг = 8кг + 3 кг
б) 16 кг = 8 +5+3
в) 11 кг = 8 кг +3 кг
а) 10 кг +3 кг = 8кг + 5 кг

  1. Математика пәнінің базалық білім мазмұны.

  2. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды оқыту әдістемесі.

  3. Есепте.

(6656:512+28) * (1524:127-7)-150=55

  1. «Үлес» ұғымын қалыптастыру әдістемесі.

  2. Теңдеулерді шеш.

38*а+69=3945 17487:(х+56)=43+44
38*а+69=3945 17487:(х+56)=43+44
38*a=3945-69 17487/(x+56)=87
38*a=3876 x+56=17487/87
a=3876/38 x+56=201
a=102 x=201-56
38*102+69=3945 x=145
3945=3945 17487/(145+56)=43+44
87=87
«Бастауыш мектепте дүниетану мен жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



  1. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәнінің жаңа мазмұндық ерекшеліктері және материалды іріктеуге қойылатын талаптар.

Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.
Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы
Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.
Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.
Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.

  1. «Жаратылыстану» сабақтарында ұйымдастырылатын оқушылардың оқу әрекетінің түрлері.

Бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының дүниетаным көзқарастарын қалыптастыра отырып, орта білім мазмұнын меңгеруге дайындау міндетін жүзеге асыруды көздейді. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру күрделі психологиялық процесс. Таным бір жеке затты білу, не соны басқадан ажырату ғана емес, ол оқушылардың адамгершілік, мәдениеттілік, шығармашылық дағдыларының көрінісінен байқалатын біліктілік. Таным көзі - оқу, бақылау, іс¬–әрекет жасау, түрлі жұмыстар атқарып, жаттығу. Таным көлемі кеңейген сайын оқушының білімі, дүниеге көзқарасы дамиды. Психологтар көрсетіп отырған даму зоналарын ескеріп, таным шеңберін кеңейте отырып, дамуға жетелеу сабақ барысында мұғалім мен оқушы әрекетінің қабысуынан барып жүзеге асады. Бағдарламаның басты мақсаты - берілетін білім арқылы оқушылардың іскерлігін, шығармашылығын дамыта отырып, олардың жекебас құндылығын көтеру, адамгершілік тәрбиені бойына сіңіру, тұлға қалыптастырудың негізін қалау.
Әр сынып сайын берілетін білім көлемінің кеңейіп, мазмұнының тереңдеуі оған жаңа ұғымдарды қосып қатар қою есебінен емес, ең бастысы қоғамның, адамның даму заңдылықтарының жеңіл түрде қисынды жүйеленіп қарастырылуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бағдарлама мазмұны оқушылардың ұтымды дағдыларын қалыптастыруды көздеп отыр. Ал дағды дегеніміз -оқушыда қалыптасқан білікті іс жүзінде логикалық жолмен қолдана білу. Дағдының түрлері көп: ақыл-ой дағдысы ( тез ойланып, шешім қабылдай білу, тапсырманы дер кезінде орындай алу мүмкіндігі); сенсорлық дағды (байқағыштық, көргіштік, түсті айыру қабілеті, тез қабылдау); қозғалыс дағдысы ( тез орындау, шапшаң жауап беру, қимыл-әрекеті); ерік дағдысы (тыңдай білу, тәртіптілік, ырықты еріктің дамуы) т.б. Сынып сайын тереңдетілген біліммен бірге дағды да тұрақтанып, іскерлікке қарай көшеді, оқушылардың шығармашылығы күшейеді. Мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды “биологиялық және экологиялық сауатты тұлға” ретінде дайындау мақсаты көзделсе, оның бастапқы негізі бастауыш сыныпта қаланады.
Оқушының жаңа білімді меңгеру әдістеріне - мұғалімнің баяндауын тыңдауға әзірлік, мұғалімнің білімді баяндауы, мұғалімнің баяндаған пікірін ой елегінен өткізу, бекіту әрекеттерін жатқызады да, оқушылардың өздігінен жаңа білім алуын, оқушыларда бейімділік пен дағдының қалыптасуын, алған білімдерін іс жүзінде қолдану практикасын, оқушылардың шығармашылық әрекеттерін, қайталау арқылы білімді бекітуін, білімін, бейімділігін, дағдысын тексеруді жеке-жеке әдістер тобына жатқызады. Бұл топтау оқыту әдістерінен гөрі оқыту барысында ұйымдастырылатын жұмыстар түріне жатады. Бұған қарап, оқыту барысында қолданылып келген сөздік, практикалық әдістерді білім берудің әр кезеңіне қарай топтастырғанын көреміз. Мәселен, қайталау арқылы оқушылардың білімдерін бекіту кезінде сөздік әдіс те, практикалық әдіс те, көрнекілік әдіс те қолданылуы мүмкін. Оқушылардың оқу әрекеті қиындатылған ситуацияларды шешуге, теориялық білімдерін көтеруге бағытталады. Логикалық ойдың қатысымен меңгерген білім, негізінде, оқушыларды білімнің пайдасын, енді нені үйрену керектігін сезінуге жетелеп, өзі атқарған жұмысын еркін талдап, оқып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыландырады. Мұғалім мен оқушы арасында адамгершілік, ізгілік қатынас пайда болып, баланың ішкі мүмкіндігін ашуға, белсенділігін арттыруға, өзіне сенімін күшейтуге негіз салады. Оқу әректінің түрлерін төмендегідей жіктейміз:
1. Оқытушымен –оқушының арасындағы қарым-қатнас (оқытушының сұрақтарына жауап бергенде);
2. Сабаққа қатысып отырған өзге адамдармен арадағы қарым-қатнас;
3. Басқа оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
4.Шағын топтармен арадағы қарам-қатнас ( 3-5 оқушы арасында);
5. Үлкен топтармен арадағы ( рөлдік ойындар, дебат, тақырыптық талқылаулар т.б.).
6. Оқушылар және жұртшылық топтарымен ( әлеуметтік сауалнама жүргізгенде);
7. Техника түрлерімен ( компьютер, кинофильм т.б.).
Мұндай әрекеттестік негізінде оқушылар оқу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік алады өзшешімдерінің дұрыстығына көз жеткізеді, тіпті болмағанда оның басқа жобалардан гөрі артықшылығын байқауға логикалық түрде түсінеді. Сонымен қатар оқушы өз пікірін тереңірек қарастыруға тырысады. Жүйесіз құрылған шешім бағыты жұмыс барысында, пікір алмасу кезінде байқалып қалады. Мұның өзі оқушының ізденуіне негіз салады. Оқушылар мәселені шешу кезінде пікірлескендіктер, бір-бірінен үйреніп, бірінің-тәжірибесін бірі қабылдайды.

  1. «Дүниетану» пәнін оқытуда топсаяхаттардың алатын орны. Топсаяхат түрлері.

Александр Александрович Половинкин (1887-1955) бастауыш сыныптарда географияны оқытудың негізін салушы. Москва мемлекеттік университетінің оқытушысы және әдіскер ретінде бастауыш сыныптарда географияны жергілікті өлке тану негізінде оқытудың және бұл сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттырудың жолын көрсетті. Географияны оқытуда тікелей қоршаған ортаға топсаяхатқа шығу, план мен картаны пайдалану және әр түрлі сызбаларды кеңінен қолдану жағына көңіл бөлді.
Константин Антонович Сангайло (1890-1961) да бастауыш сыныпта географияны оқытудың әдістемелік мәселелеріне аса көңіл бөліп, сабақ барысында план мен картаны пайдалану, срамандық жұмыстар ұйымдастыру, топсаяхатқа шығып, жергілікті жердің табиғатын бақылау, өлкетану негізінде халық шаруашылығының түрлерімен танысу жақтарына көңіл бөлуді уағыздады. К.А.Сангайла көбіне көрнекі құралдар дайындау, оны пайдаланудың әдістемелік нұсқауын жазумен шұғылданды.
Бұл жоғарыда көрсетілген авторлар тобының дайындаған оқулықтары мен әдістемелік нұсқауларының қазақ мектептеріне де пайдасы орасан зор болды.
Бастауыш мектеп оқушыларының табиғат құбылыстарын бақылау қабілетін дамыту, олардың бақылау нәтижелерін сабақта пайдалану мақсатымен 1937-38 жылғы Оқу халақ комиссариаты бекіткен бағдарламаларға біраз жаңалықтар енгізілді. Бағдарламада "Тірі табиғатты зерттеудегі бір ерекшелік программада көрсетілген уақыт жеткіліксіз болғандықтан, сабақтан тысқары ірі бақылаулар жүргізу өте қажет. Өсімдіктер мен жәндіктердің өсіп-өнуін бақылау ісі уақытты көп керек қылып, мектептің тірі мүйісінде жаратылыстың өзінде ұзақ зерттеуді, мектеп участогінде түрлі тәжірибелер жасауды керек етеді" -деп көрсетті.
Бағдарламада табиғатқа шығатын топсаяхаттар, оларды ұйымдастыруға жұмсалатын уақыт, сыныптан тыс ұйымдастырылатын бақылаулар, оқу жылы бойынша қанша рет топсаяхатқа шығу керектігі, онда маңайдағы ең көп тараған өсімдіктер түрі мен жануарлар дүниесімен , жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстарымен танысудың, соларда болған өзгерістьерге бақылау жүргізу керектігі айқын көрсетілген.

  1. «Жаратылыстану» 2-сынып «Табиғат ресурстары» бөлімінде берілген мазмұнға талдау жасау.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет